Гаити Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 31 Қаулысы

      Гаити Республикасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қалыптасқан қиын экономикалық және әлеуметтік жағдайға байланысты Қазақстан Республиканың Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Гаити Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 100000 (бір жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін: «Ассаunt name: UNOG General Fund», «Bank name: JР Morgan Сhаsе», «Bank аddress: 270 Раrk Аvenue, 43rd Ғlооr, New Үоrk, NY 10017 USА», «bank number: (АВА) 021000021» «Ассaunt number: 485001802», «Bank Swift. сode: СНАS US 33».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады