2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге және 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1584 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жобалар:
      1) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы" қосымша келісім (бұдан әрі - Қосымша келісім);
      2) "2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шарт (бұдан әрі - Шарт) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қосымша келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Шарт жасасуға өкілеттік берілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 13 қазандағы
N 1584 қаулысымен  
мақұлданған     

2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы шарт

Астана қаласы                                2009 жылғы "__" ______

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және бұдан әрі "Облигацияларды ұстаушылардың өкілі" деп аталатын "АТФ Банк" акционерлік қоғамы, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы осы Шартты (бұдан әрі - Өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы шарт) жасасуға уағдаласты:
      1. 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      2-тараудың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кепілгер Эмитенттің инфрақұрылымдық облигацияларын атаулы құнына тең 18830000000 (он сегіз миллиард сегіз жүз отыз миллион) теңге сомасындағы міндеттемесін және орналастырылған облигацияларға есептелетін сыйақыны (мүдде) орындауға субсидиялық жауапты болады".
      3-тараудың 4-тармағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) Осы шартқа Өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы шартқа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Эмитентке және Кепілгерге Эмитенттің арнайы қызмет көрсету шотында қаражатты шоғырландыру кестесін келісу үшін ұсынуға;
      5) ай сайын есептен кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаражатты шоғырландыру кестесіне сәйкес Эмитенттің арнайы қызмет көрсету шотында қаражатты шоғырландыру жөніндегі міндеттемелерін орындауы туралы есепті Кепілгерге беруге".
      2. Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      Қаралмаған талаптар бөлігінде "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шарт өзгеріссіз қалады.
      3. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір-бір данадан екі данада жасалды.

Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері

Кепілгер:                          Облигацияларды ұстаушылардың
                                   өкілі:

Қазақстан Республикасының Үкіметі  "АТФ Банк" АҚ,
атынан Қазақстан Республикасы      Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Қаржы министрлігі                  Фурманов к-сі, 100,
010000, Астана қ., Жеңіс даңғ., 11 тел. 2503 040, факс 2501 995
СТН 031 400 129 686                Банктік деректемелері:
БСК 195 301 070                    БСК 190 201 125
ЖСК 000120200 КБЕ 11               СТН 600 900 079 718
Астана қаласының Қазынашылық       кор. шот N800161226 УУМО ҚР ҰБ
департаменті

Қазақстан Республикасының         "АТФ Банк" АҚ-тың
Қаржы министрі                    Басқарма төрағасы
Б.Б. Жәмішев                      А.А. Пикер

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 13 қазандағы
N 1584 қаулысымен  
мақұлданған      

2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе
облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және
пайдалану туралы концессиялық келісімге
өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім

Астана қаласы                             2009 жылғы "__" _________

      Бұдан әрі "Құзыретті орган" деп аталатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі атының Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев бірінші тараптан және бұдан әрі "Концессионер" деп аталатын "Батыс транзит" акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін басқарма төрағасы Асқар Кежекұлы Ысқақов екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1217 қаулысымен мақұлданған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы осы Қосымша келісімді (бұдан әрі - Қосымша келісім) жасасты:
      1. "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1217 қаулысымен мақұлданған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге (бұдан әрі - Концессиялық келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6-тараудың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Үкімет Құзыретті орган тұлғасында Концессионермен бірлесіп "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге "Қаржы-экономикалық модель" қосымшасының 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сомада осы Келісім шеңберінде шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар жөніндегі кепілгерлікке сай міндеттемелерді орындау үшін субсидиарлық жауапкершілікте болады";
      Концессиялық келісімнің қосымшасында:
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) инфрақұрылымдық облигациялық қарыздың мөлшері қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийінде 18830000000 (он сегіз миллиард сегіз жүз отыз миллион) теңгені және орналастырылған облигацияларға есептелетін сыйақыны (мүддені) құрайды".
      2. Қосымша келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Қаралмаған талаптар бөлігінде "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1217 қаулысымен мақұлданған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім өзгеріссіз қалады.
      3. Қосымша келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде, әрбір Тарап үшін бір-бір данадан екі данада жасалды.

Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктің деректемелері:

Құзыретті орган:                 Концессионер:

Қазақстан Республикасы           "Батыс транзит"
Энергетика және минералдық       акционерлік қоғамы
ресурстар министрлігі

010000, Астана қ.,               050008, Алматы қ, Алмалы ауданы,
Қабанбай батыр көшесі, 22        Шевченко көшесі, 162-Ж
СТН 031400129613                 СТН 600400554861
БСК 195 301 070                  БСК 190501956
ЖСК 000120200                    Алматы қаласының
Астана қаласы бойынша            "АТФ Банк" АҚ филиалындағы
Қазынашылық департаменті         е/ш 08546789

Қазақстан Республикасының        "Батыс транзит" АҚ-ның
Энергетика және минералдық       басқарма төрағасы
ресурстар министрі               А.К. Ысқақов
С.М. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады