Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1646 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен. 

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақта:
      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;";
      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;";
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1), 99-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;";
      "99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;".
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады