Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
N 1895 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттама
(Хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2007 жылғы 30 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамамен өзгертілген 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 18-бабының негізінде
мұнай транзиті саласында одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және тереңдету мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Тараптар магистральдық мұнай құбырларының жұмыс істеп тұрған жүйелерін кеңейту және қайта құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ жаңа экспорттық бағыттар бойынша мұнай тасымалының перспективалы жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал етеді.
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында осы Келісімге қосымшада көзделген көлемдерде және бағыттар бойынша, оның ішінде Атырау (Қазақстан) - Самара (Ресей) бағыты бойынша жылына кемінде 15 млн. тонна көлемінде мұнай тасымалдау үшін Тараптар:
- Атырау - Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін мына бағыттардың бірі бойынша: Қара теңіз бағытында немесе Балтық теңізі бағытында немесе Ресей Федерациясының батыс шекарасы бағытында келісілген көлемде оны тасымалдау үшін жылына 15,0 млн. тоннадан 25,0 млн. тонна мұнайға дейін ұлғайту перспективаларын зерделеу жөнінде бойынша жұмыс жүргізуді;
- "Каспий Құбыр Консорциумы" (бұдан әрі - КҚК) мұнай құбыры жүйесінің өткізу қабілетін 2014 жылға дейін жылына 67,0 млн. тонна мұнайға дейін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізуді;
- мұнайды Жерорта теңізіндегі тиісті порттарға дейін тасымалдау мақсатында Бургас - Александруполис және (немесе) Самсун - Джейхан мұнай құбырларының жобаларын бірлесіп іске асыруды қамтамасыз етеді.";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит режимінде ауыстырылатын мұнай транзиті жөніндегі қызметтер тарифі бәсекеге қабілетті және кемсітілмейтін болуы тиіс.
Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит режимінде ауыстырылатын мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу 2010 жылдан бастап инфляция деңгейіне сәйкес жыл сайын индекстелуі мүмкін 2009 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қолданыстағы тарифтер бойынша 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бұл ретте салыстыру жағдайларында көрсетілген тарифтер мұнайды транзит режимінде емес тасымалдау үшін белгіленген тарифтерден аспайтын болады.
Тараптар жұмыс істеп тұрған магистральдық мұнай құбырлары жүйелерін кеңейту туралы шешім қабылдаған жағдайда транзит режимінде ауыстырылатын мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тариф оларды кеңейту жөніндегі шығындарды жабу үшін қажетті деңгейге дейін инвестициялық құрауыш сомасына ұлғайтылатын болады.";
3) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1-бап
Осы Келісімге қосымшада көзделген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау көлемі мен бағыттары тасымалдау бағыттары көрсетіліп, оның ішінде транзит үшін мұнай құбырларының қуаттарын кеңейту мүмкіндігі ескеріле отырып, жыл сайын нақтыланады және Тараптардың құзыретті органдары бекітеді.".
2-бап
Осы Хаттаманың қосымшасы Келісімге қосымша болып табылады.
3-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
______________ қаласында 2009 жылғы _________ қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі арасындағы
Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
хаттамаға қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы
мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау көлемі мен
бағыттары
млн.тонна
2010 жыл |
2011 жыл |
2015 жыл |
2020 жыл |
|
Ішкі тұтыну |
||||
Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясынан импорт, оның ішінде |
||||
Туймазы - Омск - Новосибирск (аспайды) |
5,5 |
5,5 |
5,5 |
5,5 |
Экспорт |
||||
Қазақстан Республикасынан - барлығы (кемінде) |
45 |
45 |
64 |
69 |
оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы транзит: |
||||
Атырау - Самара (кемінде) |
15 |
15 |
15 |
15 |
Каспий Құбыр Консорциумы |
26 |
26 |
45* |
50* |
Махачкала - Новороссийск |
4 |
4 |
4 |
4 |
Ресей Федерациясынан - барлығы (аспайды) |
8,5 |
8,5 |
17 |
17 |
оның ішінде: |
||||
Каспий Құбыр Консорциумы (Кропоткин, Комсомольская) |
6,5 |
6,5 |
15 |
15 |
Қазақстан Республикасы арқылы транзит |
||||
Омск - Атасу - Алашанькоу (аспайды) |
2 |
2 |
2 |
2 |
* - КҚК өткізу қабілетін жылына 67,0 млн.тонна мұнайға дейін кеңейту