Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Доха қаласына (Катар Мемлекеті) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қарашадағы N 1748 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Доха қаласына (Катар Мемлекеті) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Дулат Байдалыұлы Әзбергенов енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мақсат Керімбайұлы Дүйсенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов