Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1634 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Екібастұз және Қарағанды-Теміртау өнеркәсіптік аймақтарын 2009 жылдың күзгі-қысқы маусымында сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электр энергиясын сатып алуы және тасымалдауы үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1217160000 (бір миллиард екі жүз он жеті миллион бір жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады