Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2080 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 68 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.02.2017 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
N 2080 қаулысымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай
нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесі

      1. Осы Ереже:

      1) пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;

      2) экспортқа салынатын ренталық салық;

      3)роялти;

      4) өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салықтық міндеттемелерді орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) пайдалы қазбалар — шикі мұнай мен газ конденсаты;

      2) пайдалы қазбалардың есеп айырысу бағасы - пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық пен экспортқа салынатын ренталық салық бойынша заттай нысанда төленетін салықтық міндеттемелерді орындау есебіне Қазақстан Республикасына жер қойнауын пайдаланушы беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау үшін пайдаланылатын пайдалы қазбалар көлемі бірлігінің бағасы;

      3) сатудың орташа өлшемді бағасы - осы Ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалатын, соған қатысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін, салық кезеңі ішінде пайдалы қазбалардың көлем бірлігін сатудың орташа өлшемді бағасы;

      4) тасымалдау жөніндегі шығыстар - осы Ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалатын, темір жолмен, магистральдық құбыр жолмен және (немесе) теңіз жолы арқылы тасымалдау кезіндегі көліктік тарифке ақы төлеуді, төгу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстарды, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстарды, пайдаланылған темір жол цистерналарының жалға алу ақысын, кедендік төлемдерді, жүктің технологиялық көліктік ысырабын, жүкті жолда сақтау мен сақтандыру жөніндегі шығыстарды, темір жолмен тасымалдауға байланысты және темір жол цистерналарының бос тұрып қалғанына ақы төлеу, теңіз жолымен тасымалдауға байланысты демередж жөніндегі және дифференциалға қосылмаған шығыстарды, тасымалдаумен тікелей байланысты қаржыландыру мен банктік қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды, жүктің мөлшері мен сапасын бақылау жөніндегі тексеру жүргізу жөніндегі шығыстарды және тасымалдауға тікелей байланысты өзге де шығыстарды қамтитын, пайдалы қазбалардың көлем бірлігін ұңғыманың сағасынан сату (жөнелту) пунктіне дейін тасымалдау жөніндегі шығыстар.

      3. Осы Ережеде көрсетілген барлық шамалар соған байланысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін салықтың әрбір түріне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалған салық кезеңі үшін есептеледі.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға экспортқа салынатын ренталық салық пен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің бағасы мына формула бойынша айқындалады:

      Ц(саға) = Цортесепт. - ТРортесепт. - Speнm.

      мұнда:

      Ц(саға) — сағада есептелетін пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің есеп айырысу бағасы;

      Цортесепт. — пайдалы қазбалардың көлем бірлігін сатудың орташа есепті бағасы, ол Цортесепт. = Speaл. / V жалпы формуласы бойынша айқындалады;

      Speaл. — салық кезеңіндегі барлық бағыттар бойынша пайдалы қазбалардың соған қатысты пайдалы қазбаны беру жүргізілетін осы түрін сатудан түскен жалпы табыс;

      ТРортесепт. — пайдалы қазбалардың көлем бірлігін тасымалдау жөніндегі орташа есепті шығыстар, ол мына формула бойынша айқындалады:

      ТРортұйғ.= ТР/V жалпы;

      ТР - салық кезеңінде сатылған пайдалы қазбалардың соған қатысты пайдалы қазбаны беру жүргізілетін осы түрін тасымалдау жөніндегі шығыстардың жалпы сомасы;

      Speнm. — пайдалы қазбалардың көлем бірлігіне арналған экспортқа салынатын ренталық салық сомасы, ол мына формула бойынша айқындалады:

Speнm. - S/V жалпы;



      S - соған қатысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін салық кезеңіндегі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген экспортқа салынатын ренталық салықтың ақша түріндегі сомасы;

      V жалпы. - салық кезеңі ішінде сатылған пайдалы қазбалардың соған қатысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін осы түрінің нақты көлемі.

      5. Экспортқа салынатын ренталық салықты төлеу есебіне берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген ақша түріндегі салық сомасына және пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің есеп айырысу бағасына сүйеніп, мына формула бойынша жүргізіледі:

      V рент. = Speнm./Ц (саға)

      мұнда:

      Vрент. — экспортқа салынатын ренталық салықты төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға салық төлеуші заттай нысанда беруі тиіс пайдалы қазбалардың көлемі;

      Sрент. — Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 302-бабына сәйкес соған қатысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін салық кезеңі ішінде есептелген, ақшалай түрдегі экспортқа салынатын ренталық салықтың сомасы;

      Ц(саға) — сағада есептелетін пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің есеп айырысу бағасы.

      6. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төлеу есебіне берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабына сәйкес есептелген ақша түріндегі салық сомасына және пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің есеп айырысу бағасына сүйеніп, мына формула бойынша жүргізіледі:

      Vндпи = Sндпи /Ц (саға)

      мұнда:

      Vндпи - пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төлеу есебіне салық төлеуші алушыға заттай нысанда беруі тиіс пайдалы қазбалардың көлемі;

      Sндпu — соған қатысты пайдалы қазбаларды беру жүргізілетін, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ақшалай түрдегі сомасы;

      Ц(саға) — сағада есептелген пайдалы қазбалардың көлем бірлігінің есеп айырысу бағасы.

      7. Роялти мен өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар мен өнімді бөлу жөніндегі келісімдерде (келісім-шарттарда) көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады