Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы N 2092 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Көкшетау селекциялық орман орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - кәсіпорын) орман қоры жерінен алаңы 5,9 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсатындағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристік ойын-сауық орталығына кіреберіс" автомобиль жолын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департамента" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
N 2092 қаулысына   
қосымша         

Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы
жерлер санатына ауыстырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің "Көкшетау селекциялық орман орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жерінің
экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

егіс тік

жайылым

шабындықтар

құмдар

өзге жерлер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Көкшетау селекциялық орман орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5,9

5,9

-

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады