Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 қазандағы N 1551 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ "орналастыру" деген сөзден кейін "және қайта бөлу" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында:
      "Пайдаланылатын анықтамалар" деген 1-бөлімде:
      "Игеру кезеңі" деген жолдағы "Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік айды білдіреді;" деген сөздер "Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 2009 жылғы 15 қазанды қоса алғанға дейінгі кезеңді білдіреді;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қорытынды ережелер" деген 16-бөлімде:
      ", мұндай өзгерістер Тараптар тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 8 қазандағы
N 1551 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 179 қаулысымен   
бекітілген      

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
шарттар жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі
және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта
бөлу лимиттері

Р/с
N

Ұйымның атауы

Қаражатты бастапқы бөлу (млрд. теңге)

2009 жылғы 1 шілдеден бастап салымның игерілмеген бөлігін қайтарып алу сомасы (млрд теңге)

Қаражатты жаңадан қайта бөлу (млрд. теңге)

1.

"Қазкоммерцбанк" АҚ

24


24

2.

"БТА Банкі" АҚ

40

3

37

3.

"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ

24

3,5

20,5

4.

"Альянс Банк" АҚ

14

3,1

10,9

5.

"Темірбанк" АҚ

3


6

6.

"ЦентрКредитБанк" АҚ

3


4,3

7.

"Kaspi Bank" АҚ

3


4

8.

"Еуразиялық Банк" АҚ

3


4

9.

"АТФ Банкі" АҚ

3


4,3

10.

"ЦеснаБанк" АҚ

3


4

11.

"Нұрбанк" АҚ



1


Жиыны

120

9,6

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады