"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 1738 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер
үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 21, 385-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша:
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      2) 13 және 17-баптардың 3-тармақтарында, 11, 14 және 22-баптардың 2-тармақтарында, 16-баптың 1-тармағында, 30-бапта:
      "білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "уәкілетті білім беру органы" деген сөздер "білім беру саласындағы уәкілетті орган", "Білім беру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 3-бапта:
      1-тармақтағы "адамның" деген сөз "тұлғаның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "медициналық-психологиялық оңалуын және" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 7-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "прокурор және сот" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "өзге де азаматтар" деген сөздер "адамдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 8-баптың 1-тармағы "келісімді" деген сөзден кейін "баланың мүддесіне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған тәрбиеленушінің пікірін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы
      1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-аналарынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-аналарынан өндіріп алынатын қаражат оған хабар беріле отырып, тәрбиеленушінің атына банктердегі жеке шоттарға аударылуға тиіс.
      Балалар ауылының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала рұқсатынсыз алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушінің жеке банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.";
      7) 12-баптың 3-тармағындағы "балалар үйлерінің" деген сөздерден кейін ", жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, өзінің туған не асырап алған кәмелетке толмаған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматшалары:";
      6) тармақшадағы "тәрбиеші-ана" деген сөздер "балалар ауылының тәрбиеші-аналары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тәрбиеленуші-балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ, қамтамасыз ету үшін балалар ауылында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық іріктеуден өткен балалар ауылының резервтегі тәрбиешілері болуы мүмкін.";
      9) 15-бапта:
      2-тармақтағы "адамнан" деген сөз "тұлғадан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "тәрбиеші-анаға беріліп," деген сөздер алып тасталсын;
      10) 16-бапта:
      1-тармақтағы "тәрбиеші-ана" деген сөздерден кейін ", балалар ауылының әкімшілігі" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші абзацтағы "тәрбиеші-аналарға" деген сөздер "балалар ауылының әкімшілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "адамдар" деген сөз "тұлғалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақша "және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органның бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарының болуы (болмауы) туралы мәліметтері" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшадағы "банк мекемесінде" деген сөздер "банкте" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 17-бапта:
      1-тармақта:
      "тәрбиеші-ананың" деген сөздерден кейін ", балалар ауылы әкімшілігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "міндеттері, қорғаншы" деген сөздер "міндеттері және қорғаншы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "қорғаншы және қамқоршы органдардың" деген сөздерден кейін "және/немесе балалар ауылы әкімшілігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарғанда немесе оны (оларды) асырап алғанда, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге бергенде;";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тәрбиеші-ананың бастамасы бойынша балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, мұндай шартты қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылының әкімшілігімен және балалар ауылының резервтегі тәрбиешілерінің қатарындағы адаммен жасайды.";
      12) 18-бапта:
      1-тармақтағы "балалардың пікірі" деген сөздерден кейін ", балалар ауылы әкімшілігінің пікірі" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      13) 20-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі "келісімімен," деген сөзден кейін "сондай-ақ баланың мүддесіне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған тәрбиеленушінің пікірін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "ата-анасына қайтарған" деген сөздерден кейін ", оны асырап алған, сондай-ақ баланы қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ата-аналарына" деген сөздерден кейін "(оларды алмастыратын адамдарға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Жасөспірімдер үйі
      1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтер үлгісіндегі тұрғын үй жасөспірімдер үйі болып табылады.
      Жасөспірімдер үйі жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
      2. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жасөспірімдер үйінің қызметін осы мекемелердің әкімшілігі жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесіп, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен жасөспірімдер үйі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйінің қызметін оның әкімшілігі қорғаншы және қамқоршы органмен бірлесіп жүзеге асырады.";
      15) 23-бапта:
      1-тармақтағы "балалар үйлерінің" деген сөздерден кейін ", жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы "балалар үйлерінің" деген сөздерден кейін ", жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары
      1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі шешімінің негізінде жасөспірімдер үйінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.";
      25-баптың 2-тармағында "(балалар үйінің)" деген сөздер ", балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың мүддесін балалар ауылының, балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі білдіреді.
      Дербес заңды тұлға мәртебесі бар жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың мүддесін оның әкімшілігі білдіреді.";
      19) 28-бапта:
      1-тармақта:
      "балалар ауылы" деген сөздерден кейін ", балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар мәмілелерді осы мекеме әкімшілігінің келісімімен жасайды.";
      20) 30-бапта:
      "(балалар үйі) мен" деген сөздер ", балалар үйі және жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері жасөспірімдер үйі мен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған аталған мекемеде бағып-күту туралы шарт негізінде айқындалады.";
      21) 31-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақшадағы "(балалар үйі)" деген сөздер ", балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "тоқтатылады." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) тәрбиеленуші (түлек) жасөспірімдер үйінде тұру ережесін қасақана бұзған жағдайда, дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйі әкімшілігінің шешімімен тоқтатылады.";
      22) 32-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "(балалар үйінде)", "(балалар үйінің)", деген сөздер ", балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта", ", балалар үйі мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 33-баптың 5) тармақшасындағы "немесе балалар үйіне" деген сөздер ", балалар үйіне немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың күндізгі оқу нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуы кезеңінде оларға толық мемлекеттік қамсыздандыру кепілдігі беріледі.".
      2. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 15-16, 72-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 30-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі шешімінің негізінде жасөспірімдер үйінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін жасөспірімдер үйінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарының түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады.".

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады