Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2009 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күні 2009 жылғы 20 желтоқсан жексенбіден 2009 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2009 жылғы 18 желтоқсанда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов