Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2321 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері» деген 5-бөлімде:
      «Ресурстарды басқарудың мемлекеттік автоматтандырылған жүйесін құру» деген 5.1-кіші бөлімде:
      «Е-Қаржының кіші жүйесі» деген тараудың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:
      «G4G ресурстарды басқарудың мемлекеттік функцияларының (қызметтерінің) базалық санаттары» деген 4-кестеде:
      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
      «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      «Ресурстарды басқарудың мемлекеттік жүйесін құру» деген 1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады