Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2244 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Исекешев                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                 және сауда министрі, төраға

Сәдуақасов                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Нұрхан Олжабайұлы               сақтау министрлігінің Мемлекеттік
                                санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                                комитеті төрағасының орынбасары

Беккер                        - Қазақстан Республикасы Төтенше
Владимир Робертович             жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы
                                қызмет комитеті төрағасының
                                орынбасары

Ким                           - Қазақстан Республикасы Энергетика
Александр Афанасьевич           және минералдық ресурстар
                                министрлігінің Атом энергетикасы
                                комитеті төрағасының орынбасары

Сәлімбаев                     - Қазақстан Республикасы Көлік
Данияр Жакұлы                   және коммуникация министрлігі
                                Стратегиялық жоспарлау және
                                көліктік коммуникация кешенін
                                дамыту департаментінің директоры

Асқарова                      - Қазақстан Республикасы Табиғи
Аида Геннадийқызы               монополияларды реттеу агенттігі
                                Құбыр жолдары және су кәрізі жүйелері
                                саласындағы реттеу департаментінің
                                директоры

Сапарғалиев                   - «Ұлттық аккредиттеу орталығы»
Мұхат Жоламанұлы                жауапкершілігі шектеулі
                                серіктестігінің бас директоры
                                (келісім бойынша);

      мына:

«Сарбасов                     - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Ақмәди Әділұлы                  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                                Заң департаментінің директоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сарбасов                     - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Ақмәди Әділұлы                  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                                Еңбек және әлеуметтік Еңбек және
                                әлеуметтік серіктестік
                                департаментінің директоры»;

      көрсетілген құрамнан Владимир Сергеевич Школьник, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров, Альберт Мұхтарұлы Асқаров, Дәулетбай Оспанұлы Ысмағұлов, Болат Амангелдіұлы Жансүгіров, Айна Біржанқызы Құсайынова, Мәлік Жаңабайұлы Сәлімгереев, Раушан Ғайсақызы Сармурзина, Нұргүл Рамазанқызы Жаманова, Жеміс Жанұзаққызы Есмұханова, Игорь Владимирович Цой шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыру үшін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әзірлеуге ұсынылатын техникалық регламенттердің тұжырымдамаларын алдын ала қарау қорытындылары бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады