Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 465 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.

      "Медетші қор" акционерлік қоғамының атауы өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 465 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-15 "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 217-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "217-2 "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ.

      3. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Күзембаева - "Медетші қор" акционерлік қоғамының

      Маржан Бопайқызы президенті"

      деген жолдағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Отель Астана" Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 923 қаулысында:

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Медетші қор" ЖАҚ)" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацтағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті тартқан мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 969 қаулысында:

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Медетші қор" ЖАҚ)" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Эксимбанкі" ашық акционерлік қоғамының және "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1267 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 522-құжат):

      тақырыбындағы "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Қордың", "Қор", "Қорға", "Қормен" деген сөздер "Компанияның", "Компания", "Компанияға", "Компаниямен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалардағы "Қорға" деген сөз "Компанияға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Медетші қор" акционерлік қоғамынын кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1316 қаулысында:

      тақырыбындағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Медетші қор" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор)" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Компания)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2, 3-тармақтардағы "Қормен", "Қорға" деген сөздер "Компаниямен", "Компанияға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы шеңберінде "Қарлығаш" шаруа қожалығына берілген кредит бойынша борышты аудару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 128 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 59-құжат):

      2-тармақтағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      10. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. "Медетші қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2278 қаулысында:

      тақырыбындағы "Медетші қор" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Медетші қор" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - Қор)" деген сөздер "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.06.2014 № 658 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады