Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті арасындағы Уранды байыту жөніндегі халықаралық орталықтың қызметіне Украинаның уәкілетті ұйымының қатысуы туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті арасындағы Уранды байыту жөніндегі халықаралық орталықтың қызметіне Украинаның уәкілетті ұйымының қатысуы туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
РҚАО-ның ескертуі: мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен орыс тіліндегі мәтініне қараңыз