Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге кол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 802 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы Мусиновқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі K. Мәсімов