Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 773 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.30 N 1730 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Өсiмдiктep карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын iске асыру және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi мемлекеттiк шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi және Карантиндiк объектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1960 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 630-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 773 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк
объектiлерден қорғау жөнiндегі ереже

      Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) алу актiсi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктi) алуға өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор беретiн құжат;
      2) карантиндiк тексеру актiсi - карантинге жатқызылған өнiмдi тiкелей тексерген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор беретiн және растайтын карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктiң) және көлiк құралдарының карантиндiк тексеру сәтiндегi карантиндiк жай-күйi туралы куәландыратын құжат;
      3) өсiмдiктердiң iшкi карантинi - карантиндiк объектiлердiң Қазақстан Республикасының iшiнде таралуының алдын алуға, карантиндiк объектiлердiң ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсiмдiктер карантинi;
      4) өсiмдiктердiң сыртқы карантинi - карантиндiк объектiлердiң импортталған карантинге жатқызылған материалмен (жүкпен) әкелiнуiнiң және экспортталған өнiммен әкетiлуiнiң алдын алуға бағытталған өсiмдiктер карантинi;
      5) карантиндiк хабарлама - алдағы уақытта өнiмнiң келiп түсетiндiгi, оның жай-күйi және (немесе) тағайындалған пунктте егжей-тегжейлi тексеру қажеттiгi туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органды хабардар етушi құжат;
      6) карантиндiк зертхана - импорттық және отандық карантинге жатқызылған өнiмнiң үлгiлерiне ондағы карантиндiк объектiлердi анықтауға сараптама жүргiзетiн және объектілердiң карантиндiк түрлерге жататындығын белгiлейтiн, карантиндiк объектiлер жөнiндегi аспаптармен және әдебиетпен жабдықталған мемлекеттiк мекеменiң стационарлық зертханасы;
      7) карантиндiк тексеру - карантиндiк және басқа аса қауiптi объектiлердi анықтау мақсатында көлiктi, карантинге жатқызылған өнiмдi ресми түрде сыртқы байқау, қажет болған кезде шекарада, сондай-ақ осы өнiмнiң келiп түсетiн соңғы орнында үлгiлерiн iрiктеу және оларды сараптау;
      8) карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнiмдi пестицидтермен, соның iшiнде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндiк және басқа зиянды организмдердi жою мақсатында рефрижерациялау, жемiстердi салқындату, сондай-ақ жүктердi және көлiк құралдарын арамшөптерден босату үшiн оларды тазалаудың механикалық тәсiлдерiн қолдану;
      9) өсiмдiк тектес өнiм - өзiнiң табиғаты және (немесе) қайта өңдеу тәсiлi бойынша Қазақстан Республикасының аумағына карантиндiк объектiлердiң енуi және (немесе) онда тарауы қатерiн төндiретiн қайта өңделмеген өсiмдiк тектес материал (шикiзат);
      10) карантинге жатқызылған өнiмнiң топтамасы - өздерiнiң құрамымен шыққан жерiнiң және бiркелкiлiгiмен ерекшеленетiн сауда және басқа мақсаттарда ауыстырылатын, бiр мезгiлде бiр пункттен келе жатқан және бiр жүк алушының мекен жайына бағытталған, фитосанитарлық немесе карантиндiк сертификатпен, бiр жүк құжатымен куәландырылған карантинге жатқызылған өнiмнiң бiр түрiнiң бiрнеше саны;
      11) өсiмдiк салымы - өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылауға жататын почта жөнелтiмдерiндегi, жолаушылардың қол жүктерi мен жолжүгiндегi өсiмдiк тектес өнiм;
      12) өсiмдiктер - тұқымдарын қоса алғанда, тiрi өсiмдiктер және олардың бөлiктерi;
      13) керi экспорт елi - үшiншi елге экспорттау алдында сақтауға салынған, бөлiктерге бөлiнген, қайта оралған немесе басқа әдiспен карантиндiк объектiлермен әлуеттi залалдануға ұшыраған карантинге жатқызылған өнiм импортталған ел;
      14) транзит елi - карантинге жатқызылған өнiм сақтаусыз, бөлiктерге бөлiнусiз, қайта оралусыз өтетiн және осы елде карантиндiк объектiлермен залалдану қатерiне ұшырамайтын ел;
      15) карантинге жатқызылған өнiмнiң сараптамасы - карантиндiк объектiлердi, бөтен тектi түрлердi және басқа зиянды организмдердi анықтау және олардың түрлiк құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнiң топтамаларынан ірiктелген үлгiлердi зерттеу;
      16) рефрижерация - жемiс шыбындарынан залалсыздандыру мақсатында жаңа пiскен цитрус жемiстерiн арнайы ыдыстарда суыту.

      2. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк iс-шараларды жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.
      Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде ветеринария саласындағы заңнамада   белгіленген   бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13 N 454 Қаулысымен.

      3. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар:
      1) ауыл шаруашылығы, орман және сәндiк дақылдардың тұқымдарына және отырғызылатын материалға, өсiмдiктерге және олардың бөлiктерiне (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), басқа өсiмдiк тектес өнiмге;
      2) жәндiктердiң, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, гербарийлерге және тұқымдар коллекцияларына;
      3) почта жөнелтiмдерiндегi, жолаушылардың қол жүктердегi және жолжүгiндегi өсiмдiк салымына;
      4) көкөнiстерге, жемiстерге, жидектерге, саңырауқұлақтарға, сондай-ақ жаңғақтарға, жер жаңғағына, ұнға, жармаға, дәндегi кофеге, какао-бұршаққа, кептiрiлген жемiстер мен көкөнiстерге, темекiге және шикi қантқа;
      5) азық-түлiктiк, жемдiк және техникалық астыққа және оның қайта өңдеу өнiмдерiне, копраға, солодқа, шротқа, күнжараға, мақтаның, зығырдың және басқа жiп иiретiн дақылдардың талшықтарына, өсiмдiк тектi дәрiлiк шикiзатқа, сондай-ақ былғары шикiзатына және жүнге;
      6) ыдысқа, ағашқа, буып-түю материалдарына (синтетикалықтарды қоспағанда), топырақ құймалары мен үлгiлерiне;
      7) басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтардан келген көлiк құралдарына;
      8) өсiмдiк тектес өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағына және үй-жайларына;
      9) ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады.

      4. Жеке тұлғалар, қызметi өсiмдiк тектi өнiмдi өндiруге, дайындауға, сатуға, тасымалдауға байланысты кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары осы ұйымдарда карантиндiк iс-шаралардың орындалуына жауапты адамдарды айқындайды және олардың жұмысы үшiн жағдаймен қамтамасыз етедi.

2. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелу, оның транзитiнiң
тәртiбi мен шарттары (өсiмдiктердiң сыртқы карантинi)

      5. Жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнiмдi жеткiзуге немесе оның Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитiне шарттар жасасу кезiнде уәкiлетті органнан немесе оның аумақтық органдарынан карантиндiк объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алу жөнiндегi карантиндiк шаралар туралы қажеттi ақпарат алады және уәкiлеттi орган белгiлеген әкелу шарттарының орындалуын қамтамасыз етедi.

      6. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасына әкелу, сондай-ақ оның транзитi өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету ережелерi мен нормалары талаптарына сәйкес жабдықталған шекаралық пункттер мен бекеттер бар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде :
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның импорттық карантиндiк рұқсаттары 1-қосымша сәйкес;
      2) экспорттаушы елдердiң ұлттық карантиндiк қызметтерiнiң карантинге жатқызылған өнiмнiң әрбiр топтамасына берiлген фитосанитарлық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады.

      7. Импорттық карантиндiк рұқсаттар карантинге жатқызылған өнiмнiң топтамасына жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiмдерiнiң негiзiнде бірыңғай рұқсаттың құрамында берiледi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13 N 454 Қаулысымен.

      8. Импорттық карантиндiк рұқсат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге дейiн 10 күннен кешiктiрмей немесе Қазақстан Республикасы арқылы транзиттi жүзеге асырғанға дейiн 5 күн iшiнде уәкiлеттi органға мынадай мәлiметтермен өтiнiм бередi:
      1) карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасына әкелудiң (оның транзитiнiң) мақсаты және әкелiнетiн жүктi өлшеп ораудың әдiсiн және буып-түюдiң түрiн көрсете отырып, оның әр түрi бойынша жеке саны;
      2) өнiмнiң тағайындалуы және пайдалану орны (мекен-жайы, ал транзиттi жүктер үшiн - бағыты және тағайындалған елi);
      3) карантинге жатқызылған өнiмдi импорттау немесе оның транзитi ұйғарылған экспорттаушы елдiң атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнiмдi шығарушы елдiң атауы;
      4) карантинге жатқызылған өнiмнiң әкелiнуi белгiленген мерзiмдер немесе транзиттiк тасымалдаудың мерзiмдерi;
      5) карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасына әкелiнетiн шекаралық пункттің (бекеттiң) атауы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13 N 454 Қаулысымен.

      9. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге (транзитiне) импорттық карантиндiк рұқсатты алуға арналған өтiнiмiнде өтiнiм берушi карантиндiк шаралардың өз есебiнен орындалуына кепiлдiк бередi.

      10. Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттармен бекiтiлген Карантиндiк объектiлердiң тiзбесiне сәйкес карантиндiк объектiлермен залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi, сондай-ақ көлiк құралдарын әкелуге (оның транзитiне) рұқсат етiлмейдi.

      11. Импорттық карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, жарамды және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамаларда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа көлiк құралдарында алып өтiледi.

      12. Мыналар Қазақстан Республикасына әкелiнуге жатпайды:
      1) карантинге жатқызылған өнiмдi уәкiлеттi органның импорттық карантиндiк рұқсатынсыз және экспорттаушы елдердiң ұлттық карантиндiк қызметтерiнiң фитосанитариялық сертификатынсыз;
      2) карантиндi организмдермен залалданған карантинге жатқызылған өнiм;
      3) топырақ, тамыр жайған тiрi өсiмдiктер топырағымен;
      4) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғылыми мақсаттар үшiн әкелiнетiн үлгiлерден басқа, өсiмдiктер ауруларын қоздырғыштар - тiрi саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың дақылдары, сондай-ақ өсiмдiктердi зақымдайтын жәндiктер, кенелер, нематодалар, карантиндiк арамшөптердiң тұқымдары.

      13. Уәкiлеттi органның рұқсатымен, оларды жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде мiндеттi тексеру шартымен, карантиндiк объектiлермен залалданудың жасырын нысанын алып келетiн карантинге жатқызылған өнiмдi:
      1) ғылыми-селекциялық мақсаттар және сортты сынау үшiн тұқымдардың үлгiлерi мен отырғызу материалын;
      2) ғылыми-зерттеу мекемелерi және ботаникалық бақтар арасында алмасу тәртiбiмен тұқымдардың үлгiлерi мен отырғызу материалын әкелуге рұқсат етiледi.

      14. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, карантинге жатқызылған өнiм өткiзiлетiн көлiк, карантиндiк бақылауға шекаралық пункттерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы шекаралық өту пункттерiнде өсiмдiктердiң карантинi бойынша бақылауға және керек болған жағдайда карантиндiк тексеруге, сондай-ақ тиiстi актiлердi ресiмдей отырып 2-қосымшаға сәйкес жүктiң тағайындалу орны бойынша карантиндiк тексеруге жатады.

      15. Карантинге жатқызылған өнiмдi кедендiк ресiмдеу өсiмдiктер карантинi бойынша уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмiнен кейiн ғана аяқталуы мүмкiн.

      16. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзге көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ жеңiлдiктер мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.

3. Карантинге жатқызылған өнiмді шекаралық
пункттер мен бекеттерде, сондай-ақ тағайындалу
пункттерiнде өсiмдіктер карантинi жөнiндегі бақылау

      17. Карантинге жатқызылған өнiмдi өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi бақылауды уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының, шекаралық пункттер мен бекеттерiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.

      18. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау, сондай-ақ шекаралық пункттер мен бекеттерде, карантинге жатқызылған өнiмнiң тағайындалу пункттерiнде тексеру кедендiк тексерудiң алдында немесе онымен бiр мезгiлде жүзеге асырылады.

      19. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шекаралық пункттiң және бекеттiң мемлекеттік инспекторы жүктердiң иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi қолданылып жүрген заңнамасын түсiндiреді, импорттық карантиндiк рұқсаттың және экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитарлық сертификатының болуын тексередi, көлiктi, карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктi), ыдысты сыртқы байқауды жүргiзедi. Карантинге жатқызылған өнімнен үлгiлер iрiктеудi, оларға орнында карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiктер ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер және объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататындығын растауға жiберiледi.

      20. Егер, жүктi тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндiк бақылау үшiн беруден бас тартқан жағдайда, онда бұл өнiм экспорттаушы елге оның иесiнiң есебiнен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық, шекаралық және кеден органдарына хабарлайды.

      21. Карантиндiк объектiлер табылған карантинге жатқызылған өнiм қайтарылуға, залалсыздандырылуға, карантиндiк арамшөптерден тазартылуға немесе техникалық қайта өңделуге жатады. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды жүктiң иелерi төлейдi.
      Егер карантиндiк объектiлермен залалданған карантинге жатқызылған өнiм залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге жатпайтын болса, онда бұл өнiм белгiленген тәртiпке сәйкес алынуға және жойылуға жатады.
      Ерекше ғылыми немесе өзгеше құндылығы бар карантиндiк объектiлермен залалданған тұқымдар мен отырғызатын материал олардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша тексеру үшiн жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге берiлуi мүмкiн. Карантиндiк объектiлермен залалдануын жойғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал олардың иелерiне қайтарылады.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi алуды (соның iшiнде почта жөнелтiмдерiнен, қол жүгiнен және жолжүктен) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады, ол туралы 3-қосымшаға сәйкес алу актiсi жасалады.

      22. Карантинге жатқызылған өнiм карантиндiк тексеруден өткiзiлгеннен және қажеттi карантиндiк iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор тауар-көлiк iлеспе құжаттарын тағайындалған пунктке әкелуге немесе транзитке арналған рұқсатпен карантиндiк бақылаудан өткенi туралы белгiленген үлгiде мөртабан қояды және жүк иесiне 2-қосымшаға сәйкес карантиндiк тексеру актiсiн бередi.
      Барлық жағдайларда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүктiң келiп түсетiн орны бойынша өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органның мекен-жайына 4-қосымшаға сәйкес карантиндiк хабарлама жiбередi.
      Шекарада карантинге жатқызылған өнiмдермен (жүктермен) жүк операцияларын (әкелiнген жүктi басқа көлiк құралдарына қайта тиеу) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау және мiндеттi карантиндiк тексеру өткiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың рұқсаты бойынша жүктердiң иелерi жүргiзедi.

      23. Шекаралық пункттер мен бекеттерде карантиндiк тексеруден өткен әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм (жүктер), сондай-ақ көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiм тағайындалған соңғы пунктте карантиндiк тексеруге тап болады.

      24. Жүктiң тағайындалған пунктiнде карантинге жатқызылған өнiмдi және көлiк құралдарын тексеруді, талдау мен сараптауға үлгiлер iрiктеудi, кейiннен зиянкестердiң, өсiмдiк ауруларының және арамшөптерiнiң түрлiк құрамын белгiлеуге сараптай отырып аумақтық органның өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелерi бойынша осы өнiмдi пайдалану шарттары туралы жазуымен 2-қосымшаға сәйкес тексеру актici жасалады. Қажет болғанда кезде карантинге жатқызылған өнiмдi талдауға және объектiлердiң түрлiк құрамын сараптауға жабдықталған зертханалары және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бiлiктi кадрлары бар ұйымдар тартылуы мүмкiн.
      Объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататындығын Республикалық карантиндiк зертхана растайды.

      25. Карантинге жатқызылған өнiмнiң соңғы келiп түсу пунктiнде карантиндiк объектiлердiң анықталуы жағдайында аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген шараларды қолданады.

4. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкетудiң тәртiбi

      26. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекетаралық шарттарында және келiсiмдерiнде, сондай-ақ импорттық карантиндiк рұқсаттамада жазылған импорттаушы елдердiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi ұлттық қызметтерiнiң талаптарында көзделген шарттарда жүзеге асырылуға тиiс.

      27. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан әкетуге 5-қосымшаға сәйкес өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органның фитосанитарлық сертификаттары болғанда ғана рұқсат етiледi.

      28. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық сертификат алу үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органдарға жүктi жөнелтудiң болжамды мерзiмiне дейiн 15 күн бұрын мынадай мәлiметтердi көрсетiп өтiнiм бередi:
      1) карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы және оның саны;             2) импорттаушы елдiң атауы және карантинге жатқызылған өнiмнiң тағайындалған мекен-жайы;
      3) импорттық карантиндiк рұқсаттамада немесе экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабы;
      4) карантинге жатқызылған өнiмнiң жөнелту мерзiмдерi және орны;
      5) жүктiң әкелiнуi болжанып отырған импорттаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы.

      29. Әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн бастапқы жөнелту орындарында және екiншi рет, теңiз және өзен порттарында (айлақтарда), темiр жол станцияларында, әуежайларда, почта байланысының кәсiпорындарында, базарларда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге объектiлерде экспорттық топтамаларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкетiлгенде шекаралық пункт пен бекетте жөнелту орнында берiлген фитосанитарлық сертификаттың дұрыс ресiмделуiне ғана бақылау жүзеге асырылады.

      30. Фитосанитарлық сертификатты карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндiк объектiлердiң болуына тексерген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспектор бередi және өз қолымен және белгіленген үлгiдегi мөрмен (мөртабанмен) растайды. Фитосанитарлық сертификат карантинге жатқызылған өнiмнiң топтамасына берiледi және оның карантиндiк жай-күйiн куәландыратын, жүргiзiлген залалсыздандыру, осы өнiмдi жеткiзу жөнiндегi басқа қосымша карантиндiк талаптардың орындалғаны туралы мәлiметтердi қамтитын болуы тиiс.

      31. Фитосанитарлық сертификаттың түпнұсқасы жүк жөнелтушiге бірыңғай рұқсаттың құрамында берiледi, көшiрмесi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органның iс қағазында сақталады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13 N 454 Қаулысымен.

      32. Карантинге жатқызылған өнiмнiң керi экспорты кезiнде оған әкетуге арналған өнiмге айқындалған барлық карантиндiк талаптар таралады. Керi экспортталушы карантинге жатқызылған өнiмге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген карантинге жатқызылған өнiмдi басқа елдiң аумағынан әкету жағдайларынан басқа, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор 6-қосымшаға сәйкес фитосанитарлық сертификат бередi.

5. Карантинге жатқызылған өнiмдi
мемлекетiшiлiк тасымалдау және сату тәртiбi
(өсiмдiктердiң iшкi карантинi)

      33. Карантинге жатқызылған өнiмдi облысаралық тасымалдауды уәкiлеттi органның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы беретiн 7-қосымшаға сәйкес карантиндiк сертификат болғанда жүзеге асырылады.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының карантиндiк аймақтарынан әкетуге карантиндiк сертификат берудi аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

      34. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органға өтiнiмдер бередi, сондай-ақ жүктi жөнелтудiң болжамды мерзiмiне дейiн 5 күн бұрын карантиндiк жай-күйiн анықтау үшiн өнiмдi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға тапсырады.
      Өтiнiмде карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы, тағайындалған пунктi және пайдалану мақсаты көрсетiледi.

      35. Карантинге жатқызылған өнiмнiң жүру жолында немесе тағайындалған пунктiнде мекен-жайын өзгерту осы операциялар жүзеге асырылатын аумақтың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органының рұқсатымен жүргiзiледі.
      Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкетiлген карантинге жатқызылған өнiмнiң жүру жолында мекен-жайын өзгертуге тыйым салынады.

      36. Әкелiнген карантинге жатқызылған өнiм жүктiң тағайындалған пунктiнде қайталама карантиндiк тексеруге жатады.

      37. Карантинге жатқызылған өнiмдi базарларда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды
жүргізу тәртiбi және көлiк құралдарын тазарту

      38. 3алалсыздандыруға карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары және карантинге жатқызылған өнiм, импорттық карантиндiк рұқсатнамада оны залалсыздандыру көзделген өнiм, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан әлуеттi қауiптi өнiм жатады.

      39. Импорттық карантиндiк рұқсаттамада көзделген, сондай-ақ уәкiлеттi органның және оның шекарадағы шекаралық пункттерi мен бекеттерi бар аумақтық органдарының өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының ұйғарымдары бойынша карантиндiк тексерудiң нәтижелерi бойынша карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың фумигациялық жасақтарымен шарттық негiзде жүктердiң иелерi жүргiзедi.
      Шекаралық пункттер мен бекеттерде карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлер анықталған кезде залалсыздандыру жөнiндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерiнде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа түрлерiнде жүргiзiледi.
      Цитрус дақылдарының жемiстерiн рефрижерациялауды тоңазытқыш камераларда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың бақылауымен жүк иелерi жүргiзедi.

      40. Көлiк құралдарының барлық түрлерi импорттық карантинге жатқызылған өнiмдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндiк аймақтарынан алынған өнiмдi тасымалдағаннан кейiн мiндеттi түрде қалдықтарды жойып тазартылуға, ал қажет болғанда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар белгiлеген орындарда фумигациялануға жатады.
      Көлiк құралдарын және жүктердi фумигациялауға дайындауды жүктердiң немесе көлiктiк ұйымдардың иелерi фумигациялық жасақтар мамандарының басшылығымен орындайды.

      41. Карантинге жатқызылған өнiмдi шет мемлекеттерде залалсыздандыруды жүргiзген кезде әкелiнетiн өнiмдi фумигациялық жасақтардың мамандары фумиганттардың қалдықты мөлшерiнiң болуына тексередi.

      42. Фумигация, рефрижерация, залалсыздандыру мен тазартудың басқа әдiстерi, карантиндiк объектiлермен залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi қайтару немесе қайта өңдеу, жүктердi, багажды, жөнелтiлiмдердi ашу мен қаптау, оларды залалсыздандыру орындарына және керi жеткiзу жүктердiң иелерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

7. Жеке және заңды тұлғалардың
карантиндiк шараларды жүргізу тәртiбi

      43. Карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты қызметтi жүзеге асырған кезде жеке және заңды тұлғалар:
      1) уәкiлеттi органның және шекаралық пункттерi мен бекеттерi бар оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларына карантинге жатқызылған өнiмнiң және карантиндiк объектiлердiң болуы туралы мәлiметтердi бередi;
      2) егiстiктердi, аумақтарды, қоймаларды және карантинге жатқызылған өнiм өндiрiлетiн, сақталатын және қайта өңделетiн басқа объектiлердi зерттеудi ұйымдастырады және жүргiзедi және карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары және арамшөптер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органға дереу хабар бередi;
      3) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымы бойынша карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарында оларды оқшаулау және жою жөнiндегi мiндеттi iс-шаралар жүргiзедi.

8. Карантиндiк объектiлердi анықтау
және олардың таралуының алдын алу

      44. Карантиндiк объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, сәндiк, дәрi-дәрмектiк және басқа дақылдардың егiндерi мен егiстiктерi, карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты кәсiпорындардың ғимараттары, құрылыстары, контейнерлерi, қоймалары, өзге объектiлерi мен аумақтары және карантиндiк объектiлердiң залалдануы мен таралуының көздерi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде зерттелуге жатады.
      Осы жұмыстардың орындалуын жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының ұйғарымы бойынша, сондай-ақ өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар шарттық негiзде қамтамасыз етедi.

      45. Зерттеудiң нәтижелерi, сондай-ақ сол кезде анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататындығын анықтауға және растауға өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататындығын растауға оларды Республикалық карантиндiк зертханаға жiбередi.
      Аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары көрсетiлген объектілердi бақылау зерттеулерiн жүргiзедi. Зерттеу нәтижелерi 8-қосымшаға сәйкес өсiмдiктер карантинi жөнiнде бақылау жүргiзу туралы актiмен ресiмделедi.

      46. Карантиндiк объектiлердiң ошақтары анықталған кезде "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында айқындалған тәртiппен карантиндiк режим енгiзе отырып, тиiстi аумақтарда карантиндiк аймақтар белгiленедi.

9. Өсімдіктер карантинi саласындағы
заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершілiк

      47. Карантинге жатқызылған өнiмдi өндiру, дайындау, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сату кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау ережелерiн бұзғаны және карантиндiк объектiлердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi шараларды орындамағаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
1-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

N____ Импорттық карантиндік рұқсаттама

Осымен_____________________________________________________________
         (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)

Қазақстан Республикасына (транзит)_________________________________
___________________________________________________________________
                      (елдiң атауы)
мынадай карантинге жатқызылған өнiмнiң, әкелiнуiне рұқсат берiледi:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
             (әр түрi бойынша атауы, мөлшерi)

      1. Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм (жүктер) мынадай карантиндiк шөптердiң тұқымдарынан таза болуы тиiс:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      2. Мынадай қосымша талаптарға сай болуы керек:________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      3. Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктiң) әр
партиясы экспорттаушы елдiң өсiмдiктердi қорғау немесе карантин
жөнiндегi ресми ұйымдары берген, жiберiлген карантинге жатқызылған
өнiм осы рұқсаттаманың 1 тармақтарында көрсетiлген барлық
талаптарға жауап беретiнiн куәландыратын фитосанитариялық
сертификатымен қоса жүруi тиiс.

      4. Карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктi) әкелу мынадай
мемлекеттiк шекара арқылы өткізу пункттерінде pұқcaт етіледі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      5. Требования, изложенные в пунктах 1, 2, 3 настоящего
разрешения, подлежат включению в контракт отдельным пунктом.
      6. Партия подкарантинной продукции (грузов), не отвечающие
требованиям, указанным в пунктах 1, 2, 3 настоящего разрешения по
предписаниям государственных инспекторов по карантину растений
подлежат задержанию, возврату, обеззараживанию, пepepaботке или
уничтожению.
      7. Осы рұқсаттама бойынша әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм (жүктер) мынадай бағыт бойынша тасымалдануы керек:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      8. Реализация и переадресовка в другие регионы или другим
получателям, как в пути следования, так и в местах назначения
перевозимой подкарантинной продукции (грузов) без разрешения
территориального органа по карантину растений запрещена.
      9. Өнiмдер мен көлiк құралдары, соңғы келiп түсу пунктiне
келген соң мынадай карантиндiк шаралардан өтуi тиiс:_______________
___________________________________________________________________
10. Рұқсаттама "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 7-шi бабының негiзiнде берiлдi.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

2003 жылғы ".."....2003 жылғы    "..".....дейінгі мерзімге берілді.

Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi
Бас мемлекеттiк инспекторы
Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi
Мемлекеттiк инспекторы

      M.O

Ескерту: 1. Импорттық карантиндiк рұқсаттама тек түпнұсқа түрiнде жарамды (көшiрме орындалуға қабылданбайды), мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде өсiмдiктер карантинi жөнiндегi және жүктi алу орны бойынша тиiстi аумақтық органына және жүк алушыға және басшылыққа орындауға берiледi, басқа ұйымдар мен ведомстваларға ұсынуға жатпайды.
2. Қазақстанға жүктi кедендiк өткiзу үшiн импорттық карантиндiк рұқсаттама негіз болып табылмайды.

      РҚАО-ның ескертуі: 5, 6, 8-тармақтардың қазақша мәтінінің аудармасы болмады.

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
2-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

20__ж. "____"_________________
N____карантиндік тексеру актісі

_______________________________________________________
(өсiмдiктер карантинi жөнiндегі аумақтық органның,
шекаралық пункттің (бекеттің) атауы

      Мен, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
карантинге жатқызылған өнiмді, көлiк құралдарын тексерудi және
карантиндiк сараптамаға арналған үлгілерiн ірiктеудi жүргіздiм.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөнi)
Өнiмнiң (көлiк құралының) аты _____________________________________
___________________________________________________________________
Саны (топтама салмағы, орын саны және басқалары) __________________
Карантинге жатқызылған өнiмнiң шыққан жерi ________________________
____________ ж. ".." N___сертификат
берiлген __________________________________________________________
Мынадай орташа үлгiлерi іріктелiп алынды:
Саны ______ дана ______ салмақ
Тексеру нәтижесiнде анықталды _____________________________________
Мынадай карантиндiк iс-шараларды жүргiзу талап етiледi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Акт карантинге жатқызылған өнiмнiң иесi өкiлiнiң қатысуымен жасалды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                    (лауазымы, аты-жөнi)

Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi
мемлекеттiк инспектор ____________________________________________
      Өкiл ____________________________________________

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
3-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

Алу актісі

Кiмге: иесiне______________________________________________________
___________________________________________________________________
Осымен, төменде келтiрiлген карантинге жатқызылған өнiм, мынадай
себептер бойынша алынғандығы куәландырылады:
  өнiм залалданған: _______________________________________________
  _________________________________________________________________
  Осы өнiм импортына тыйым салынды
  Мынадай себептер бойынша фитосанитарлық сертификат жарамсыз:
  _________________________________________________________________
  Басқа себептер: _________________________________________________
  Қолданылған шаралар: ____________________________________________
  Жою                 Залалданған өнiмдердi жүктен алып тастау
  Қайтару             Басқалары: __________________________________
  Залалсыздандыру
Алынған карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы мен саны:
(түгел жүк немесе оның бөлiгi)
___________________________________________________________________
Жүк туралы мәлiмет:
Экспорттаушының мекен-жайы:
Жүк алушының мекен-жайы:
Айырма белгiлерi (таңбасы):
Жеткізетiн құралдар:
N _____ фитосанитарлық сертификат
Берiлдi (ұйымның атауы) _____________ Берілген уақыты _____________
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор
___________________________________________________________________
    (облысының, қаласының, шекарадағы шекаралық пункт (бекет))

Мөртабан __________________      Күні _____________
              (қолы)

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
4-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

      Өсімдіктер карантинi жөнiндегi аумақтық орган
________________ облысы
________________ шекаралық пункт (бекет)

N____карантинге хабарлама

      Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық орган _______________
___________________________________________________________________
                        (мекен-жайы)
.....ж.."..".
      Мен, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор
___________________________________________________________________
                        (аты-жөнi)
карантинге жатқызылған өнiмдi тексерудi жүргiздiм _________________
___________________________________________________________________
                    (атауы және саны)
шыққан жерi________________________________________________________
жiберiлген жерi____________________________________________________
                                (мекен-жайы)

___________________________________________________________________
(өнiмнiң карантиндiк жағдайы көрсетiледi және оны пайдаланудың
мынадай шарттары белгiленедi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

    Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор __________
                                                          (қолы)

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
5-қосымша            

Қазақстан Республикасы              Фитосанитарлық сертификат
Ауыл шаруашылығы                    N________________________
министрлігі                         Өсімдiктердi қорғау және
Өсімдiктердi қорғау және            карантин жөніндегі
карантин департаментi               ұйым (елі)

Жүктің сипаттамасы

Экспорттаушы және оның мекен-жайы _________________________________

Алушы және оның мекен-жайы ________________________________________

Орнының саны және буып-түю сипаттамасы ____________________________

Таңбасы (айырма белгісі) __________________________________________

Шыққан жері _______________________________________________________

Әкелінетін пункт __________________________________________________

Тасымалдау тәсілі _________________________________________________

Өнімнің атауы және оның саны ______________________________________

Өсімдіктердің ботаникалық атауы ___________________________________

      Осымен, жоғарыда сипатталған өсiмдiктер немесе өсiмдiк өнiмдерi қолда бар әдiстеме мен ережелерге сәйкес зерттелгенi және карантиндiк және басқа да зиян келтiретiн зиянкестерден iс жүзiнде таза болып табылғаны және импорттаушы елдiң фитосанитарлық ережелерiне жауап беретiндiгі куәландырылады.

Залалсыздандыру

Күні ______________________________________________________________

Залалсыздандыру тәсiлi ____________________________________________

Химикат және оның концентрациясы __________________________________

Экспозициясы және температурасы ___________________________________

Қосымша хабарлама _________________________________________________

Қосымша декларация ________________________________________________

      Берiлген орны _______________________________________________

Ұйымның мөртабаны

      Мемлекеттiк инспектордың тегi _______________________________

      Күнi _______________          Қолы ________________

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
6-қосымша            

Қазақстан Республикасы              Керіэкспортқа арналған
Ауыл шаруашылығы                    фитосанитарлық сертификат
министрлігі                         N _______________________
Өсімдiктердi қорғау және            Өсімдiктердi қорғау және
карантин департаментi               карантин жөніндегі
                                    ұйым (елі)
                                    _________________________
                                    _________________________
                                    (реэкспортер мемлекеттері)

Жүктің сипаттамасы

Экспорттаушы және оның мекен-жайы _________________________________

Алушы және оның мекен-жайы ________________________________________

Орнының саны және буып-түю сипаттамасы ____________________________

Таңбасы (айырма белгісі) __________________________________________

Шыққан жері _______________________________________________________

Әкелінетін пункт __________________________________________________

Тасымалдау тәсілі _________________________________________________

Өнімнің атауы және оның саны ______________________________________

Өсімдіктердің ботаникалық атауы ___________________________________

      Осымен, жоғарыда сипатталған өсiмдiк немесе өсiмдiк өнiмi түпнұсқасы немесе расталған көшiрмесi осы сертификатқа қоса берiлетiн N ______ фитосанитарлық сертификат бойынша _________ дан (шыққан елi) __________ (керi экспорттаушы ел) зерттелгендiгi, олар қапталғандығы, жаңа контейнерлерге қайта қапталғандығы, бастапқы фитосанитарлық сертификаттың және қосымша зерттеудiң негiзiнде олар импоратаушы елдiң фитосанитарлық ережелерiне жауап беретiндiгi және _________ да (керi экспораттаушы ел) жүк өсiмдiктердiң зиянкестерiмен және ауруларымен залалдануға ұшырамағандығы куәландырылады.

Залалсыздандыру

Күні ______________________________________________________________

Залалсыздандыру тәсiлi ____________________________________________

Химикат және оның концентрациясы __________________________________

Экспозициясы және температурасы ___________________________________

Қосымша хабарлама _________________________________________________

Қосымша декларация ________________________________________________

                Берiлген орны ____________________________________

Ұйымның мөртабаны

                Мемлекеттiк инспектордың тегi_____________________

      Күнi_______________          Қолы_________________

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
7-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

N____карантиндік сертификат

_______________________________________________________
(өсiмдiктер карантинi жөнiндегі аумақтық органның,
шекаралық пункттің (бекеттің) атауы

      Берiлген уақыты 20_ж."_"____       ____"__"____ дейін жарамды

      1. Берілді __________________________________________________
               (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)
___________________________________________________________________
                    (оның почталық мекен-жайы)
оған әкетуге ______________________________________________________
___________________________________________________________________
   (қайда кiмге алушының толық атауын және мекен-жайын көрсету)
мынадай карантинге жатқызылған өнiмдi (жүкті)
___________________________________________________________________
      2. Орынның жалпы саны (дана) ________________________________
      3. Жалпы салмағы (тонна, кг) ________________________________
      4. Жөнелту станциясы (пункті) _______________________________
      5. Баратын станциясы (пунктi) _______________________________
      6. Жүктi зерттеу, тексеру немесе зертханалық талдау
(сараптама) негiзiнде куәландырылады ______________________________
                                        (керегiнiң астын сызу)
___________________________________________________________________
(жүктiң карантиндiк жағдайы және өткізiлген ic-шаралар туралы белгі)

      7. Kарантинге жатқызылған өнімді (жүктi) жөнелту, сақтау, алу,
сату және пайдалану кезiнде мынадай карантиндiк iс-шаралар
белгiленедi _______________________________________________________
___________________________________________________________________
      8. Берiлген негiзi __________________________________________
                                  (қандай құжаттың)
      Өсiмдiктер карантині жөнiндегi мемлекеттiк инспектор
      _____________________________________________________________
                     (қолы) (инспектордың аты-жөнi)
      М.О.
Ескерту: 1. Сертификат әр жекелеген карантинге жатқызылған өнiмнiң
         (жүктiң) топтамасына, көлiкке, контейнерге, вагонға
         берiледi және түпнұсқа түрінде жарамды.
         2. Жол бойы жүктi өсімдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық
         органның арнайы рұқсатынсыз басқа жаққа жiберуге тыйым
         салынады.
         3. Сертификатты беру жiберуге дейiн 5 күн бұрын
         жүргiзiледi.
         4. Сертификаттың қолдану мерзiмi жүктiң жолда болған
         уақытына байланысты белгiленедi

Қазақстан Республикасының   
аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғау жөнiндегi ережеге    
8-қосымша            

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдiктердi қорғау және карантин департаментi

Өсімдіктер карантині бойынша бақылауды өткізу туралы акт
"..".............ж.

      Мен, Қазақстан Республикасының __________________ облысы бойынша өсiмдіктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторы "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау Ережесінің негізiнде карантиндiк iс-шаралардың орындалуына тексеру жүргiздiм.
___________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)
___________________________________________________________________
1. Тексеру кезiнде анықталды (қай кезеңде және қандай құжаттар бойынша тексерiлгендiгiн және не анықталғандығын көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Тексеру нәтижелерi бойынша қорытынды және ұсыныс (мiндеттi түрде орындалатын iс-шаралар, мерзiмдерi, орындалуына жауапты адамдар көрсетiледі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Акт 2 данада жасалды оның бiрiншiсi заңды немесе жеке тұлғаның өкiлiне берiледi, екiншiсi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспектордың тапсырмалары мен нұсқамаларының орындалуы тексерiлгеннен кейiн карантиндiк инспектордың iс-қағазында қалады, орындалмаған кезде хаттама жасалады.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор_______________
                                                       (аты-жөнi)

      Актiнiң бiрiншi данасын алдым

      Иесi (өкiл) __________________________

      Күнi _________________________________

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың берген тапсырмалары мен ұсыныстарының орындалуын тексеру нәтижесі

Тексеру жүргізілді __________________ иесінің (өкілінің) қатысуымен
________________________________________________________________
             (лауазымы, аты-жөні)

тексеруде анықталды (тапсырмалардың орындалуы): _______________

      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

      _______________________________________________________
                          (аты-жөні)

      Иесі (өкіл) ___________________________________________
                              (аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады