Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
8-тармақтағы «Бөкейхан көшесі, 14» деген сөздер «Орынбор көшесі, 8» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов