"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қазандағы N 1659 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат; 2007 ж., N 18, 197-құжат; 2008 ж.,  N 23, 212-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2009 жылғы "__"______
N __ Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің
тізбесі

1. Ішкі әскерлер күні                 - 10 қаңтар
2. Геолог күні                        - сәуірдің бірінші жексенбісі
3. Ғылым қызметкерлерінің күні        - сәуірдің үшінші жексенбісі
4. Кенге жатпайтын өнеркәсіп және     - сәуірдің төртінші жексенбісі
   құрылыс индустриясы                 
   қызметкерлерінің күні
5. Отан қорғаушы күні                 - 7 мамыр
6. Ақпараттандыру және байланыс
   қызметкерлерінің күні              - 17 мамыр
7. Метрология күні                    - 20 мамыр
8. Саяси қуғын-сүргіндер              - 31 мамыр
   құрбандарын еске алу күні
9. Кеншілер күні                      - мамырдың екінші жексенбісі
10. Қазақстан Республикасының         - 4 маусым
    мемлекеттік рәміздері күні
11. Эколог күні                       - 5 маусым
12. Қаржы полициясы күні              - 6 маусым
13. Полиция күні                      - 23 маусым
14. Медицина қызметкері күні          - маусымның үшінші жексенбісі
15. Баспасөз, телевизия және          - маусымның соңғы жексенбісі
    радио күні
16. Дипломатиялық қызмет күні         - 2 шілде
17. Қазақстан жастары күні            - 7 шілде
18. Салық қызметі қызметкерлерінің    - 9 шілде
    күні
19. Су шаруашылығы қызметкерлерінің   - 9 шілде
    күні
20. Қылмыстық-атқару жүйесі           - 16 шілде
    қызметкерлерінің күні
21. Металлург күні                    - шілденің үшінші жексенбісі
22. Көлік қызметкерлерінің күні       - тамыздың бірінші жексенбісі
23. Құрылысшы күні                    - тамыздың екінші жексенбісі
24. Спорт күні                        - тамыздың үшінші жексенбісі
25. Шахтер күні                       - тамыздың соңғы жексенбісі
26. Білім күні                        - 1 қыркүйек
27. Мұнай-газ кешені                  - қыркүйектің бірінші
    қызметкерлерінің күні               жексенбісі
28. Жерге орналастырушы және          - қыркүйектің екінші жексенбісі
    геодезист күні
29. Қазақстан халқы тілдерінің күні   - қыркүйектің үшінші жексенбісі
30. Орман қызметкерлерінің күні       - қыркүйектің үшінші жексенбісі
31. Туризм күні                       - 27 қыркүйек
32. Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек
33. Құтқарушы күні                    - 29 қыркүйек
34. Әділет органдары                  - 30 қыркүйек
    қызметкерлерінің күні
35. Мәдениет және өнер                - қыркүйектің соңғы жексенбісі
    қызметкерлерінің күні
36. Машина жасаушы күні               - қыркүйектің соңгы жексенбісі
37. Мұғалім күні                      - қазанның бірінші жексенбісі
38. Стандарттау күні                  - 14 қазан
39. Әлеуметтік қорғау жүйесі          - қазанның соңғы жексенбісі
    қызметкерлерінің күні
40. Статистик күні                    - 8 қараша
41. Сапа күні                         - қарашаның екінші бейсенбісі
42. Ұлттық валюта - теңге күні,       - 15 қараша
    Қазақстан Республикасының қаржы
    жүйесі қызметкерлерінің
    кәсіптік мерекесі
43. Ауыл шаруашылығы                  - қарашаның үшінші жексенбісі
    қызметкерлерінің күні
44. Прокуратура қызметкерлерінің      - 6 желтоқсан
    күні
45. Энергетик күні                    - 22 желтоқсан
46. Мұрағатшы күні                    - 22 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады