Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) N 09710105700051 қылмыстық істі тексеруіне байланысты және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 159-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Абылай Қиялұлы Сабдалин Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен уақытша шеттетілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов