Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтары — мемлекеттік мекемелерін жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардығы № 11 Қаулысы

 

        «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) осы қаулының қосымшасына сәйкес мүліктік кешендер ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2.  Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім алынып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 11-жолда:
      2-бағандағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8560» деген жол алынып тасталсын;
      3-бағандағы «30680» және «26292» деген сандар тиісінше «22120» және «17732» деген сандармен ауыстырылсын;
      3) «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      «Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету» деген 4-тарауда:
      реттік нөмірі 2-жолдың 4-бағаны «, Орталық және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 қаулысына   
қосымша       

Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілетін
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

Р/с

Берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

1

«Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Ақмола облысының әкімдігі

2

«Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе облысының әкімдігі

3

«Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы облысының әкімдігі

4

«Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Атырау облысының әкімдігі

5

«Шығыс Қазақстан облысының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

6

«Шығыс Қазақстан облысының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

7

«Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысының әкімдігі

8

«Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

9

«Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды облысының әкімдігі

10

«Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Қостанай облысының әкімдігі

11

«Қызылорда облысының Халыққа қызмет кврсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысының әкімдігі

12

«Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау облысының әкімдігі

13

«Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысының әкімдігі

14

«Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

15

«Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

16

«Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының әкімдігі

17

«Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының әкімдігі

18

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының әкімдігі

19

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет корсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының әкімдігі

20

«Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласының әкімдігі

21

«Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласының әкімдігі

22

«Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласының әкімдігі

23

«Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласының әкімдігі

24

«Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады