Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1467 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінде:
      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішке өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған  жазбаша келісімі қоса беріледі.";
      10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтініш берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат өтініш берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімдерде қаралады.";
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Тиісті жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағыныстағы аумақтан өтініш берілген объектіні салуға жер учаскесін (аумақты, трассаны) беру туралы шешімі не өтініш берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі учаскені құрылысқа пайдалану рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (Облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы береді.";
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Егер инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу қажет болса, олар сәулет-жоспарлау тапсырмасына міндетті қосымша болып табылады.";
      14. 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтінішті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органына береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жергілікті атқарушы органның жаңа құрылыс үшін жер учаскесін беру (бөліп беру) туралы шешімі (учаскені пайдалануға рұқсат) немесе жергілікті атқарушы органның қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсаты;
      2) жобалауға арналған бекітілген тапсырма.
      15. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттармен қоса техникалық шарттарды алуға сұрау жібереді.
      16. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұрауды алған сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органына қосу параметрлері мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негізделген бас тартуды жібереді.
      Өтініш беруші техникалық шарттарды беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдана алады.";
      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Осы Ереженің 25-тармағында санамаланған объектілерді қоспағанда, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 8 жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.";
      21-тармақтың екінші абзацы мен 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) тұрғын ғимараттардағы (үйлердегі) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты бөліп беруді) талап етпейтін, құрастырмалардың есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаларын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы болады;
      14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес басқа да кұрылыстар.";
      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
      "25. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
      1) электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      2) тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      3) қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      4) елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      5) елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінде:
      3 және 4-тармақтардағы "және өтпелі құрылыс бойынша олардың мерзімін жыл сайынғы ұзарту" және "және өтпелі құрылыс бойынша олардың мерзімін жыл сайынғы ұзартуды" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "14 күнтізбелік күннен" деген сөздер "7 жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген  құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады. Егер объект нормативтік ұзақтық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға міндетті.
      Құрылысты жалғастыруға арналған жаңа рұқсат өтініштің және тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, қоса берілетін құжаттардың негізінде беріледі.";
      11-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақтың екінші абзацындағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бір бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не үй-жайлардың немесе ғимараттың бөліктерінің меншік иесінің (меншік иелерінің) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;";
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Объектінің құрастырмалары мен функционалдық мақсатын өзгертпей, жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтау құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмай-ақ, жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады