Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1642 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басымдықтарына сәйкес басқарудағы дара басшылық қағидатын жүзеге асыру, басқару және даму мәселелерін шешуді орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Университет клиникасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Университет клиникасы" акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Университет клиникасы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.
      4. "Орталық жол ауруханасы", "Көліктік медицина қызметі" және "Университет клиникасы" акционерлік қоғамдары осы қаулының 1-3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірігу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
      5. Қоғам қызметінің негізгі мәні халыққа медициналық көмек көрсету болып айқындалсын.
      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.
      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 22 қазандағы
N 1642 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлімде:
      "21-104. "Орталық жол ауруханасы" АҚ" деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "21-116. "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" АҚ";
      "Алматы қаласы" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 123-19, 123-125-жолдар алынып тасталсын.
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 293, 294 және 295-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-1-жолмен толықтырылсын:
      "295-1. "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" АҚ".
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. "Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мауысымдағы N 543 қаулысында:
      1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "Оқу-клиникалық орталық" деген сөздер "Университет клиникасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады