"Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2278 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жерді суландыру мен дренаж жүйелерін дамытуға және суармалы жер шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ХҚДБ) арасындағы қарыз туралы келісім шеңберінде тартылған кредиттер бойынша осы қаулыға қосымшада көрсетілген түпкі қарыз алушылардың (бұдан әрі - Қарыз алушылар) берешектерін қайта құрылымдау жүргізуді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір ай мерзімде Қарыз алушылармен ХҚДБ қарыздарын қайта қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы шарттарға (бұдан әрі - Шарттар) қосымша келісімдер (бұдан әрі - Қосымша келісімдер) жасассын, онда:
      1) Шарттардан 5.2-тармақты алып тастау және Қарыз алушылармен Шарттарға жаңа төлем кестелеріне қол қою;
      2) Шарттарға Қосымша келісімдерге қол қойылған күнінен бастап 4,55 (төрт бүтін жүзден елу бес) пайыз жылдық сыйақы ставкасын және 1 (бір) АҚШ долларына 124 (бір жүз жиырма төрт) теңге 66 (алпыс алты) тиын доллар бағамын қолдану;
      3) осы қаулыға сәйкес Шарттарға Қосымша келісімдерге қол қойылған күнінен бастап Қарыз алушылардың борыштарын қайта есептеуді жүзеге асыру;
      4) Қарыз алушылар негізгі борыш пен Шарттарға жаңа төлем кестелеріне қол қойылған күніне есептелген сыйақы бойынша мерзімі өтіп кеткен барлық төлемдерді өтегеннен кейін, Шарттардың 5.2-тармағын ескере отырып есептелген айыппұл санкцияларын жою көзделсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2278 қаулысына 
қосымша      

Түпкі қарыз алушылардың тізбесі

      1. «Алмаз» шаруа қожалығы
      2. «Әйгерім» шаруа қожалығы
      3. «Арман» шаруа қожалығы
      4. «Дүсіпова» шаруа қожалығы
      5. «Кереев және К» командиттік серіктестігі
      6. «Қайсар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      7. «Фрегат-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      8. «Шынар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      9. «Приречное» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады