Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1590 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 776 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.03 N 776 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы  N 1210 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының "Бюджеттік бағдарламалар" деген 6-бөлімінің 1-қосымшасында:
      5-бағанда:
      "Барлығы" деген жолдағы "67460055" деген сандар "67459290" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар" деген жолдағы "9769505" деген сандар "9768740" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетикалық кешен, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергетикасын пайдалану саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" деген жолдағы "1454230" деген сандар "1453465" деген сандармен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының "Бюджеттік бағдарламалар" деген 6-бөлімінің 2-қосымшасында:
      "Басқалары" деген 6-бөлімде:
      4-бағанда:
      "Барлығы" деген жолдағы "2341421" деген сандар "2340656" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетикалық кешен, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергетикасын пайдалану саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" деген жолдағы "1454230" деген сандар "1453465" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Барлығы (29 бағдарлама)" деген жолдағы "67460055" деген сандар "67459290" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ағымдағы (19 бағдарлама)" деген жолдағы "9769505" деген сандар "9768740" деген сандармен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының "Бюджеттік бағдарламалар" деген 6-бөлімінің 3-қосымшасында:
      "001 бюджеттік бағдарлама Қызметтер" деген кестеде:
      2, 6-бағандардағы "Сан көрсеткіштері" деген бірінші жолда "349" деген сандар "347" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар" деген жолдың 6-бағанындағы "1454230" деген сандар "1453465" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады