Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 492 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1666 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдіқалықова                - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы             Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
                              министрі

Баймағанбетов               - Қазақстан Республикасының
Серік Нұртайұлы               Ішкі істер министрі

Досқалиев                   - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы           Денсаулық сақтау министрі

Исекешев                    - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда министрі

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы         Көлік және коммуникация министрі

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы
Рәпіл Сейітханұлы             Сыртқы істер министрлігінің жауапты
                              хатшысы

Шаяхметов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әділ Шаяхметұлы               қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қарманов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жарылқасым Сәлімгерейұлы      қауіпсіздік комитетінің Терроризмге
                              қарсы орталық штабының бастығы
                              (келісім бойынша)

Аймұқашев                   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ерлан Қапарұлы                министрлігі Спорт комитетінің төрағасы,
                              Армия орталық спорт клубының бастығы;

      көрсетілген құрамнан Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы, Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Асенов Алмаз Тұрсынбайұлы, Ахметов Серік Нығметұлы, Дерновой Анатолий Григорьевич, Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады