Мемлекеттік меншік мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2123 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы әкімінің «Қарағандыгипрошахт және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 90 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік үлесін заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
      2) республикалық меншікке берілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық меншіктегі мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) қарасты «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттык компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамдарының акциялар пакетінің орнына Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;
      3) оларды мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 237-35, 237-36, 237-37, 237-38, 237-39, 237-40, 237-41, 237-42-жолдармен толықтырылсын:
      «237-35. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-36. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-37. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-38. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-39. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-40. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-41. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      237-42. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына     
1-қосымша         

Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне
берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.03 № 1018 Қаулысымен.

Р/с

Мүліктің атауы

1

2

Қарағанды облысы бойынша

1

Темір жол вокзалдарының жолаушылар платформалары

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

2

Мына мекенжай бойынша орналасқан № 3, № 9, № 17, № 18, № 19, № 20, № 23, № 26, № 33, № 40 пәтерлерді қоспағанда, бес қабатты тұрғын үй: Оңтүстiк Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент ауылы, № 154 үй

3

Мына мекенжай бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент ауылы, № 155 үй

4

Мына мекенжай бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент ауылы, № 2 үй

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына     
2-қосымша        

Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік

Р/с

Мүліктің атауы

1

2

1

Жамбыл және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырлары мен оларға ілеспелі құрылыстар

2

Ілеспелі инфрақұрылым объектілерімен және осы инфрақұрылым объектілерін орналастыруға бөлінген жер учаскелерімен бірге Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Тұймазы Омбы Новосибирск 2 (ТОН-2) мұнай құбырының қазақстандық учаскесі

3

Павлодар және Ақтөбе әуежайларының қайта жаңарту шеңберінде 006 «Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған мүлкі

4

«Қазақ-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеті

5

«Павлодар мұнай-химия зауыты» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеті

6

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қайсенов көшесі, 121 мекенжайында орналасқан ғимарат

7

Атырау қаласы, Абай көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бүйіріндегі «Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазпочта» АҚ) Атырау облыстық филиалы орналасқан үйдің бүйіріндегі үй-жай

8

Атырау қаласы, Белинский көшесі, 20 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының № 6 қалалық почта байланысы бөлімшесі (бұдан әрі - ҚПББ) орналасқан үй-жай

9

Риддер қаласы, Островский көшесі, 70 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 8 ҚПББ орналасқан үй-жай

10

Өскемен қаласы, Пушкин көшесі, 32-2 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 13 (33) ҚПББ орналасқан үй-жай

11

Өскемен қаласы, Ульяновская көшесі, 89 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 8 (27) ҚПББ орналасқан үй-жай

12

Өскемен қаласы, Менделеев көшесі, 9 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 17 ҚПББ орналасқан үй-жай

13

Өскемен қаласы, Гоголь көшесі, 34 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 18 ҚПББ орналасқан үй-жай

14

Өскемен қаласы, Потанин кешесі, 13 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 3 (22) ҚПББ орналасқан үй-жай

15

Өскемен қаласы, Энтузиастар көшесі, 17 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 14 ҚПББ орналасқан үй-жай

16

Семей қаласы, Тельман көшесі, 162а мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 1 ҚПББ орналасқан үй-жай

17

Семей қаласы, 35-квартал, 24 үй мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 7 ҚПББ орналасқан үй-жай

18

Молодежный поселкесі, 6-үй, 61-пәтер мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Улан почта байланысының аудандық торабы орналасқан үй-жай

19

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Қабанбай көшесі мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Науалы почта байланысы бөлімшесі (бұдан әрі - ПББ) орналасқан ғимарат

20

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Сейфуллин көшесі, 4 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 4 Үржар ПББ орналасқан мекеме облыстық филиалының Усть-Таловка ПББ орналасқан ғимарат

21

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Октябрьское ауылы, Советская көшесі, 3 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Октябрьское ПББ орналасқан үй-жай

22

Шығыс Қазақстан облысы, Шемойнақ ауданы, Усть-Таловка аулыны, Школьная көшесі, 6 үй мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Октябрьское ПББ орналасқан үй-жай

23

Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 29 мекенжайы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның Алматы облыстық филиалының почта байланысының Текелі қалалық торабы орналасқан ғимарат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады