Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 771 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 2056 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 409-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады