Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы N 1833 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      13 "Басқалары" деген функционалдық топта:
      694 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы" әкімшісі бойынша:
      008 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау" бағдарламасы бойынша:
      "Алматы облысы" деген кіші бөлімде:
      "Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Алматы" санаторийін қайта жаңарту және кеңейту" деген жолда "1 577 227" деген сандар "2 577 227" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласы" деген кіші бөлімде:
      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының клиникалық-оңалту кешені" деген жолда:
      "5 280 634" деген сандар "3 322 343" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"





А-320 әуе кемесіне арналған ангар

958 291



".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады