"ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 80 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазАгро» үлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) 2010 жылы «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес 023 «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ын несиелеу» бағдарламасы бойынша 80000000000 (сексен миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берілсін.
      2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөнінде іс-шаралар жүргізу болып табылады;
      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      3) кредит агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөнінде іс-шаралар жүргізу мақсатында қарыз нысанындағы қаражатты кейіннен қарыз алушының еншілес акционерлік қоғамдарына беру үшін ғана пайдаланылады;
      4) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің аяғында бір мезгілде жүзеге асырады;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу негізгі борышты өтеумен бір мезгілде жүзеге асырылады;
      6) қарыз алушының кредитті игеру кезеңі әкімші Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі қарыз алушының шотына қаражатты аударған күнінен басталып, 2010 жылғы 1 шілдеде аяқталады;
      7) қарыз алушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасауды;
      2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау мен мониторингін, өтелуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады