Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағында:
14) тармақшада «есептілікті жүргізуді» деген сөздерден кейін «, бюджетті» деген сөзбен толықтырылсын;
17) тармақша «реконструкциялауға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы «мемлекеттік басқару органдары ұсынатын» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, оның ішінде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ осы заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді және аффилиирленген заңды тұлғалары;»;
48) тармақша «өтелмеген» деген сөзден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 3) және 8) тармақшаларындағы, 58-баптың 1) тармақшасындағы, 67-баптың 11-тармағындағы тиісінше «және бюджеттік параметрлердің» және «және бюджеттік параметрлер» деген сөздер алып тасталсын, 60-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «дамуы мен бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөздермен ауыстырылсын; 61-баптың тақырыбындағы және 6-тармағындағы, 62-баптың 3-тармағындағы, 65-баптың 1-тармағындағы, 68-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «дамудың және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер «даму» деген сөздермен ауыстырылсын; 74-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы, 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде екінші абзацта, 77-баптағы, 78-баптың 5-тармағындағы «дамуының және бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөздермен ауыстырылсын; 128-баптың 2-тармағындағы және 130-баптың 2-тармағындағы «және бюджеттік өлшемдерде» деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-баптың 13) тармақшасы «мекемелер» деген сөзден кейін «және квазимемлекеттік сектор субъектілері» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптың 4-тармағындағы «кодексінде» деген сөз «және Кеден кодекстерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 19-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының (әкімнің) резервтен ақша бөлу туралы тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімін дайындау жүзеге асырылады.»;
6) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми ізгілік көмек көрсетуіне пайдаланылады.»;
6-тармақтағы «соңына» деген сөз «20 желтоқсанына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға бөлінген қаражатты пайдалануға, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес қаражат алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.»;
7) 29-баптың 1-тармағы «құжаттарын» деген сөзден кейін «, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік тапсырыс негізінде тартылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.
Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы және ақысыз негізде көрсетіледі.»;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
9) 38-баптағы «құруға» деген сөз «қалыптастыруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 41-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «тұлғаларға» деген сөзден кейін «, жарғылық капиталына ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг қатысатын заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасалып, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып,» деген сөздер «және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асыру шеңберінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік тапсырмалардың, мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
11) 44-бапта:
5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Өткен қаржы жылында бөлінген, пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.
Республикалық немесе облыстық бюджеттерден бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомасы жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.»;
12) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Нысаналы трансферттер
1. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шегінде:
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге:
жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын темен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге;
мемлекеттік бағдарламаларда, облыстың даму бағдарламасында, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бағытталған;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер нысаналы трансферттер болып табылды.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шегінде:
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін:
жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығыстарын өтеуге бағытталған;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінетін;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылды.
3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге мемлекеттік бағдарламалар, облыстың даму бағдарламасы, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
4. Іске асырылуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінетін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға жол беріледі.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінетін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылатын міндетті шығыстарға:
жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге орай бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар;
бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген қосымша құрамдас бөліктердің енгізілуіне орай бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар;
сыртқы тораптар, энергиямен жабдықтау объектілері, абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты шығыстар;
бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын пысықтауға арналған шығыстар;
үлгі жобаларды қолданған кезде құрылыстың нақты алаңына бекіту шығыстары;
жер учаскесін алып қойған кезде келтірілген залалдардың орнын толтыру үшін жер учаскелерінің, соның ішінде жылжымайтын мүлік иелеріне өтемақы төлеу жөніндегі шығыстар;
жаңадан пайдаланылатын объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар;
бюджеттік инвестициялық жобаның қымбаттауына алып келетін басқа шығыстар жатады.
5. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің нысаналы даму трансферттері бойынша төлем негізділігін растайтын құжаттары болған кезде және нысаналы трансферттердің жалпы сомаларын төмен тұрған бюджеттер арасында бөлуді бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер, төлемдер бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негізінде төмен тұрған бюджеттерге аударады.
6. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді;
төмен тұрған бюджеттің қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есебін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беру туралы міндеттемені;
жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінетін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылатын, осы баптың 4-тармағында көрсетілген шығыстардың түрлерін;
басқа да жағдайларды қамтитын құжат болып табылады.
7. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына жасалады.
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бүкіл кезеңіне ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей жасалады.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасайды.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген не олар қайта бөлінген жағдайда, нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген күннен бастап бір ай ішінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Егер бюджетті нақтылау кезінде ағымдығы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде көзделмеген нысаналы трансферттер бөлінсе, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі бекітілгеннен кейін бір ай ішінде осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады.
8. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
9. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
13) 53-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы «бюджеттік» деген сөздің алдынан «бюджеттен қоса қаржыландыру және концессиялық міндеттемелерді орындау шартымен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «ескеріле отырып,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті мен» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 54, 55, 56-баптардың 2-тармағының 2) тармақшасы «бойынша» деген сөзден кейін «бюджеттен қоса қаржыландыру және концессиялық міндеттемелерді орындау шартымен» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 61-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзірлейді және мыналарды:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:
жылдар бойынша бөліп көрсетілген Қазақстан Республикасының бес жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік параметрлер болжамын, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін;
мыналарды:
Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;
мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің негізгі параметрлерінің болжамын;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуы тиіс бюджет параметрлерінің үш жылға арналған болжамын;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:
жылдар бойынша бөліп көрсетілген өңірдің бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін;
мыналарды:
өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;
тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерінің болжамын;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуы тиіс бюджет параметрлерінің үш жылға арналған болжамын қамтиды.
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер қол жеткізуге бес жылдық кезең ішінде Қазақстан Республикасының немесе өңірінің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуға тиіс сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді.»;
2 және 5-тармақтар алып тасталсын;
16) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып әзірленеді.»;
2-тармақта:
«бюджеттік бағдарламаларға кіретін» деген сөздер алып тасталсын;
«айқындайтын құжат болып табылады» деген сөздер «айқындайды, жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемімен бірге бюджеттік бағдарламаларды қамтиды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
төртінші бөлікте:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің,» деген сөздер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктерімен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі стратегиялық жоспарды әзірлемейді.
Мәслихаттар аппараттарының стратегиялық жоспарларын осы мемлекеттік органдардың басшылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.»; 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін бір апта мерзімде пысықталып бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тиіс.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мәслихаттар аппараттарының стратегиялық жоспарлары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады, ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мәслихаттар аппараттарының стратегиялық жоспарлары - келесі қаржы жылының 10 қаңтарына дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тиіс.
7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) бюджет нақтыланған;
2) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған және қолданыстағылары өзгерген;
3) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;
4) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
5) секвестр жүргізілген жағдайларда жол беріледі.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
Қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаларды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.»;
8-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Меморандумдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.»;
бесінші бөлік «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, мәслихаттар аппараттары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген мақсатты индикаторлар өзгерген жағдайда мемлекеттік органның меморандумына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
17) 66-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдер ұсынады.»;
18) 67-баптың 4-тармағындағы «қызмет көрсетулер тізіліміне сәйкес мемлекеттік» деген сөздер алып тасталсын;
19) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың орталық мемлекеттік органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
20) 72-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 73-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 79-бапта:
1-тармақтағы «екі» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;»;
5) тармақша «әкімшілері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;»;
23) 94-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «активтерін сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздерден кейін «, қарыздарды» деген сөзбен толықтырылсын;
24) 95-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Стратегиялық жоспарда айқындалған міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері орындалған және бюджеттік бағдарламалар бойынша үнем қалыптасқан жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үнемделген соманы осы бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауы және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында бюджет қаражатын пайдаланудың атаулық және нысаналы сипатын сақтау шартымен мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделмеген міндеттерді орындауға пайдалануға құқылы.
Үнемделген соманы пайдалану туралы шешімді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері дербес қабылдайды.»;
25) 96-баптың 8-тармағы «бөлу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 97-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша тауарды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын тексереді, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғын тексереді.»;
6-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді.»;
27) 102-баптың 1-тармағындағы «Мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) сыныптамасы негізінде мемлекеттік мекеменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 104-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «пайдаланылуы мүмкін.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган олар бойынша ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
29) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «4-тармағында» деген сөзден кейін «, 20-бабының 5-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 107-бапта:
4-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
«ішінде» деген сөзден кейін «стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 108-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды іске асыру туралы қаулысына қол қойылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 109-баптың 5-тармағындағы «шешімге қол қойылғаннан кейін» деген сөздер «мәслихат шешімін іске асыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 111-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілген жағдайда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.»;
2 және 3-тармақтардың 1) тармақшасында:
«функциялары» деген сөзден кейін «мен штат санының лимиттері» деген сөздермен толықтырылсын;
«бөлуді» деген сөзден кейін «, қысқартуды (ұлғайтуды)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлінген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде темен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат бөлінген;»;
34) 112-баптың 1-тармағындағы «, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді» деген сөздер алып тасталсын;
35) 113-баптың 1-тармағында:
«экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына)» деген сөздер «экономиканың жеке саласының немесе қызмет аясының, қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«талдау, оның ішінде стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және іске асырылуын бағалау» деген сөздер «стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау негізінде талдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 124-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы
тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есебін;»;
37) 125-баптың 1-тармағындағы «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 127-бапта:
1-тармақтағы «1 сәуірінен» деген сөздер «25 наурызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «1 мамырынан» деген сөздер «20 сәуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 135-баптың 1-тармағындағы «тексеру» деген сөз «бақылау шараларын өткізу, бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 136-баптың 6-тармағының екінші бөлігі «сауалдар» деген сөзден кейін «мен заңды және жеке тұлғалардың өтініштері» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 138-баптың 3) тармақшасында:
«бағдарламалардың» деген сөзден кейін «, аумақтардың даму бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының)» деген сөздер «немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, басқа салалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 139-баптың 1) және 2) тармақшаларындағы «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
43) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:
1) бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат;
2) бақылаудың қорытындылары туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
3) қаулы - Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті шешімдерді қамтитын құжат;
4) қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжаты;
5) ұсыну - анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты;
ішкі бақылау қызметі:
1) ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын құжат;
2) ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде ішкі бақылау қызметі жасаған, жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттік органның басшысына берілетін құжат.
Ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп негізінде мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, ішкі бақылау объектісінің жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшін міндетті болатын ұсынуының жобасын жасайды.»;
44) 141-бапта:
6) тармақша «Қазақстан Республикасының Парламентіне» деген сөздерден кейін «қарау және бекіту үшін әрі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) республикалық бюджеттің атқарылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жүргізген бақылау нәтижелерін сұратуға құқылы;»;
21) тармақшадағы «ұсынымдар енгізеді,» деген сөздерден кейін «сыртқы» деген сөзбен толықтырылсын;
23) тармақша «мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі» деген сөздер «олар үшін үлгі ереже және олардың қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 142-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жүргізген бақылаудың нәтижелерін сұратуға құқылы;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді;»;
46) 144-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) ішкі бақылау объектісіне ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды енгізеді;
9-2) мемлекеттік органның басшысына ішкі бақылаудың нәтижелері туралы есепті енгізеді;»;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Аудандардың (облыстық бар маңызы қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізген кезде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметтері ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген аудан (облыстық бар маңызы қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын береді.»;
47) 145-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру және бақылау іс-шараларының қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау органдары бақылау іс-шараларының жоспарлары туралы ақпарат алмасуды олар бекітілгенге дейін жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тоқсан сайын республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану мәселелері бойынша бақылау жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат береді.»;
48) 146-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) актіні (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижелерімен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға. Нәтижелермен келіспеген жағдайда актіге (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) наразылықпен қол қойылады. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) наразылық осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзімде ұсынылады;»;
49) 151-бапта:
2-тармақ «деңгейіне қарай» деген сөздерден кейін «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Республикалық» деген сөз «Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«өлшемдер-» деген сөзден кейін «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «бюджеттік инвестициялық» деген сөздердің алдынан «бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Бюджеттік» деген сөз «Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 7-тармақтардағы «Жергілікті» деген сөз «Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен жергілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Республикалық» деген сөз «Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) инвестициялық ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу.»;
50) 153-бапта:
1-тармақтағы «жоспарларын» деген сөз «жоспарларының жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «инвестициялық ұсыныстардың тізбесін» деген сөздер «инвестициялық ұсыныстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық ұсыныстар:
1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
2) жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген экономика саласының немесе қызмет саласын дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;
4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда экономика саласының немесе қызмет саласының ықтимал даму нұсқаларын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;
6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың
аралас салаларына немесе қызмет саласына болжамды әсерін бағалауды қамтуы тиіс.»;
7-тармақ «әзірлеу» деген сөзден кейін «немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 154 және 155-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе
түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу және
бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық
жобаларды іріктеу
1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізуге қойылатын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.
2. Мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына қосу үшін негіз болады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылу мүмкіндігі мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
4. Техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар бойынша, үлгі жобалық шешімдер және қайта пайдалану жобалары бойынша салу көзделіп отырған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа сараптамадан өтуі тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыру жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеме мен оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін жауапты болады.
11. Экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар қажет болған жағдайда жүргізілген сараптама қамтымаған немесе толық қамтымаған мәселелер бойынша қосымша сараптама жүргізуді, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ және қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.»;
52) мынандай мазмұндағы 155-1, 155-2, 155-3 және 155-4-баптармен толықтырылсын:
«155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тиісті саланың мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігіне жауапты болады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді және оның оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына енгізеді.
4. Концессиялық ұсыныстардағы бюджеттік комиссиялар іріктеген концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамаларының жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу
1. Концессиялық ұсыныстардағы бюджеттік комиссиялар іріктеген концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуі қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негізде үш жылға арнап концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасына концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның аталған жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын оң қорытындысы негізінде тиісті бюджет комиссиясының қарауына концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуді бюджет комиссиялары іріктеген қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық
жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіздемелер
1. Мыналардың:
бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;
концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;
жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіндегі концессиялық жобаның;
Қазақстан Республикасының концессиялық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган ұсыныстарының;
бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасын енгізуге негіздеме болып табылады.
2. Концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізілуі тиіс.
3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
4. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін жауапты болады.
5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
53) 156-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі жөніндегі экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде жүзеге асырады.»;
мынадай редакциядағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
4-2. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен іске асырылуы жоспарланған бюджеттік инвестицияларды экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.»;
54) 157-бапта:
7 және 8-тармақтар мынандай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік инвестициялық жобаның бюджеттен қосымша шығыстарға әкеп соғатын жобалау-сметалық құжаттамасын тиісті бюджетті нақтыламай түзетуге жол берілмейді.
8. Бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
55) 158-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингін және бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
56) 159-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингін және бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
57) 162 және 163-баптардың 1-тармақтағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жасалған концессия шарты»;
58) 183-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «тәртібі мен өлшемдерін» деген сөздер «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылсын;
59) 203-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада:
«және жергілікті атқарушы органның борышын» деген сөздер алып тасталсын;
«лимиттерін» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуін және есепке алуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 206-бапта:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «инвестициялық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан сыртқы қарызды тартуды үкіметтік қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұйғарылып отырған әрбір бюджеттік инвестициялық жоба және (немесе) бюджеттік бағдарлама бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қарызы туралы келісім жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түрінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болып әрекет ететін қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық міндеттеме болып табылады.
3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, қызмет көрсету және өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
61) 215-баптың 3-тармағындағы «жарғылық капиталына мемлекеттің жүз процент қатысуымен құрылған» деген сөздер «мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз процент қатысуы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 216-баптың 3) тармақшасында:
«болуы;» деген сөз «болуы.» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақы, айыппұл) және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге төлемдердің сомасын жабады.
Сақтандыру шарты шарт бойынша қарыз алушының дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуі тиіс;»;
63) 217-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«217-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық
жобаларды іріктеу
1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге және экономикалық сараптамаға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
3. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.»;
64) 229-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және кедендік баждар бойынша берешегінің болмауы;»;
4) тармақша «органның» деген сөзден кейін «жобаның қаржылық сараптамасы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;»;
65) 230-бап «беру» деген сөзден кейін «немесе ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын;
66) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау
1. Кепілгерге міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қарызды төлем мерзімі басталған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін.
2. Мемлекеттің кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық саналы шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін және (немесе) қарызгерді банкрот тану немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол таратылған жағдайда атқарылуы тиіс.
Мемлекет кепілгерлігін орындау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шекте мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
3. Егер қарыз алушы төлеу мерзімі өтетін күні мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерін өтемеген жағдайда, кепілгер мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға құқылы. Бұл жағдайда кепілгер қарыз алушыға регресті талап қояды.
Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тәртіппен республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.»;
67) 245-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат, № 15-16, 74-құжат, № 17, 82-құжат, № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 2 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16; 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 20 қазандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 14 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 3-тармағының 1-3) тармақшасында:
«процесінің» деген сөзден кейін «сипаттамасын» деген сөзбен толықтырылсын;
«сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге» деген сөздер «қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге немесе олардың тобына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
«1-4) мемлекеттік қызмет регламенті - мемлекеттік қызметтер стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленетін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды және өзге де тұлғалар қызметінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет регламенті, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де адамдардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын белгілейді;».
4. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат, № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат, № 18, 84-құжат):
1) 1-бапта:
2-2, 2-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік тапсырыс негізінде тартылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де адамдардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы және тегін негізде көрсетіледі.
2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге немесе олардың тобына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.»;
мынадай мазмұндағы 2-6, 2-7-тармақтармен толықтырылсын:
«2-6. Мемлекеттік қызмет көрсету тобы - қызметтің, қызмет бағыттарының қажеттілігі кезінде және біртектілігіне байланысты мемлекеттік қызметті немесе оларды алушылардың нысаналы топтарының логикалық бірлестігі.
2-7. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызметтер стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленетін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды және өзге де адамдар қызметінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет регламенті, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де адамдардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын белгілейді.»;
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы заңнамамен белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлері.»;
3) 9 және 9-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау
1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның жұмыс жоспарының негізінде осы органның құрылымдық бөлімшелері де өз жұмыс жоспарларын жасайды.
9-1-бап. Регламент және стандарт
1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру мен оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
2. Мемлекеттік қызметтердің сапасына бірыңғай талаптарды іске асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттар әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет стандарттарын
Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі стандарт негізінде әзірленеді.
Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзге де адамдардың қызметін ұйымдастыру үшін олар мемлекеттік қызметтердің регламентін әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық ұйымдары және өзге де тұлғалар қатысқанда мемлекеттік қызмет регламентін олар бірлесіп әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық көмекті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 15-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары және өзге де адамдар мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін жүргізуді және мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгі стандарттарын жетілдіруді мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг және бағалау жүргізу үшін ақпарат жинауды ұйымдыстыруды мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының астанадағы өкілдігі - облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің астанада орналасқан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынастағы қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің құрылымындағы құрылымдық бөлімше.»;
2) 27-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
«жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын» деген сөздер «бағдарламасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мен бюджеттік параметрлердің» деген сөздер алып тасталсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарды штат саны лимитінің шегінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен астанада облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының өкілдігін құруға құқылы.
5. Астанада облыс, республикалық бар маңызды қала әкімі аппараты өкілдіктердің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің ережесімен анықталады.»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-8) тармақшамен толықтырылсын:
«1-8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;».
6. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі органға», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) концессиялық ұсыныс - ол концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін одан әрі дайындау мақсатында мемлекеттік орган әзірлейтін тиісті іс-шаралар жоспарының жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдамасы;»;
мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-2) концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу - бұл конкурстық құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, комиссияның концессиялық жобасы үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер, сондай-ақ тиісті бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған басқа да қызмет түрлерін көрсетуді қамтитын тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер;
8-3) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі - маркетингтік, техникалық-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асыру орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерін айқындау бойынша, сондай-ақ жобаны іске асырған кездегі оның мемлекеттік бюджетке экономикалық және оның саласының дамуына және әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжат;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық немесе жергілікті атқарушы органдар концессия шарты бойынша қызметін жүзеге асыру барысында концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тұтынушылары бола алады.»;
4) 8-бапта:
4) тармақшадағы «(бұдан әрі - ұсыныс)» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
өкілеттіктері
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) мыналарды:
концессиялық ұсыныстарды экономикалық сараптауды;
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) экономикалық сараптауды;
конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде сараптауды;
концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауды;
концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде сараптауды;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарын сараптауды;
концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады;
2) техникалық-экономикалық негіздемені экономикалық сараптау нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде келіседі;
4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шекарасын және басымдықтарын белгілейді;
5) концессия объектісінің құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
6) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды;
7) концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды.»;
6) 10-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
6) тармақша алып тасталсын;
7) 11-баптың 1) тармақшасы «ұсыныстарды» деген сөздің алдынан «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 12-бапта:
1) тармақша «ұсыныстарды» деген сөздің алдынан «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақша «жағдайда» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландыру жүзеге асырылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 13-баптың 1) тармақшасы «ұсыныстарды» деген сөздің алдынан «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
10) 14-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектісіне ерекше құқықтардың берілуі;»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
11) 15-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«концессиялық ұсыныстарды іріктеу;»;
12) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды дайындау
1. Концессиялық ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында жеке және заңды тұлғалардың жеке бастамашылық тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Мыналарды:
1) саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсатының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудан экономиканың сабақтас саласына болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтитын концессиялық ұсыныстар салалық сараптамаға жатқызылады.
3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
4. Тиісті саланың мемлекеттік органдары және жергілікті атқару органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігіне жауап береді.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстарды экономикалық сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады және оның қорытындысының негізінде әзірлеулерді немесе түзетулерді қаржыландыруды, сондай-ақ концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін тиісті бюджет комиссияларының қарауына қажетті сараптамалар жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
6. Әзірлемелерді немесе түзетулерді қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу, сондай-ақ концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
13) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджет комиссиялары іріктеп алған, концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жүргізілген пайда және шығын экономикалық талдауының негізінде концессиялық жобалардың жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығындарға алып келетін концессиялық жобалардың белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
4. Концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін мемлекеттік орган оны экономикалық сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады, ол осы Заңда айқындалған мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынады.
6. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі шешімдерде ұсынылатын экономикалық сараптаманың сапасына жауап береді.»;
14) 16-бапта:
3-тармақтағы «орта мерзімді бағдарламаларға,», «орта мерзімді фискалдық саясатқа,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Тізбеге енгізілмеген объектілер бойынша тиісті хабарламалар оларды қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге тиісті ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға жіберіледі.
5. Концессияға берілмеген концессия объектілері келесі орта мерзімді кезеңге арналып қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізіледі.»;
15) 17-баптың 1-тармағының 6) және 10) тармақшаларындағы «концессиялық жобаның бағаларын», «концессиялық жобаның бағасы» деген сөздер «концессия объектісінің құндарын», «концессия объектісінің құнын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 18-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «концессиялық жобаның» деген сөздер «концессия объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
2) жаңа заңды тұлға құруға қатысқан заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және/немесе заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.»;
17) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерден тұратын концессиялық өтінімдерді бағалау және оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессиялық шарттың жобасын, ұсынылған концессиялық өтінімдердің тиісті конкурстық өтінімінде қамтылған тәуелсіз бағалауды, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті бюджеттік бағдарламаны қарауға арналған концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге қорытынды енгізеді.
Бюджет комиссиялары іріктеген әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер тізбесін жасайды, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, конкурсқа қатысушылар табыс еткен барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.»;
5-тармақтағы «концессиялық жобасы» деген сөздер «концессиялық өтінімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 26-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «шаралары» деген сөз «түрлері» деген сөзбен ауыстырылсын;
7. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат, № 17, 78, 82-құжаттар):
1) 1-баптың 12) тармақшасы «шарттары бойынша» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 10-тармағының 2) тармақшасында:
«тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына» деген сөздер «мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс беру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шығаратын өзгерістер» деген сөздерден кейін «мен толықтырулар» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті