Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 1792 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) алаңы 1,97 гектар жер учаскесі орман қоры жерінен өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Павлодар облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін қалдық жинақтағышын орналастыру және оған қызмет көрсету үшін "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 9 қарашадағы
N 1792 қаулысына  
қосымша       

Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер
санатына ауыстырылатын Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі"
мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" мемлекеттік мекемесі

орман көмкерген

егістік

жайылым

шабындық

құмдар

өзге жерлер

1,97

1,97

-

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады