Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2294 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2294 қаулысымен 
бекітілген     

Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру
тәртібі мен шарттары

      1. Осы Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттары (бұдан әрі - Тәртіп) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдалану үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаның тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) ерікті түрде беру жолымен анатомиялық сый жасау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді осы мақсаттарда пайдалану үшін анатомиялық сый ретінде беру тәртібін айқындайды.
      2. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны адам тиісінше ресімдеген сыйға беру шарты немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады.
      3. Биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый берілуі мүмкін денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) сот медицинасы және патологиялық, анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдары.
      4. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) мүшелерден (мүшелердің бөліктерінен) басқа, табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
      5. Осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген Комиссия азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркегеннен кейін адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қарайды.
      Комиссия анатомиялық сый ретінде бірінші кезекте табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін қарайды.
      6. Танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттер бар денсаулық сақтау ұйымдары осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді тіркеу журналын жүргізеді.
      7. Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін), сондай-ақ танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді денсаулық сақтау ұйымдарына беруді құрамында анатомиялық, сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының басшысы, ішкі істер органдарының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармалары жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптаманы жүргізген органның және анатомиялық сыйды қабылдап алатын денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бар комиссия жүзеге асырады. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру актісі осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес екі данада жасалады.
      8. Анатомиялық сыйды беру және алу кезінде анатомиялық сыйды беруші және қабылдап алушы денсаулық сақтау ұйымдары анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін тіркеуді осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жүргізеді.
      9. Осы Тәртіптің 6 және 8-тармақтарында көрсетілген танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу және анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналдары нөмірленуі, тігілуі және тиісті денсаулық сақтау ұйымының елтаңбалық мөрімен бекітілуі тиіс.
      10. Мәйітте ерекше белгілері болған кезде бұл факт анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жазба түрінде тіркеледі және (немесе) суретке түсіріледі.
      11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болғандардың, зорлықпен өлтіруден, өзін-өзі өлтіруден, жазатайым жағдайдан қайтыс болғандардың тіндерін және (немесе) мүшелерін (мүшелерінің бөліктерін), сондай-ақ мәйіттерін биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый түрінде беруге болмайды.
      12. Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) тасымалдау арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырылады, ал мәйітті тасымалдау оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.
      13. Сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қабылдап алған денсаулық сақтау ұйымы оларды туысқандары табылған жағдай үшін бір жыл бойы сақтайды.
      14. Денсаулық сақтау ұйымдарында анатомиялық сыйды пайдаланудың міндетті шарты қызметкерлердің және студенттердің жұмыстың барлық кезеңдерінде медициналық этиканы және дәрігерлік құпияны сақтауы болып табылады.
      15. Анатомиялық сый туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

Анатомиялық сый жасау және 
оны денсаулық сақтау    
ұйымдарына беру тәртібі    
мен шарттарына       
1-қосымша         

Танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу журналы

р/с

Танылмаған және сұрауы болмағанмәйіттің сипаттамалары

Мәйіттің табылған күні*

Денсаулық сақтау ұйымының атауы

Ішкі істер органдарына хабарланған, АХАЖ органдарына өтініш берілген күні

Мәйіт анатомиялық сый ретінде танылған және берілген немесе жерленген күн

Мәйіт анатомиялық сый ретінде берілген денсаулық сақтау ұйымы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе: * танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің жынысы, жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі.
      **Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Анатомиялық сый жасау және 
оны денсаулық сақтау    
ұйымдарына беру тәртібі    
мен шарттарына       
2-қосымша         

Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт

___________ қаласы                          200__ ж. «__» __________

____________________________________________________________________
(анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы бұйрығының
№ мен күні)
бұйрығымен құрамында:________________________________________________
         (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының
_____________________________________________________________________
Т.А.Ә., ішкі істер органдары, жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды
_____________________________________________________________________
басқару органы, сот-медициналық сараптама жүргізген орган
және_________________________________________________________________
анатомиялық сыйды қабылдап алатын денсаулық сақтау ұйымы
өкілдерінің__________________________________________________________
Т.А.Ә., лауазымы) (шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық
сыйды_______________________________________________________________
жасаған адамның Т.А.Ә. көрсетіледі не мәйіттің табылған күнінен
бастап қырық бес күннен ерте болмайтын мерзімде танылмаған және
сұрауы болмаған мәйіттерді есепке алу журналына сәйкес танылмаған
және сұрауы болмаған мәйіт тіркелген нөмір мен күн
көрсетіледі)_______________________________________ негізінде
құрылған комиссия
____________________________________________________________________
(анатомиялық сыйды жасаған адамның тіндері және (немесе) мүшелері
(мүшелерінің бөліктері) және Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
не жынысын, жасын, нәсілін, денесінің көлемін және басқа да жеке
ерекшеліктерін көрсетіп, танылмаған және сұрауы болмаған мәйіт
көрсетіледі)
____________________________________________________________________
                        (қайтыс болу себебі)

анатомиялық сый деп таныды және «Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабының
негізінде осы актімен тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің
бөліктерін) не танылмаған және сұрауы болмаған мәйітті (керегінің
астын сызу керек)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы)
________________________________________________________________-дан
________________________________________________________________-ға
(анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы)

биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық
және оқу мақсаттарына пайдалану үшін береді.

Осы акт 2 данада жасалды.

Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
________________________
      (күні)
Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымдарының М.О.

Анатомиялық сый жасау және 
оны денсаулық сақтау    
ұйымдарына беру тәртібі    
мен шарттарына       
3-қосымша          

Анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу
журналы

20___ жылғы «___» ________ басталды

Р/с

Анатомиялық сыйды жасаған адамның Т.А.Ә не танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің сипаттамалары*

Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні**

Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні

Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің № мен күні

Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы

Берілген күні**

Анатомияық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы

Анатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының Т.А.Ә. және қолы

Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің Т.А.Ә., лауазымы және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе: * танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің жынысы, жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі.
      **Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады