Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 77 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағына берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 67-жол алынып тасталсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 7, 16-1-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-5-жолмен толықтырылсын:
      «16-5. Қолданбалы математика институты»;
      «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 20, 21-жолдар алынып тасталсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады