Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1937 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2015 № 735 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығын қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 425-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1937 қаулысымен 
бекітілген   

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін
қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі

      1. Дифтерия
      2. Қызылша
      3. Қызамық
      4. Көкжөтел
      5. Жәншау
      6. Жел шешек
      7. Эпидемиялық паротит
      8. А, В, С паратифтері
      9. Полиомиелит
      10. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар
      11. Тұмау
      12. Менингококк инфекциясы
      13. Тырысқақ
      14. Іш сүзегі
      15. Туберкулез
      16. Күйдіргінің өкпелік түрі
      17. Оба
      18. Геморрагиялық вирустық қызба
      19. А, Е вирустық гепатиті
      20. Безгек
      21. Жіті ішек инфекцияларының тобы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады