Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы N 796 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      234-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және "сауда министрлігі" және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" және "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Ұйымдастыру іс-шаралары" деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірлері 1.3, 1.4-жолдардың 3-бағанындағы "ИСМ-ге" деген сөз "ҚТКШІА-ға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмір 1.6-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ, ЭБЖМ" деген аббревиатуралар "ҚТКШІА, ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.7-жолда:
      4-бағандағы "ИСМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар "ҚТКШІА" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсы;
      6-бағандағы "42,834" және "21,6" деген сандар тиісінше "30,834"" және "9,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.8-жолда:
      4-бағандағы "ИСМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар "ҚТКШІА" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      6-бағандағы "89,905", "30,0" және "30,0" деген сандар "90,122"", "30,108" және "30,109" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.9-жолда:
      4-бағандағы "ИСМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар "ҚТКШІА" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "9,960 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 5,0 млрд, теңге; 2009 жылы - 4,960 млрд, теңге";
      реттік нөмірі 1.10-жолда:
      4-бағандағы "ИСМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ҚТКШІА" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "13 млрд. 492 млн. теңге" және "4 млрд. 624 млн. теңге" деген сөздер тиісінше "11 млрд. 180 млн. теңге" және "2 млрд. 312 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.11-жолда:
      4-бағандағы "ИСМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар "ҚТКШІА" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "6 млрд. 18 млн. теңге" және "2 млрд. 599 млн. теңге" деген сөздер "6 млрд. 979 млн. теңге" және "3 млрд. 560 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-бағандағы реттік нөмірі 1.13-жолдың 3-бағанындағы "ИСМ-ге" деген сөз "ҚТКШІА-ға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту" деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірлері 3.1, 3.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

3.1

ҚТҚЖБ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

Акциялардың эмиссиясын төлеу

ЭДСМ, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚТҚЖБ (келісім бойынша)

2008-2010 жылдар

10 млрд. 300 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 6 млрд. 600 млн. теңге; 2009 жылы - 1 млрд. 900 млн. теңге; 2010 жылы - 1 млрд. 800 млн. теңге

Республикалық бюджет

3.2

Республикалық бюджет есебінен бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭДСМ, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚТҚЖБ (келісім бойынша)

2008-2010 жылдар

57 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 23 млрд. 560 млн. теңге; 2009 жылы - 18 млрд. 277 млн. теңге; 2010 жылы - 15 млрд. 163 млн. теңге

Республикалық бюджет

"

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-түсіндіруді қамтамасыз ету" деген 4-бөлімде:
      реттік нөмірі 4.1-жолда:
      3-бағандағы "ИСМ-ге" деген сөз "ҚТКШІА-ға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-бағандағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚТКШІА" аббревиатурамен ауыстырылсын.
      реттік нөмірі 4.2-жолдың 3-бағанындағы "ИСМ-ге" деген сөз "ҚТКШІА-ға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4.3-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚТКШІА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі" деген жолда:
      6-бағандағы "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген сандар тиісінше "281,175", "106,658", "86,817" және "87,700" деген сандармен ауыстырылсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады