"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1047 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж. № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8 19-құжат;  9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; №  21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24; 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32 құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 206-2-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе. Тұлға жолсыздықты қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасыиың салық заңнамасына сәйкес хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы жойған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.»;
      2) 532-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе. Тұлға жолсыздықты қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы жойған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-П, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, №. 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмүндағы қырық тоғызыншы, бір жүз жетпіс алтыншы және бір жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «39-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) ашпастан, Қазақстан Республикасында тиімді басқару орны болуына байланысты өз құқықтары мен міндеттерін беру кезінде тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау»;
      «144-1-бап. Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырып жүрген резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
      «154-1-бап. Резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
      195-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екі жүз елу алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «200-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары»;
      201-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сезбен толықтырылсын;
      212-баптың тақырыбындағы «немесе ішінара» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші және екі жүз жетпіс бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      «212-1-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде алған табыстарына салық салудан босатуға немесе төмендетілген салық ставкасын қолдануға қатысты қолдану тәртібі»;
      «212-2-бап. Халықаралық шартты резидент еместің депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарына салық салудан ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі»;
      213-баптың тақырыбының қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      «213-бап. Халықаралық шартты резидент еместің тұрақты мекеме арқылы халықаралық тасымал бойынша қызмет көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі»;
      222-баптың тақырыбында «табыстар алуымен байланысты» деген сөздер «табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екі жүз сексен алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «227-1-бап. Резиденттің депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табысынан төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі»;
      алты жүз жетпіс тоғызыншы және алты жүз сексен алтыншы абзацтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегіз жүз жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «635-1-бап. Бюджеттен немесе шартты банктік салымнан табыс салығын қайтару бойынша резидент еместің салықтық өтініші негізінде салық агенттеріне тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі»;
      2) 12-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша «төлемдердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшада:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма;»;
      екінші бөлім мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның мақсаты үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
      26) тармақшадағы «10» деген цифрлар «7» деген цифрмен ауыстырылсын;
      28) тармақша алып тасталсын;
      39) тармақшада:
      сегізінші абзацтағы «оң» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы болып танылады;»;
      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41) тұлға - жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам) және заңды тұлға (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым);»;
      мынадай мазмұндағы 48) тармақщамен толықтырылсын:
      «48) инвестициялық алтын - мұндай алтынның сәйкестігін растау жөніндегі орган немесе заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханасы берген, мынадай:
      алтын монеталар үшін:
      мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;
      алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінен 900 мыңдық үлеске тең (бүл 900-сынамаға, 900-промиллаға, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес болады) немесе одан асатын шарттарға сәйкес ұлттық немесе халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге бір құжаты бар алтын.
      Бұл ретте алтын монета мынадай:
      1800 жылға дейін соғылған;
      «пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
      шығарылуы 1000 данадан аспайтын таралымға ие;
      оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан неғұрлым асатын шарттардың біріне сәйкес болған кезде нумизматикалық құндылыққа ие деп танылады.
      Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны сату күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңғы фиксингін (бағасы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен анықталады;
      қалған алтындар үшін:
      мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында әзірленген;
      мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең (бүл 995-сынамаға, 995-промиллаға, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сэйкес болады) немесе одан асады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
      1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылады;
      2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;
      3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы;
      4) заңды тұлға ірі қатысушының немесе басқа заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
      5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
      6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;
      7) тұлға өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың он және одан да көп пайыз қатысу үлестерін иеленеді, пайдаланады, билік етеді;
      8) жеке тұлға акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
      9) жеке тұлға ірі қатысушының не заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілері (аға-қарындастары) ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
      Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.
      Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып табылады.
      Өзара байланыстылығына бірден бір негіз 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін туындаған ұлттық холдингті басқарушының банктің жарғылық капиталындағы іpi акционер ретінде қатысуы және (немесе) осындай банктің басқару органында ұлттық холдингті басқарушының лауазымды тұлғасының қатысуы болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.»;
      3) 26-бапта:
      1-тармақта:
      «есептеуге және» деген сөздер «, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта «салық төлеушіден» деген сөздерден кейін «(салық агентінен)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 31-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша «төлемдерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша «салықтың», «салық» деген сөздердің алдынан «осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 37-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) тарату балансын;
      2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
      3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтерді алу үшін салықтық өтініш.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға мынадай талаптар;
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) есепке жатқызылатын қосылған қүн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
      5) кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сэйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек өтелген күннен бастап;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен бастап;
      5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен бастап соңында келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс еткенінен кейін салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама беруге міндетті.»;
      6) 38-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 39-бапта:
      l-тармақтың екінші бөлігінде:
      бірінші абзацта:
      «немесе бөліну балансы» деген сөздер алып тасталсын;
      «, бөлініп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақшадағы «табыс етеді.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) тапсыру актісін табыс етеді.»;
      үшінші бөліктегі «, бөлініп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде тарату салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме қайта пайда болған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.
      Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі тарату салық есептілігін ұсынғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін ұсыну тарату салық есептілігін ұсыну күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Заңды тұлғаны бөлу жолымен қайта ұйымдастырған кезде мұндай тұлға бөлу балансын бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына көрсетілген балансты ұсынады.»;
      6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «үш» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
      «39-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаларға - Қазақстан
                 Республикасындағы тиімді басқару орнының болуына
                 байланысты құқықтар мен міндеттерді беру кезінде
                 оның филиалын (өкілеттігін) ашпастан тұрақты
                 мекеменің салық берешегін орындауы
      1. Резидент емес заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында
филиалын (өкілеттігін) ашпастан тұрақты мекемесі болған және тиімді басқару орнын шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      Салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетілген заңды тұлға салық органына:
      1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті;
      2) тарату салық есептілігін;
      3) тапсыру актісін ұсынуға міндетті.
      Тарату салық есептілігі құқықтар мен міндеттерді табыстайтын тұрақты мекеме мұндай есептілікті салық органына берген күнге дейін ұсыну жөніндегі міндеттеме туындаған салық кезеңінен басталғандағы кезең үшін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша құрылады.
      Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі тарату салық есептілігін ұсынғаннан кейін басталған жағдайда мұндай кезекті салық есептілігін ұсыну тарату салық есептілігін ұсыну күніне дейін жүргізіледі.
      2. Құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
      3. Тұрақты мекеменің құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
      4. Егер құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекемеде бюджетке артық (қате) төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 599, 601-баптарында белгіленген тәртіппен тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
      5. Құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекемеде салық берешегі болмаған кезде бюджетке артық (қате) төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.
      6. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды түлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 595-бабында белгіленген тәртіппен тапсыру актісінің негізінде береді.»;
      9) 40-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      2) тармақшаның бірінші бөлігінде «табыс етеді» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтінішті табыс етеді.»;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастыру кезінде алған мүлікке барабар қайтаруға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек өтелген күннен бастап;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен бастап соңында келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      6-тармақта:
      бірінші бөліктегі «және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін өтегеннен» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі «қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күні» деген сөздер «ұлттық сәйкестеңдіру нөмірлері тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 41-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі тарату салық есептілігін ұсынғаннан кейін басталған жағдайда мұндай кезекті салық есептілігін ұсыну тарату салық есептілігін ұсыну күнінен кешіктірмей жүргізіледі.»;
      10-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында «салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген құжаттарды қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер мынадай талаптар:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
      5) кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек өтелген күннен бастап;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
       4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен бастап;
      5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен бастап соңында келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      11) 42-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі тарату салық есептілігін ұсынғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін ұсыну тарату салық есептілігін ұсыну күнінен кешіктірмей жүргізіледі.»;
      9-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметін тоқтатқан жекеше нотариус, адвокат орналасқан жері бойынша салық органына мыналарды ұсынуға міндетті:»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген қызметін тоқтатқан жекеше нотариус, адвокат мынадай талаптар:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және есімпүлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған қызметін тоқтатқан жағдайда жекеше нотариус, адвокат осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек өтелген күннен бастап;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен бастап соңында келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      12) 43-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «болып табылмайтын» деген сөздерден кейін «(болып табылмаған)» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      «дара кәсіпкер» деген сөздің алдынан «қызметін тоқтататын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі тарату салық есептілігін ұсынғаннан кейін басталған жағдайда мұндай кезекті салық есептілігін ұсыну тарату салық есептілігін ұсыну күніне дейін жүргізіледі.»;
      13-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына мыналарды ұсынуға міндетті:»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешектің болмауы;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болған қызметі тоқтатылды деп саналатын дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
      1) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек өтелген күннен бастап;
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпүлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен бастап;
      4) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен бастап соңында келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
      13) 46-бапта:
      4-тармақта «мәмілесі (мәмілелері)» деген сөздерден кейін «немесе сот жарамсыз деп таныған мәміле (мәмілелер) деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы «шағымды, талап қоюды» деген сөздер «өтінішті (шағымдарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «8. Осы бапта белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі резидент еместің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банктік салымды қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау немесе резидент еместің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органы бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банктік салымды қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімге шағымын немесе резидент еместің осы тармақта көрсетілген салық органының шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған уәкілетті органның шешіміне шағымын қарау кезеңінде өткен жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
      9. Осы бапта белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі уәкілетті орган осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде талап қою мерзімі өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шет мемлекеттің уәкілетті органының және (немесе) құзыретті органының шешімін орындағанға дейін ұзартылады.»;
      14) 51-баптың 2-тармағы 2) тармақшасында «оны өндіріп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге жататын салықтың» деген сөздер «бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 57-баптың 1-тармағы «есепке алуды» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен» деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 65-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) корпоративтік табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілігінде көрініс табуы тиіс мәліметтер.»;
      3-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацында «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      17) 67-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақшадағы «есепке жазылған және төленуге жататын сомасы» деген сөздер «кірістері» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалар;»;
      2) тармақшадағы «резидент еместердің» деген сөздер «шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың ныцифрлары салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылардың бөлігінде мынадай мәліметтер көрсетілуі мүмкін:»;
      18) 68-бап 7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «149, 162-баптармен,» деген сөздер «149-бабында, 162-бабының 1-тармағымен,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 85-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады;»;
      20) 87-бапта:
      4-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімдерге жататын шығындардан (шығыстардан);»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 13-тармақтары, сондай-ақ 101-114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырмашылық;»;
      10-тармақтың бірінші бөлігіндегі «7» деген цифр «9» деген цифрмен ауыстырылсын;
      21) 93-бапта:
      «жеке топты» деген сөздер «жинақталған шығыстардың жеке тобын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      Егер осы Кодекстің 111-бабының 5-тармағына сәйкес жинақталған шығыстар тобының құндық балансын азайтатын шегерілген активтердің құны осы Кодекстің 122-бабының б-тармағына сәйкес түзету сомасына ұлғайтылған салық кезеңінің басындағы мұндай топтың құндық балансынан асып түссе, асып түсу шамасын жиынтық жылдық табысқа енгізілуге жатады»;
      22) 103-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;»;
      23) 111-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін бағалау, абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға, өндіруге дайындық жұмыстарына іс жүзінде жұмсаған шығыстары, жалпы әкімшілік шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомасы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу жөніндегі шығыстар және осы Кодекске сәйкес шегерімге жататын өзге де шығыстар жинақталған шығыстардың жеке тобын құрайды. Көрсетілген жинақталған шығыстар тобының құны пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімдерге жатады. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің аяғында жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бірақ жинақталған шығыстар тобының құндық балансына қарағанда 25 пайыздан аспайтын амортизация нормаларын қолдану арқылы есептеледі.»;
      үшінші бөлік «осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Жинақталған шығыстар тобының салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
      салық кезеңінің басындағы жинақталған шығыстар тобының құндық балансы
      алу
      салық кезеңінде шегерілген, жинақталған шығыстар тобында ескерілген активтер
      қосу
      осы Кодекстің 122-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
      Топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
      өткен салық кезеңінің аяғындағы жинақталған шығыстар тобының құндық балансы
      алу
      еткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдарды сомасы ретінде айқындалады.
      5. Жинақталған шығыстар тобында ескерілген шегерілген активтер жинақталған шығыстар тобының құндық балансын тіркелген активтерді шегеру үшін белгіленген осы Кодекстің 119-бабының ережелеріне сәйкес айқындалатын құнға азайтады.»;
      24) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «114-бап. Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдерді шегеру.
      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
      1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі ішінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде есептелгендер және (немесе) есепке алынғандар шегінде;
      2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңінде есептелгендер және (немесе) есепке алынғандар шегінде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шегерімге жатады.
      Бұл ретте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстің 599, 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгенін ескере отырып айқындалады.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу және есептеу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      2. Мыналар:
      1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтік табыс салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар;
      3) жеңілдікті салық салынатын елдерде төленген салық;
      4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерімге жатпайды.»;
      25) 115-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) сот жарамсыз ден таныған мәміле (мәмілелер) бойынша шығыстар;»;
      7) тармақшада:
      «, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы» деген сөздер «салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 116-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы «осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 118-бапта:
      2-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстің ЮО-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығындар (шығыстар);»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстің 101-114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындар (шығыстар);»;
      3. 4, 5 және б-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауарлық-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан ауысу жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны мұндай түсім күні айқындалған бухгалтерлік есепке сәйкес оның баланстық құны болып табылады.
      Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған сатуға арналған тауарлық-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан ауыстыру жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны бухгалтерлік есепке сәйкес түскен күнгі баланстық құн мөлшерінде, бірақ осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспай айқындалады.
      4. Тіркелген активтерді қайтарымсыз алған кезде тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқыда таныған кезде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындарды - ескере отырып, аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген алынған активтердің баланстық құны болып табылады.
      5. Жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқыда таныған кезде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құн болып табылады.
      6. Салық төлеушіні біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген активтерді алған кезде осындай тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқыда таныған кезде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген алынған активтердің баланстық құны болып табылады.»;
      11-тармақтағы «көшу күніне» деген сөздерден кейін «арзандатулар мен қайта бағалауларды ескермей» деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 122-бап 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «3-тармағына» деген сөздер «4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 125-баптың 2-тармағында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстің 101-114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
      30) 133-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Өтеусіз берілген активтердің құны аталған активтерді қабылдау-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің баланстық қүны мөлшерінде айқындалады;»;
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар.
      Осы тармақтың ережелері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік еткен;
      аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызы осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраған жағдайда қолданылады;»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 137-бабының 3-тармағында көрсетілген залалдар сомасына азайтылады.»;
      31) 136-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 2-4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ I топтың тіркелген активтерін шегеруден шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен келген залал болып табылмайды.»;
      32) 137-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар осы Кодекстің 133-бабы 2-тармағының б) тармақшасында көрсетілген құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдарға мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
      1) акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік еткен;
      2) аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызы осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраған жағдайда қолданылады;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ауыл шаруашылығы өнімін, аквадақыл (балық шшаруашылығының) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне көшірілмейді.»;
      33) 141-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы «тиісті қаржы жылының» деген сөздер «өткен қаржы жылына сәйкес келетін қаржы жылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада «және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және б) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) осы Кодекстің 135-баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
      6) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.»;
      34) 143-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) пэтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға төленетін депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзінен салық салынуға жатпайды.»;
      35) 144-бапта:
      1-тармақта «немесе 4-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ «осы Кодекстің» деген сөзден кейін «143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген кірістерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлға өзінің шешімімен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті дел осындай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзіне салынатын кірістер бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер салық агенті деп жаңадан құрылған құрылымдық мекеме танылса, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент емеске төленетін (төлеуге жататын) кірістерден төлем кезінен үсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.»;
      36) мынадай мазмұндағы 144-1-баппен толықтырылсын:
      «144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан
                  қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент
                  еместердің табыстарына салық салу тәртібі
      Осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент еместердің табыстарын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      37) 147-бапта:
      1-тармақтағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «10» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      38) 149-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      39) 150-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      «тіркеу есебінде тұрған» деген сөздер «орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      40) 151-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      41) 154-баптың 1-тармағында:
      «төлем көзінен» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
      «осы тарауда және осы Кодекстің 19 және 25-тарауларында» деген сөздер «осы Кодекстің 19-тарауында» деген сөзбен ауыстырылсын;
      42) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:
      «154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық
                  салу тәртібі
      Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарын есептеу, ұстап қалу және табыстарынан жеке табыс салығын аудару, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      43) 155-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшада:
      бірінші абзацтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік іссапарлар кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы өтемақылар:»;
      үшінші абзацтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      төртінші және бесінші абзацтардың қазақ тіліндегі мәтіндері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының шегінде іссапар кезінде - қырық тәуліктен аспайтын кезең үшін әрбір тәулікке республикалық бюджет туралы заңда көзделген және тиісті қаржы жылғы 1 қаңтарда қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік;
      Қазақстан Республикасынан тысқары іссапар кезінде - қырық тәуліктен аспайтын кезең үшін, әрбір тәулікке республикалық бюджет туралы заңда көзделген және тиісті қаржы жылғы 1 қаңтарда қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік;»;
      20) тармақшаның қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      44) 156-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері шетелдік қор биржасында орналастырылған және айналымдағы базалық активтер болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерге қолданылмайды;»;
      7) тармақшада:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «дивиденттер төлейтін заңды тұлға дивидендтер төлеу күні дивидендтер төленетін кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;»; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы дивидендтерді төлеу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрау шарттары орындалған кездегі дивидендтер.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) құнындағы үлесін айқындау тәртібі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;»;
      жетінші абзацта «алып қойған кезде» деген сөздерден кейін «, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша «және мұндай төлем күні қолданыстағы» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар
      Осы тармақтың ережелері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік еткен;
      аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызы осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраған жағдайда қолданылады;»;
      45) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «158-бап. Салық ставкалары
      1. Осы баптың 2-4-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектілерге күнтізбелік жыл бойында мынадай ставкалар бойынша салық салынады:     

Салық төлеушінің күнтізбелік жылдағы салық салынатын табысы мына мөлшерде

Ставкасы

200 еселік жылдық есептік көрсеткіштен аспайтын

салық салынатын табыс сомасының 10 пайызы

200 еселік жылдық есептік көрсеткіштен асатын, бірақ 330 еселік жылдық есептік көрсеткіштен аспайтын

200 еселік жылдық есептік көрсеткішке тең салық салынатын табыс сомасының 10 пайызы + 200 еселік жылдық есептік көрсеткіштен асатын, бірақ 330 еселік жылдық есептік көрсеткіштен аспайтын салық салынатын табыс сомасының 15 пайызы

330 еселік жылдық есептік көрсеткіштен асатын

200 еселік жылдық есептік көрсеткішке тең салық салынатын табыс сомасының 10 пайызы + 330 еселік жылдық есептік көрсеткіштен асатын салық салынатын табыс сомасының 20 пайызы

      Осы бапты қолдану мақсатында жылдық есептік көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына дейін әрекет ететін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселік мөлшері ретінде анықталады.
      2. Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табысқа 5 пайыз ставка бойынша салық салынады.
      3. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша ақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табысқа 10 пайыз ставка бойынша салық салынады.
      4. Жекеше нотариустардың, жекеше сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарына 10 пайыз ставка бойынша салық салынады.»;
      46) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төлем көзінен салық салынатын табыстан жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты жеке тұлғаға төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Жеке тұлғаға табысты төлеу дегенде:
      1) ақшаны қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес ныцифрларда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, тауарларды және өзге де мүлікті меншікке беру;
      2) берешекті өтеу есебінен және (немесе) ақысыз негізде жүргізілетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
      3) борышты талап ету есебінен;
      4)борышты көшіру;
      5) мәміле талаптарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерінің азаюы;
      6) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түсініледі.»;
      47) 162-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті салық төлеу орны бойынша салық органдарына есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей ұсынады.»;
      48) 166-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақта:
      1) тармақшаның қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы жиынтығында күнтізбелік бір жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;»; 3) тармақша алып тасталсын;
      49) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «167-бап. Салықты есептеу және ұстау
      1. Жеке табыс салығын есептеу және ұстау күнтізбелік жылдың басынан бастап, өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.
      2. Қызметкердің табыстары бойынша салық кезеңінде бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы, жеке табыс салығы есептелетін салық кезеңін қоса алғанда, қызметкердің күнтізбелік жылдың басынан бастап, өспелі қорытындымен есептелген табыстары бойынша жеке табыс салығы сомасының тиісті айға қызметкердің табысын қайта есептеу коэффициентіне қатысы ретінде одан қызметкердің табыстары бойынша алдыңғы салық кезеңдері үшін күнтізбелік жылдың басынан бастап, өспелі қорытындымен есептелген, бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын алып тастаумен есептеледі.
      3. Қызметкердің табыстары бойынша күнтізбелік жылдың басынан бастап, өспелі қорытындымен есептелген жеке табыс салығының сомасы қызметкердің жеке табыс салығы салынатын табысының есеп айырысу сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.
      4. Қызметкердің жеке табыс салығы салынатын табысының есеп айырысу сомасы тиісті айға қызметкердің табысын қайта есептеу коэффициентін күнтізбелік жылдың басынан бастап, өспелі қорытындымен, осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына көбейту жолымен анықталады.
      5. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкердің табысын қайта есептеу коэффициента күнтізбелік жылдағы айлардың санын білдіретін санның қызметкердің жеке табыс салығы салынатын табысының есеп айырысу сомасы айқындалатын айлардың санын білдіретін санға қатынасы ретінде айқындалады.
      6. Қызметкер күнтізбелік жыл бітпей түрып жұмыстан босатылған кезде қызметкердің табысынан соңғы жұмыс айы үшін жеке табыс салығын есептеу кезінде «1» салынатын қайта есептеу коэффициента қолданылады.
      7. Қызметкер күнтізбелік жыл бітпей тұрып жұмыстан босатылған кезде салық агенті іс жүзінде жұмыс істеген кезеңі үшін алған табысына сүйене отырып, жеке табыс салығын қайта есептеу жүргізуге және қызметкерге, күнтізбелік жылдың басынан бастап жұмыс істеген кезеңі үшін алған табысы және төленген салығы туралы анықтама беруге міндетті.
      8. Алынған табыс және төленген салық туралы анықтамада мыналар:
      1) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      2) салық төлеушінің ЖСН-і;
      3) анықтаманы берген ұйымның атауы;
      4) анықтаманың жасалған күні;
      5) есептелген табыстар;
      6) оған сәйкес табысты түзету жүргізілген баптың 1-тармағының тармақшасының нөмірін корсете отырып, осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салуға жатпайтын табыстары;
      7) оған сәйкес салықтық шегерім жүргізілген баптың 1-тармағының тармақшасының нөмірін көрсете отырып, осы Кодекстің 166-бабының
1-тармағы 1)-6) тармақшаларында көзделген салықтық шегерім;
      8) жеке табыс салығы салынатын табыстар;
      9) есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетілуі тиіс.
      Бұл ретте, мына:
      осы тармақтың 6), 7), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштер жұмыс істеген кезеңі үшін айлар бөлінісінде көрініс табады.
      осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштер жұмыс істеген кезеңі үшін айлар бөлінісінде, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағы 1)-6) тармақшаларында көзделген әрбір салықтық шегерім бойынша жеке көрініс табады.
      9. Күнтізбелік жыл бойында жұмыс беруші өзгерген кезде төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу және ұстау бойынша салық агенті өз міндеттерін орындауы үшін қызметкер салық агентіне бұрынғы жұмыс беруші болып табылатын салық агенті берген, күнтізбелік жылдың басынан бастап, жұмыс істеген кезеңі үшін алған табысы және төленген салығы туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.»;
      50) 169-бапта «ставканы» деген сөз «ставкаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      51) 171-бап бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «171-бап. Салық сомасын есептеу
      1. Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.
      2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстау, осы Кодекстің 167-бабында белгіленген тәртіпке ұқсас тәртіппен, өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.»;
      52) 172-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «1 және 2-тармақтарында» деген сөздер «2 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      53) 174 және 176-баптарда «ставканы» деген сөздер «ставкаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      54) 178-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер де осы бапта және осы Кодекстің 182-бабында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем кезінен салық салынбайтын, тиісті табыстық салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен дербес жүргізеді.
      Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасына азаяды.
      Төлем көзінен салық салынбайтын, тиісті табыстың салық салынатын сомасы төлем көзінен салық салынбайтын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және б-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      2 және 4-тармақтарда «ставканы» деген сөздер «ставкаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      55) 180-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшасының қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      5) тармақшасында «бағалы қағаздарды» деген сездерден кейін «, инвестициялық алтынды» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта «87-бабының 5-тармағына» деген сөздер «87-бабының 5 және 6-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      56) 182-баптың 1-тармағында «1» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
      57) 183-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкердің салық салынатын табысы осы Кодекстің 83-133, 136, 137, 224-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығы салынатын объектіні айқындау үшін белгіленген тәртіппен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып және осы Кодекстің 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдермен айқындалады.»;
      58) 184-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге» деген сөздер «шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      59) 187-бапта «ставканы» деген сөздер «ставкаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      60) 189-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      5-тармақтың бірінші бөлігінде «өзге заңды тұлғалар» деген сөздер «шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      61) 190-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      62) 191 -бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «191-бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі
      1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, ол Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:
      1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) жеткізу жүзеге асырылатын кез келген орын;
      2) кез келген басқару орны;
      3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын, пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөнінде қызметтер көрсететін кез келген орын;
      4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;
      5) жабдықты орнатуды, монтаждауды, жинауды, қалпына келтіруді, іске қосуды жүзеге асыратын кез келген орын. Бұл ретте тұрақты мекеме мұндай жабдыққа кейіннен қызмет корсете отырып, осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерінің ең болмағанда біреуін жүзеге асыру кезінде пайда болады;
      6) ойын автоматтарын (жалғамаларын коса), компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, жөнге келтіруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлік немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметті жүзеге асыратын;
      7) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сату орны;
      8) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;
      9) осы баптың 4-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;
      10) Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасында резидент еместің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын адамның орналасқан жері;
      11) резиденттің-шет мемлекеттің не, егер мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, онда бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емеспен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының орналасқан жері.
      2. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді корсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген дәйекті он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аса жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін резидент емес жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін байланысты жобалар деп өзара байланысты немесе өзара тәуелді жобалар, келісімшарттар (шарттар) танылады.
      Өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін келісімшарттар (шарттар) танылады:
      1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша резидент немесе немесе оның өзара байланысты тарапы сол бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсетеді;
      2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайды.
      Өзара тәуелді деп резидент емес немесе оның өзара байланысты тарапы немесе салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасалған келісімшарттар (шарттар) танылады, резидент еместің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай резидент еместің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.
      3. Егер мұндай қызмет он күннен астамға созылса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында көрме-жәрмеңке саудасын жүзеге асыру кезінде резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
      4. Резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметінен ерекшеленетін дайындық және көмекші сипаттағы қызметті жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тұрақты мекеме құруға алып келмейді. Бұл ретте дайындық және көмекші сипаттағы қызмет басқа (үшінші) тұлғалар үшін емес, резиденттің өзі үшін жүзеге асырылуға тиіс. Дайындық және көмекші сипаттағы қызметке:
      1) кез келген орынды тек қана резидент емеске тиесілі тауарларды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;
      2) тұрақты қызмет орнын тауарларды сатпастан, оларды тек қана сатып алу мақсатында ұстау;
      3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметі болып табылмаса, тек қана ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, резидент еместің сататын тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) жарнамалау немесе нарықты зерделеу үшін ұстау жатады.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, егер резидент емес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тәуелді агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай резидент емес, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тәуелді агент ол үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесі бар резидент емес ретінде қарастырылатын болады.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін тәуелді агент деп бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін тұлға танылады:
      1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасындағы резидент еместің мүдделерін білдіруге, резидент еместің атынан және есебінен белгілі бір заңды әрекеттер істей және (немесе) жасай алатын мүдделерін білдіруге өкілетті;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызметті олар кедендік брокер, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырады;
      3) оның қызметі осы баптың 4-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы, егер еншілес ұйым мен резидент емес заңды тұлға арасында осы баптың 5-тармағының ережелеріне сай келетін қатынастар туындаса, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылады. Өзге жағдайларда резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылмайды.
      7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, өзге заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсететін резидент емес бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде:
      1) егер мұндай персонал өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан ғана және соның мүдделерін көздеп қана әрекет етсе;
      2) шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсететін резидент емес осындай персоналдың орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
      3) резидент еместің шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы резидент еместің осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының он пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
      Шетелдік персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызмет көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшін резидент емес көрсетілетін қызметтерді алушыға бастапқы құжаттарының көшірмелерін табыс етуге міндетті. Осы бапта белгіленген талаптар орындалған кезде, шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызметті көрсететін резидент еместің табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін резидент еместің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасынан тыс жерде көрсетілген болып танылады.
      8. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгіленген тәртіппен салық органына салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
      Егер резидент емес бір салық органында тіркелуге тиіс екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда резидент еместің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтығында бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.
      Егер резидент еместің осы баптың 2, 3, 6, 8 немесе 10-тармақтарында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса жэне ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеледі және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.
      Егер резидент емес қызметін мұндай резидент еместің тұрақты мекемесін салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастағаннан кейін келесі он екі айлық кезең ішінде қайта жаңартпаса, онда мұндай резидент емес тұрақты мекеме құрған деп танылады және мұндай қызметтің бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс. Осы абзацтың ережелері, егер резидент емес салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай резидент еместің тұрақты мекемесінің сол немесе ұқсас қызметі болып табылатын осы баптың 2, 3 немесе 6-тармақтарының ережелеріне сәйкес келетін қызметті жүзеге асырса қолданылады.
      Егер тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырған резидент емес осы бапта көрсетілген қызметін Қазақстан Республикасының аумағында онда салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есептеу жөніндегі салық міндеттемесі туындаған соңғы күннен бастап келесі он екі айдан асатын кезең ішінде жүзеге асырмаса, онда мұндай резидент еместің қызметі бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған:
      мұндай қызмет осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
      бұрын тіркелген тұрақты мекеме осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен қызметін тоқтатқан кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме құрады.
      9. Резидент еместер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:
      мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес болған кезде тұрақты мекеме құрады;
      салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.
      10. Резидент еместің салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелмегеніне немесе әділет органдарында есептік тіркеуден өтпегеніне қарамастан, резидент еместің қызметі осы баптың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемені құрады.
      11. Осы Кодексті қолдану мақсатында резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күні ретінде:
      1) мыналарға:
      Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, немесе
      өз атынан Қазақстан Республикасында іс-әрекет жасауға өкілеттіктер беруге;
      сату мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;
      Қазақстан Республикасында бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде резидент еместің жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
      Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында резидент еместің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы келісімшарттың (шарттың, келісімнің) бірін жасасу;
      2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күні не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген келісімшарттың талаптарын орындау үшін қызметкердің Қазақстан Республикасына келген күні танылады. Бұл ретте резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күні осы тармақшада көрсетілген алғашқы күндердің бірінен бұрын бола алмайды.
      3) осы баптың 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға резидент еместің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.
      Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген күндердің неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
      12. Егер резидент емес қызметін қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырса, онда резидент еместің мұндай филиалына немесе өкілдігіне осы Кодекстің резидент еместің тұрақты мекемесі үшін көзделген ережелері қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкілдіктің осы Кодекстің 217-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқықтары бар.»;
      63) 192-бапта:
      1-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқару, қаржы (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру), консультациялық, аудиторлық, заңи (соттарда және төрелік органдарда мүдделерді білдіру және қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтердің қоспағанда) көрсетуден түсетін табыстар.
      Осы бөлімнің мақсатында қаржы қызметтері деп сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі танылады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындайтын салық салудағы жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің нақты орындалған (көрсетілген, өткізілген) жеріне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетін табыстары, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де табыстары;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, санкциялардың басқа да түрлері;»;
      9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасында орналасқан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақы нысанындағы табыстар;
      11) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы нысанындағы табыстар;
      12) роялти нысанындағы табыстар;»;
      16) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар.»;
      үшінші бөлікте:
      екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы ішіндегі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «пайдалы қазбаларды құбыр жолдармен тасымалдар болып танылмайды;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) халықаралық тасымалда жай көлік құралы (теміржол вагондарын қоспағанда) не көлік жабдығы үшін төлем түріндегі табыс;»;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен резидент емес жеке тұлғаның табыстары.
      Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда, оның ішінде:
      үшінші тұлғалардан резидент емес жеке тұлға алған тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге төлем және (немесе) олардың өндіріп алу;
      резидент емес жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
      резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару болып танылады;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түріндегі резидент емес жеке тұлғаның табыстары.
      Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда, оның ішінде:
      үшінші тұлғалардан резидент емес жеке тұлға алған тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге төлем және (немесе) олардың өндіріп алу;
      резидент емес жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
      резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару болып танылады;»;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан қайтарымсыз негізде алынған мүлкін қоспағанда, қайтарымсыз негізде алынған немесе мұраға қалдырылған мүлкі, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары.
      Қайтарымсыз негізде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің қүны осындай қызметтерді орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шыққан шығыстар мөлшерінде анықталады.
      Қайтарымсыз негізде орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, қайтарымсыз негізде алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның теңгерім құны мөлшерінде анықталады.
      Бухгалтерлік есеп деректерінен қайтарымсыз негізде алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күнгі мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
      мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласында уәкілетті мемлекетті орган белгілеген қүн негізінде;
      көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың котировкасы негізінде белгіленеді.
      Осы тармақшада белгіленген тәртіппен қайтарымсыз негізде алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құны мүлікті бағалау туралы есеп негізінде анықталады;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.
      Бұл ретте осы баптың 1)-4), 8), 10)-12), 16)-17), 21), 21-1), 26-29) тармақшаларының ережелері табыстарды мыналардың:
      резидент;
      егер төлем осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес;
      егер филиал, өкілдік қайталама салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабы 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, резидент еместің филиалы, өкілдігі есептеуі және (немесе) төлеуі талабымен қолданылады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместің табысы мыналар:
      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және меншік қаражаты есебінен оның ұсталымынсыз салық агенті Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
      2) оларға резидент жүктеген басқарушылық міндетті орындауға байланысты шеккен басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге орган) мүшелеріне шығыстарға өтемақы, мынаның шегінде:
      мұндай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде броньға шығыс төлемдерін қоса алғанда, басқарушылық міндетті орындау орнына барып-қайту жолына нақты жүргізілген шығыстар;
      мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген, бірақ шетелде іссапарда болған мемлекеттік қызметші отельдеріндегі бір орынды стандартты нөмірлерді жалдау бойынша шығыстарды өтеу нормалары шегінен аспайтын шығыстар;
      тәулігіне - қырық тәулікке дейін басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған кезең үшін, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын 6 есе айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
      тәулігіне - қырық тәулікке дейін басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған кезең үшін, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын 8 есе айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуі қажет.»;
      64) 193-бапта:
      тақырыпта «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Төлем кезінен салынатын табыс бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу және ұстауды салық агенті:
      1) есептелген және төленген табыстар бойынша - резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей;
      2) шегерімге жатқызылған есептелген және төленбеген табыстар бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төлем кезінен корпоративтік табыс салығын резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агенті ұстайды.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлікте «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшада «6» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
      4) тармақшада «резидент эмитентіне» деген сөздер «эмитент резидентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табысынан есептелген корпоративтік табыс салығы сомасын оны ұстамай өз қаражаты есебінен салық агенті төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару бойынша міндеті орындалған болып саналады.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде пайда болған дивидендтерге салық салған жағдайда, табысты төлеу болып осы Кодекстің 12-бабының 1-тармағы 14) тармақшасының екінші-алтыншы абзацтарына сәйкес табысты анықтау түсініледі. Бұл ретте, табысты төлеу күні корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Резидент еместермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жұмыстардың (қызметтердің) әртүрлі түрлерін орындауды көздейтін ережелер болған жағдайда, осы бапта белгіленген төлем кезінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың (қызметтердің) әр түріне бөлік қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде резидент емес орындаған жұмыстардың (қызметтердің) әр кезеңі резидент еместердің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың (қызметтердің) бөлек түрі ретінде қаралады.
      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша резидент еместің жалпы табыс сомасын Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жұмыстарды (қызметтерді) орындаудан алынған табысқа негізді бөлінуі тиіс.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызметтерді) орындаудан алынған табысқа және оның шегінен тыс жұмыстарды (қызметтерді) орындаудан алынған табысқа резидент еместің жалпы табыс сомасын бөлу негіздемесін растайтын есеп құжаттамасының көшірмелерін қызметтер алушыға беруге міндетті.
      Осы баптың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын резидент еместің табыс сомасын төмендетуге әкелген резидент еместің табысын негіздемесіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында, сол сияқты оның шегінен тыс жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша алынған резидент еместің жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.»;
      5-тармақта:
      1) тармақшада «сыртқы» деген сөз «осы жеткізуге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді (жұмыстарды) қоспағанда, сыртқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      бірінші, екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бір мезгілде мынадай:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иелену;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылмау;
      дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы дивидендтерді төлеу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын шарттар орындалған кездегі дивидендтер.
      жетіншіі абзац «алып қойған кезде» деген сөздерден кейін «, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) құнындағы үлесін айқындау тәртібі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;»;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері шетелдік қор биржасында орналастырылған және айналымдағы депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерге қолданылмайды;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік еткен;
      аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызы осындай өткізу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраған жағдайда;»;
      65) 194-бапта:
      і) тармақшадағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) халықаралық тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар - 5 пайыз;»;
      66) 195-бапта:
      тақырыпта «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацта «табыс» деген сез «корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада «есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы» деген сөздер «корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңінің соңғы күнгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) төленген алдын ала толем жағдайында - табысты есептеу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша төленген алдын ала төлем сомасы шегінде резидент еместің табысына есептелген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмей аударуға тиіс»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер резидент еместің есептелген табыс сомасы осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегеруге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу мұндай кезең еткенде жүргізілген болса, онда толем көзінен табыс салығы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке салық агенті аударуға жатады.»;
      67) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «196-бап. Салық есептілігін табыс ету
      Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:
      1) бірінші, екінші және үшінші тоқцифрлар үшін - резидент еместің табыстарын төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;
      2) төртінші тоқсан үшін - осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі, резидент еместің табыстарын төлеу жүргізілген және (немесе) резидент емеске есептелген, бірақ төленбеген табыстар шегерімге жатқызылған жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.»;
      68) 197-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Кодекстің 193-бабының 5-тармагы 7) тармақшасында немесе 200-1-бабының 1-тармағы 8) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес болмаса резидент заңды тұлға шығарған акцияларды жэне резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;»;
      1-1-баптың бірінші және екінші бөліктерінде «201» деген цифрлар «200-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналар:
      1) сәйкестендіру нөмірі және (немесе) резиденттік еліндегі оның ұқсасы және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаны атауы және (немесе) жеке тұлғаны тегі, аты, әкесінің аты;
      2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағалары;
      3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күні;
      4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;
      5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның аффилиирленгені туралы мәліметтер (заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның мүлкімен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
      2-2. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша салық органына береді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалаңу құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді мұндай заңды тұлғаға жіберуге міндетті.»;
      6-тармақта «тіркелуге міндетті» деген сөздер «тіркелуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8. 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.
      Резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196, 203-баптарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасындағы оның тіркеу есебі орны бойынша салық органына береді.
      9. Табыс салығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға салық агентінің қаражаты есебінен төлеуі мүмкін. Бұл ретте мұндай резидент заңды тұлға табыс салығын бюджетке салық агентінен табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде аударуы тиіс. Резидент еместің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін мұндай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан орны бойынша салық органына береді.
      Осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агенті аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
      10. Салық агенті осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған ай аяқталғаннан кейін жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшін құн өсімінен түсетін табыстан табыс салығын төлеуді өз қаражаты есебінен дербес жүргізуге құқығы бар.
      Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына резидент еместің төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
      Бұл ретте резидент емес үшін төленген салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерімге жатқызылмайды.
      11. Салық агенті осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7-10-тармақтарындағы ережелерді қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85-86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;
      12-тармақ алып тасталсын;
      69) 198-бапта:
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі екінші сөйлем алып тасталсын;
      екінші бөліктегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнама нормаларын ескере отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың екінші бөлігіндегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнама нормаларын ескере отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      70) 200-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      бірінші абзацта:
      «Осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «табыстардан» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлікте «табыс» деген сөз «корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынатын осы Кодекстің 562-бабының талаптарын бұзып салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген резидент емес заңды тұлғаның табысы осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, толем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
      Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап салық органында оны тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді тиісті салықтың сәйкес келетін түрлері бойынша бастапқы декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелеріне байланысты туындаған салық салуға байланысты міндеттемелерді есептеуге және орындауға міндетті.
      Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап салық органында оны тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына кемітіледі.
      Кемітуді салық агенті салықты ұстауды растайтын құжаттар болған кезде жүргізеді.»;
      71) мынадай мазмұндағы 200-1-баппен толықтырылсын:
      «200-1-бап. Салық салуға жатпайтын резидент емес жеке тұлғаның
                  табысы
      1. Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша резидент емес жеке тұлғалар төлейтін сыйақы;
      2) осы сыртқы сауда келісімшартына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
      3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақы сомасы;
      4) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, мынадай талаптарды бір мезгілде орындаған кездегі дивидендтер:
      үш жылдан астам акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
      дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы дивидендтерді төлеу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына. сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын шарттар орындалған кездегі дивидендтер.
      Осы тармақтың ережелері:
      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын табыс;
      заңды тұлға өзінің құрылтайшысы, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
      заңды тұлға таратылған кезде немесе қатысушылардың салым мөлшерін тепе-тең кеміту арқылы не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды кеміту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түскен табыс.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) құнындағы үлесін айқындау тәртібі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
      5) осы қордың басқарушы компаниясы оларды сатып алған кездегі ашылған пай инвестициялық қорлары бойынша табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде мұндай дивидендтер мен сыйақыларды есептеу күнгі қолда бар бағалы қағаздар бойынша дивидендтер және сыйақылар.
      Осы тармақшаның ережелері шетелдік қор биржасында орналастырылған және айналымдағы депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерге қолданылмайды;
      7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
      8) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік еткен;
      аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп пайызы осындай өткізу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін қүраған жағдайда;
      9) осы қор биржасы ресми тізімдерінде өткізген күнгі бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісін іске асыру кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
      10) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;
      11) ислам банкінде орналасқан инвестициялық депозит бойынша табыс;
      12) Қазақстан Республикасында аз қамтылған азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде грант есебінен жүргізілетін төлемдер.»;
      72) 201-бапта:
      тақырыпта «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында айқындалған жеке табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша төлем көзінен табыс салығы салық шегерімдері жүзеге асырылмай салынады.
      Төлем кезінен салынатын табыс бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
      Шетелдік валютада табысты төлеу кезінде төлем көзінен салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеге қайта есептеледі.
      Бюджетке резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-і күніне дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық агенті жүргізеді.»;
      2-тармақта:
      «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сезбен толықтырылсын;
      «осы баптың 8-тармағының» деген сездер «осы Кодекстің 200-1-бабының 1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабы 2-тармағында анықталған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18)-21), 22) тармақшаларында анықталған төлем көзінен салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану арқылы салық агенті жүргізеді.
      Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей салық агенті ұстайды.
      Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
      4. Төлем кезінен жеке табыс салығын резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, салық агенті ұстайды.
      5. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес онымен еңбек қатынасында тұрған шетелдік персоналды бермеген кезде Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған мұндай персоналдың табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.
      Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.
      Егер резидент берген персоналға табыс төленсе, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағына сәйкес резидент емес берген құжаттар негізінде салық агенті анықтайды.
      Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті шетелдік персоналды беру бойынша қызметтер үшін резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеген кезде жүргізеді.
      Төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы тармаққа сәйкес анықталған шетелдік персонал табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану арқылы салық агенті жүргізеді.
      Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.»;
      6-тармақта:
      бірінші абзац «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сәзбен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы «6» деген цифрлар «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп осы Кодекстің 161-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем кезінен салынатын табыс бойынша өз құрылымдық бөлімшесін тануға құқылы.»;
      4) тармақшадағы «10» деген цифрлар «7» деген цифрмен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «резидент змитентіне» деген сөздер «эмитент резидентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Осы Кодекстің ережесіне сәйкес резидент еместің табысынан есептелген жеке табыс салығы сомасын оны ұстамастан өз қаражаты есебінен салық агенті төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару бойынша міндеті орындалған болып саналады.»;
      73) 202-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында:
      «резидент емес жеке тұлғаның» деген сөздер «шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «163-165-баптарында» деген сөздер «163-бабында» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) және 2) тармақшаларда «резидент емес жеке тұлға» деген сөздер «шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      «резидент емес жеке тұлға» деген сөздер «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «163-165-баптарында» деген сөздер «163-бабында» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта «резидент емес жеке тұлғаның» деген сөздер «шет ел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта «резидент емес жеке тұлға», «резидент емес жеке тұлғаның», «резидент емес жеке тұлғалармен» деген сөздер тиісінше «шетелдік адам немесе азаматтығы жоқ тұлға», «шетелдік адамның немесе азаматтығы жоқ тұлғаның», «шетелдік адамдармен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ставканы» деген сез «ставкаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлем көзінен жеке табыс салығын резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, оған тыс төлеу күнінен кешіктірмей салық агенті есептейді және ұстайды.
      5. Бюджетке шетелдік адамның немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын аударуды осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-1 күніне дейін өзінің орналасқан жеріндегі салық агенті жүргізеді»;
      74) 203-бапта «өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде» деген сөздер «есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-1 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      75) 204-баптың 4-тармағы алып тасталсын:
      76) 205-бапта:
      «Жеке» деген сөз «Егер осы банта өзгеше белгіленбесе, жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шыгу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны беруге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдагы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасының щегінен тыс мүндай тұлғалар шыққан күнге дейінгі кезеңге беріледі.»;
      77) 208-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
      1) тармақшада «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада «резидент емес» деген сөздер «құрылған және (немесе) резидент мұндай заңды тұлға болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған резидент емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      78) 212-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «212-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
                Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық
                салудан толық немесе ішінара босатуға қатысты қолдану
                тәртібі
      1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезінде немесе резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
      2. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 212-1 - 215-баптарында белгіленген табысты, сондай-ақ осы Кодекстің 197-бабында анықталған табысты қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көзделген резидент еместің табысына салық салуға қатысты қолданылады.
      3. Халықаралық шарт резидент еместің салық агентіне осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сэйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты ұсыну шарты кезінде қолданылады.
      Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты резидент емес салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірінші келетін мына күндердің бірінен:
      1) резидент емеске табыс төленген немесе резидент еместің төленбеген табысы шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан;
      2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылы аяқталатын, резидент еместің табысына төленген тоқсанды жоспарлы салық тексеруін жүргізудің басталуынан;
      3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылы аяқталатын, резидент еместің табысына төленген тоқсанды жоспардан тыс салық тексерді жүргізудің аяқталуына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Жоспардан тыс салық тексеруінің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.
      4. Егер резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге салық агентіне құрылтайшы құжаттардың не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжаттан) үзінді жазба табыс етеді.
      Салық агенті ұсынылған құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде резидент еместің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды.
      Резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында резидент еместің табыстарын босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
      5. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайда, онда осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылатын резидент емес заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттармен бірге салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысуының мөлшерін растайтын өзге құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етеді.
      Егер резидент емес осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті резидент емес заңды тұлғаның табысына бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне бара-бар халықаралық шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу мөлшерін растайтын өзге құжаттың ережесін қолдануға құқылы.
      6. Салық агенті салық органына берілетін салықтық есептілікте резидент емеске есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті салық органына өзінің орналасқан жері бойынша осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Осындай құжаттың көшірмесі ұсынуы резидент еместің осы баптың 3-тармағына сәйкес салық агентіне осындай құжаттың күн ішінде табыс етіледі.
      7. Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толығымен төлемеуге әкеп соқтырған, халықаралық шарттың ережелерін заңсыз қолдану кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      79) мынадай мазмұндағы 212-1 және 212-2-баптармен толықтырылсын:
      «212-1-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
                  дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти
                  түріндегі резидент еместің табыстарын салық салудан
                  босатуға немесе төмендетілген салық ставкаларын
                  қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану
                  тәртібі
      1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде резидент емеске табыс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде резидент еместің төленбеген табысын жатқызу кезінде, егер мұндай резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушы болып табылатын және халықаралық шарт жасалған елдің резиденті болып табылатын талаппен салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық ставкасын дербес қолдануға құқылы.
      Осы бөлімнің мақсатында табыстарды иелену, пайдалану, өкілдік ету құқығы бар және мұндай табысқа қатысты делдал, оның ішінде агент, бастапқы ұстаушы болып табылмайтын адам түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) деп түсініледі.
      2. Егер сыйақы төлеу түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентінің мынадай талаптарды бір мезгілде орындау кезінде резиденті осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) болып табылатын мемлекетпен жасалған тиісті халықаралық шартта көзделген табыс салығынан босатуды немесе төмендетілген ставка қолдануға құқығы бар:
      1) шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) болып табылатын эр адам бойынша осындай адамдардың деректерін (жеке тұлғаны тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаны атауы; болған кезде инкорпорация елінде (немесе оның аналогы) салық тіркелуі нөмірі) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген;
      2) салық агентіне осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжат берілді.
      Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжат бірінші келетін осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінен кешіктірмей салық агентіне беріледі.
      3. Салық агенті салық органына берілетін салық есептілігінде резидент емеске есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын керсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің (түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін беруге міндетті. Мұндай көшірме беру мерзімі осы Кодекстің 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде мұндай құжатты салық агентіне резидент емес бергеннен кейін келетін салық есептілігін берген күннен бастап үш күнтізбелік күнде беріледі.
      4. Салық агенті осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен делдал арқылы сыйақы түрінде резидент емеске табыс төлеу кезінде халықаралық шарттардың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем кезінен табыс салығын ұстауға міндетті.
      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде аударуға жатады.
      5. Резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) осындай резидент емеске табыс есептеу кезінен артық ұсталған салық агенті бюджетке табыс салығын аударған жағдайда халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес толем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.
      Бұл ретте резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) мыналардың:
      1) делдалмен жасалған, мұндай адамдардың деректері (жеке тұлғаны тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаны атауы; болған кезде инкорпорация елінде (немесе оның ұқсасы) салық тіркелуі нөмірі; инкорпорация елінде (немесе оның ұқсасы) мемлекеттік тіркелу нөмірі) көрсетілген мұндай резидент еместің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың;
      2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін сыйақы түрінде оған табыс алынған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін салық агентіне беруге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер өзге мерзім халықаралық шартта белгіленбесе, бюджетке төлем кезінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген қуыну мерзімі өткенге дейін резидент емес береді.
      Бұл ретте, резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
      6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындау кезінде салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына сыйақы түрінде резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық ставкасын немесе салық салудан босату қолданылған кездегі кему сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп айырысуды беруге құқылы.
      Көрсетілген жағдайда, төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын есептеуді осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен салық агенті жүргізеді.
      7. Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған халықаралық шарттардың ережелерін теріс қолданған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
      212-2-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып
                 табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде
                 резидент еместің табыстарын салық салудан ішінара
                 босатуға қатысты халықаралық шарттарды қолдану
                 тәртібі
      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде депозитарлық қолхаттарды бастапқы ұстаушы арқылы резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) табыстарды төлеу кезінде салық агентінің резиденті мынадай талаптарды бір мезгілде орындау кезінде түпкілікті (нақты) осындай табыс алушы (иеленуші) болып табылатын мемлекетпен жасалған тиісті халықаралық шартта көзделген табыс салығының төмендетілген ставкасын қолдануға құқығы бар:
      1) мыналарды қамтитын депозитарлық қолхаттардың ұстаушылар тізімінің болуы:
      базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттардың меншік иесі болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде) немесе заңды тұлғалардың атауы;
      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні.
      Депозитарлық қолхаттардың ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар құрайды:
      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын растауға және есепті жүзеге асыруға шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активті болып табылатын акциялар эмитенті резидент пен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым;
      немесе
      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын растауға және есепті жүзеге асыруға шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активті болып табылатын акциялар эмитенті резидент пен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым;
      2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін депозитарлық қолхаттардың базалық активті болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы.
      Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжат бірінші келетін осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінен кешіктірмей салық агентіне беріледі.
      2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген), ұсталған және салық ұстаудан босатылған табыс сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын салық органына берілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте, салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін беруге міндетті. Мұндай көшірме беру мерзімі осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде мұндай құжатты салық агентіне резидент емес бергеннен кейін келетін салық есептілігін берген күннен бастап үш күнтізбелік күнде беріледі.
      3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидент емеске табыс төлеу кезінде халықаралық шарттардың ережелерін салық агенті қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға жатады.
      4. Резидент емес табысты түпкілікті (нақты) алушының осындай резидент еместің табысынан ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.
      Бұл ретте, резидент емес салық агентіне мыналардың;
      1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
      2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-талаптарына сәйкес келетін дивидендтер түрінде оған табыс алынған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін беруге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер өзге мерзім халықаралық шартта белгіленбесе, бюджетке толем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген қуыну мерзімі өткенге дейін резидент емес береді.
      Бұл ретте, резидент емеске артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
      5. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидент еместің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық ставкасы қолданылған кездегі табыс салығының кему сомасына төлем кезінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп айырысуды беруге құқылы.
      Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын есептеуді осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен салық агенті жүргізеді.
      6. Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған халықаралық шарттардың ережелерін заңсыз қолданған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      80) 213-бапта:
      тақырыптағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместің көлік қызметін көрсетуден» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместің халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      «халықаралық тасымалда көлік қызметін» деген сөздер «халықаралық тасымал бойынша қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «219-бабы 4-тармағының» деген сөздер «219-бабы 4 жэне 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      «Вұл ретте резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін көрсетуден түсетін табыс сомасының бөлек есебін жүргізуге міндетті.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуге байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе бара-бар әдіспен анықталады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тікелей әдіс халықаралық тасымал бойынша қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстардың (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін көрсетуге байланысты шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды анықтауды көздейді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бара-бар әдіс үлесті жүргізу ретінде көрсетілген шығыстарды анықтауды және есепті салық кезеңіне Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты резидент еместің жалпы шығыстар сомасын көздейді. Үлес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің жалпы сомасына халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түскен кіріс сомасына қатынасы ретінде анықталады.»;
      81) 214 жэне 215-баптардың 1-тармақтарының екінші бөліктеріндегі «219-бабы 4-тармағының» деген сөздер «219-бабы 4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      82) 216-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      «212-бабында» деген сөздер «212-212-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ставканы» деген сөз «ставкаларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      83) 217-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс
                салығын қайтару тәртібі
      1. Резидент еместің мынадай жағдайларда:
      1) салық агенті резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
      2) резидент емес Қазақстан Республикасында халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырғанда;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлегенде осы бапта белгіленген тәртіппен халықаралық шарт ережелеріне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
      Бұл ретте резидент емес осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтінішті (бұдан әрі осы баптың және осы Кодекстің 218-бабының мақсатында өтініш) салық органына табыс етуге міндетті.
      2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына резидент емес өтінішті табыс етеді.
      Егер (тұрғылықты) салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкілетті органға тігінен тікелей бағынысты салық органында тіркелген жағдайда, өтінішті осындай салық органына табыс етеді.
      Өтінішті беру әдісіне қарамастан, салық органына оны берген күн:
      1) келу тәртібінде - салық органы өтінішті қабылдаған күн;
      2) салық органы хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы - өтінішті алған күн болып табылады.
      3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақмерзімді келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді қоспағанда, резидент емес өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейін табыс етеді.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт оны жасасқан күннен бастап оны айлық кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) арналған келісімшарт болып табылады.
      4. Егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтінішті салық органына табыс салығының сомасын шартты банк салымына орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
      Егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, резидент емес ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша өтінішті салық органына осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің етуінен кешіктірмей, келісімшарттың іс жүзінде орындалуына байланысты табыс етеді.
      4-1. Салық органы мынадай жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады:
      1) резидент еместің өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткен соң беруі. Бұл ретте резидент емес салық органына өтінішті қайта беруге құқысыз;
      2) резиденттігін растайтын құжаттың осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) резидент еместің осы Кодекстің 219-бабында анықталған құжаттарды бермеуі;
      4) резидент еместің осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамауы.
      Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тартуы туралы шешімі өтінішті және берілген құжаттарды қоса бере отырып, салық органы оларды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, қол қойып немесе почтамен хабарламасы бар тапсырыс хатымен резидент емеске жіберіледі.
      Салық органы осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда резидент емес осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде өзі жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, қайта беруге құқылы.
      5. Салық органы өтінішті резидент емес оны табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      Бұл ретте осы баптың 5-тармағында көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай кезеңге тоқтатылады:
      1) осы баптың 7-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізу;
      2) салық органы осы баптың 6, 8, 9-тармақтарында көрсетілген сұрау салуды жіберген күннен бастап мұндай сұрау салуға жауап алған күнге дейін.
      6. Резидент еместің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер жөнінде резидент емеске сұрау салу жіберуге құқылы.
      7. Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы осы Кодекстің 89-тарауында көзделген тәртіппен осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент еместің салық өтінішінің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымын қайтару мәселесі жөнінде тақырыптық тексеру жүргізеді. Мұндай тақырыптық тексеру салық органы резидент еместің өтінішін алган күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс.
      8. Егер резидент еместің Қазақстан Республикасында өкілдігі немесе филиалы болса, өтінішті қарайтын салық органы резидент еместі оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңінің ішінде салықтық міндеттемелерді орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуы не болмауы тұрғысынан жоспардан тыс кешенді салықтық тексеру жүргізуге арналған сұрау салуды өкілдіктің немесе филиалдың орналасқан жеріндегі салық органына жіберуге міндетті.
      9. Салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органына салық агенті мен резидент еместің өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру туралы сұрау салу жіберуге құқылы.
      Бұл ретте осы баптың 10-тармағында көрсетілген шешім салық қызметі органдарының сұрау салуына резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем кезінен ұсталған табыс салығы бойынша салықтық есептіліктің деректері негізінде қабылданады.
      Шетел мемлекетінің құзыретті органы, осы баптың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе 2 жылдан астам кезең ішінде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте, салық төлеуші осы Кодекстің 226-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсімін бастамашылық етуге құқылы.
      10. Резидент еместің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай шешімдердің бірін шығарады:
      1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы;
      2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы.
      Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
      Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толығымен немесе бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
      Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтаруға өтінішті қару нәтижелері бойынша салық органының шешімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
      1)  шешім қабылданған күн;
      2) шешім қабылдаған салық органының атауы;
      3) өтініш берген резидент еместің толық атауы;
      4) болған жағдайда резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
      5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда - бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
      6) төлем кезінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы заңнамасының нормасына сілтеме жасай отырып және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шетел мемлекетінің құзыретті органынан салық қызметі органының сұрау салуы негізінде алынған ақпаратты көрсете отырып негіздеме.
      11. Жоғары тұрған салық органы толем кезінен ұсталған табыс салығын толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда шешімнің және резидент еместің өтінішінің көшірмелерін осындай салық органы резидент еместің табысынан төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
      12. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органы резидент емеске осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 602-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.
      13. Табыс салығын шартты банк салымына аударған және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда банк резидент емеске шартты банк салымынан табыс салығының өтініште көрсетілген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті резидент емес банкке өзі ұсынады.
      14. Резидент еместің өтінішінің бір данасын қоса бере отырып, салық органының шешімі резидент емеске қол қойылып тапсырылады немесе почта арқылы алуы туралы хабарламамен тапсырыс хатпен жіберіледі.
      Тапсыру күні немесе почталық немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасында резидент еместің белгілеу күні салық органының шешімін резидент емес алған күн болып табылады.
      15. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда резидент емес оған салық органының шешімін алған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
      Бұл ретте резидент емес мыналарды жіберуі тиіс:
      1) уәкілетті органға - өтінішті қоспағанда, салық органы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде шағым;
      2) резидент емес шешіміне шағымданған салық органына - уәкілетті органға жіберілген шағымның көшірмесін.
      Шағымда мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) резидент еместің шағымға қол қойған күні;
      2) аты-жөні (болған жағдайда) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      3) болған жағдайда резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
      4) резидент емес шешіміне шағымданған салық органының атауы;
      5) шағым беруші резидент емес өзінің талаптарын негіздейтін жағдайлар және осы жағдайларды растайтын дәлелдер;
      6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі.
      16. Уәкілетті орган резидент емеске мынадай:
      1) резидент емес осы баптың 15-тармағында белгіленген мерзім еткен соң шағымды берген;
      2) шағымның мазмұны осы баптың 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      4) резидент емес осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;
      5) резидент емес осы баптың 10-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда шағым ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидент еместің шағымын қараудан бас тартуы туралы шешімін жібереді.
      Уәкілетті орган осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда резидент емес өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде өзі жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, қайта беруге құқылы.
      17. Уәкілетті орган шағымды резидент емес оны ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      18. Уәкілетті орган шетел мемлекетінің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына, сондай-ақ резидент емеске оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті  ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда резидент еместің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      19. Резидент еместің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
      1) төлем кезінен ұсталған табыс салығын толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы;
      2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы.
      Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және резидент емеске қол қойылып тапсырылады немесе почта арқылы алуы туралы хабарламамен тапсырыс хатпен жіберіледі.
      Тапсыру күні немесе пошталық немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасында резидент еместің белгілеу күні салық органының шешімін резидент емес алған күн болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) шешім қабылданған күн;
      2) өтініш берген резидент еместің толық атауы;
      3) болған жағдайда резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
      4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда - мемлекеттік бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
      5) төлем кезінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы заңнамасының нормасына сілтеме жасай отырып және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шетел мемлекетінің құзыретті органынан салық қызметі органының сұрау салуы негізінде алынған ақпаратты көрсете отырып негіздеме.
      20. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі резидент емес шешіміне шағымданған салық органына жіберіледі.
      Уәкілетті орган толем кезінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, резидент емес шешіміне шағымданған салық органы резидент еместің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және резидент емеске қол қойылып тапсырылады немесе почта арқылы алуы туралы хабарламамен тапсырыс хатпен немесе келу тәртібімен жіберіледі.
      Резидент емес шешіміне шағымданған жоғары түрған салық органы көрсетілген шешімнің және осындай резидент еместің куәландырылған көшірмесін резидент еместің кірісінен төлем көзінен табыс салығын ұстау жүргізген, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
      21. Резидент емес осы баптың 10, 19-тармақтарында көрсетілген шешімге сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде шартты банк салымына орналастырылған соманы бюджетке аудару туралы инкассолық өкімді банкке жіберу сот шағымды (арызды) өндіріске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
      84) 218-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органы мынадай мерзімде шартты банк салымымен орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке жіберуге міндетті:
      1) резидент еместен осы Кодекстің 217-бабының 15-тармағында көрсетілген шағымның көшірмесін алмаған жағдайда - резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 10-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен
бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
      2) резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 10-тармағында көрсетілген шешімге уәкілетті органға шағымданған жағдайда - резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 19-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн өткен соң;
      3) сот осы Кодекстің 217-бабының 21-тармағында көрсетілген шағымды толық немесе ішінара қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - осындай шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде.
      Бұл ретте салық қызметі органдары немесе сот төлем көзінен ұсталған табыс салығын ішінара қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, инкассалық өкім резидент емеске бас тартылған талаптар бөлігіне сәйкес келетін шартты банк салымына орналастырылған салық сомасына жіберіледі.»;
      2-тармақтағы «46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде» деген сөздер «217-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      85) 219-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «тиісті салық органы мыналар:» деген сөздер «резидент емес салық органына мыналарды қоса бере отырып табыс етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін жалдаған қызметші немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері.»;
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжат табыс алушы шетелдік тұлғаның Қазақстан Республикасы:
      1) осындай құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде;
      2) егер осындай құжатта уақыт кезеңі көрсетілмесе, ол берілген күнтізбелік жыл ішінде халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
      Шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы шетелдік тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландыратын органның қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.»;
      86) 220-бапта:
      3-тармақта:
      екінші абзацтағы «өтініш» деген сөздің алдынан «салықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
      үшінші абзацтағы «резидент емес» деген сөздер «резидент емес салық төлеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Резидент еместің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі ныцифрларында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні резидент еместердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда салық органы резидент емеске анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық органы резидент емеске құжаттарды беру журналына қол қойдырып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беруге міндетті. Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      87) 222-бапта:
      тақырыптағы «табыстар алумен байланысты» деген сөздер «табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «алумен байланысты» деген сөздер «алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «алумен байланысты» деген сөздер «алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      88) 223-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу шотына салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылады.
      Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
      Егер шет мемлекеттің салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалған болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.
      Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.»;
      3-тармақта:
      үшінші бөліктегі «алынуға жататын» деген сөздерден кейін «(алынған)» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа, салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      89) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «224-бап. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте алынған табыс
      1. Мынадай шарттарға бір уақытта сәйкес келетін:
      1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
      2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі болатын резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады.
      Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналаскан және (немесе) тіркелген резидент еместердің табысының бір бөлігі осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына қосылуға жатады.
      Осы тармақтың ережелері сол сияқты резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан көп процентті құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа ныцифрларына қатысуына қолданылады.
      Осы тармақтың ережелері резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік етуіне қолданылмайды.
      Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына қосуға жататын табысының бір бөлігі резиденттің мынадай формула бойынша осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін және (немесе) дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі - шоғырландырылатын пайда) ескере отырып айқындалады:
      П1 х Ү1 + П2 х Ү2 +...+ Пn x Yn

      мұнда
      П - шоғырландырылатын пайда,
      П1, П2, Пn  - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
      Yl, Ү2, Yn - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жарғылық капиталына резиденттің тікелей немесе жанама түрде қатысу үлесі немесе резиденттің осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесі.
      Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең есепті кезең болып танылады.
      Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есепті кезеңнің және осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің басталатын және аяқталатын күндері сәйкес келмеген жағдайда салық төлеуші түзету коэффициенттерін (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерін былайша түзетуге міндетті:
      П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу + 1 х К2,

      К1 = СК (СР)1
           СК (СР)3,
      К2 = СК (СР)2
           СК (СР)3,

      мұнда

      П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
      СК (СР)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін жеңілдікті салық салынатын мемлекетте бір есепті кезеңдегі айдың саны,
      СК (СР)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін жеңілдікті салық салынатын мемлекетте кезекті есепті кезеңдегі айдың саны,
      СК (СР)3 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте есепті кезеңдегі айдың жалпы саны,
      Ту - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы осындай мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін,
      Ту+1 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы осындай мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін.
      1-1. Осы баптың мақсатында резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік ету үлесі (бұдан әрі - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:
      Х = Х1 * Х2 *...* Хn * 100;

      мұнда:
      X - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі, процентпен;
      X1 - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе резиденттің осындай резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті;
      Х2,..., Хn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан жэне (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті.
      2. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент емеске салық салынғаннан кейінгі есепті кезеңнің бір бөлігі Қазақстан Республикасында резиденттің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс пайда бөлігін осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде ескерілетін пайда сомасы осындай резидент еместің жеке қаржы есептілігімен расталуы тиіс.
      2-1. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің пайдасын оның жеке қаржы есептілігінің деректері бойынша осы баптың ережесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті осындай есептілік жасалған есепті кезең үшін валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгеде қайта есептейді.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өзі орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына өзі жасаған салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі резидент еместер туралы анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы) көрсетілуге тиіс.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса бере отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін де беруге міндетті:
      1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігі (егер резидент заңды тұлғаның салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан жене (немесе) тіркелген еншілес ұйымы болған жағдайда);
      2) салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржы есептілігі;
      3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамалық актілерінде осындай қаржы есептілігіне аудит жүргізу міндетті деп белгіленген жағдайда осы тармақта әрбір қаржы есептілігіне аудиторлық есеп.
      4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың біріне жауап берген жағдайда:
      1) мұндай мемлекетте немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінде табыс салығының ставкасы 10 проценттен аз мөлшерді құраса;
      2) мұндай мемлекетте немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінде қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, табыстың нақты иесі немесе компанияның нақты иелері, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болса, ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады. Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы құзыретті органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелерді көздейтін халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды, уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыретті органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәліметтерді беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыретті органы мұндай мәліметтерді уәкілетті орган тиісті сауалды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде бермеген жағдайлар бұған кірмейді.
      Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режиміне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.»;
      90) 225-бапта:
      1-тармақта:
      «мемлекеттегі көздерден табыстар алған» деген сөздер «мемлекетте қызметін жүзеге асырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатылу немесе төмендетілген салық ставкасын қолдану мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе халықаралық шартты қолдану мақсатында тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін мұндай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға салықтық өтініш табыс етеді.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкілетті органға тігінен тікелей бағынатын салық органында тіркелген жағдайда резиденттігін растауға салықтық өтінішті осындай салық органына табыс етеді.»;
      екінші бөліктің бірінші абзацында:
      «салық төлеушілер» деген сөздер «тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «салық резиденттігін растауды алуға» деген сөздер «резиденттігін растауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде:
      1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.
      Салық органы тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін растайды;
      2) тұлғаға резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.
      Салық органы тұлға осы Кодекстің 189-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда тұлғаға резиденттігін растаудан бас тартады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде оның телнұсқасын береді.»;
      91) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «226-бап. Өзара келісу рәсімі
      1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы егер уағдаласушы елдердің бірінің немесе екеуінің әрекеті осындай халықаралық шарт ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады деп есептесе, уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерін қолдану туралы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген жағдаяттар және осы жағдаяттарды растайтын дәлелдер көрсетілген болуы тиіс.
      Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осындай өтінішке Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алған (алуы тиіс) табыстары мен ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ нотариалды куәландырылған:
      1) жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
      2) заңды тұлғалар үшін - құрылтайшылары (қатысушылары) мен резидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетілген құрылтай құжаттарының не сауда тізілімінен көшірме жазбасының;
      3) осы Кодекстің 225-бабы 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса беруге міндетті.
      Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы езара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге құжаттарды табыс етуге құқылы.
      3. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан жазбаша түрде өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды табыс етуді талап етуге құқылы.
      4. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық міндеттемесі туындаған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін табыс етуге тиіс.
      5. Уәкілетті орган:
      1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге өтініш берген;
      2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін берген;
      3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына почта арқылы тапсырыс хатпен жазбаша өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім жібереді.
      Уәкілетті орган осы тармақтың З) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы егер жіберілген бұзушылықтарды жойса, осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде өтінішті қайта беруге құқылы.
      6. Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін оны алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде қарайды.
      7. Резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы;
      2) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы.
      8. Уәкілетті орган:
      1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен жасасқан халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмеген;
      2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дұрыс емес ақпарат берген;
      3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті қарау барысында осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.
      Өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастан екі күн ішінде жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.
      9. Өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салумен жүгінеді.
      10. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуді:
      1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген;
      2) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дұрыс емес ақпарат беруі фактісі анықталған;
      3) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда тоқтатады.
      11. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының табыстарына салық салу мәселесі бойынша уәкілетті органның сұрау салуына соңғы жауап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына почта арқылы тапсырыс хатпен жазбаша түрде өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты жібереді.
      12. Тұлға уәкілетті органға Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен резиденттік мәртебесін айқындау мәселесі бойынша жүгінуге құқылы.
      Өтінішті мұндай тұлға уәкілетті органға осы Кодекстің осы бабының 2-тармағы 2) тармақшасында және 225-бабының 3-тармағы 1)—3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса табыс етеді.
      Осы тармақтың мақсатында осы баптың 1-11 -тармақтарында көзделген өзара келісу рәсімін жүргізу тәртібі қолданылады.
      13. Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органынан өзара келісу рәсімін жүргізуге сұрау салу келіп түскен кезде уәкілетті орган мынадай жағдайларда аталған мемлекеттің резиденті бастама жасаған өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тартады немесе басталған өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтатады:
      1) егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салу Қазақстан Республикасында оған байланысты резидент емес өзара келісу рәсімін жүргізуге бастама жасаған салық міндеттемесі туындаған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі өткеннен кейін алынған;
      2) Қазақстан Республикасында оған байланысты резидент емес өзара келісу рәсімін жүргізуге бастама жасаған салық міндеттемесінің туындауы мәселесі бойынша осындай резидент еместің шағымын (өтінішін) Қазақстан Республикасының соты іс жүргізуге қабылдаған;
      3) осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған резидент еместің табысына халықаралық шарттың ережелерін қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы сотының шешімі болған;
      4) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салуда көрсетілген негіздердің Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен жасасқан халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмеген;
      5) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органынан басталған өзара келісу рәсімін тоқтату туралы өтініш келіп түскен;
      6) осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған резидент емес салықтық тексерудің нәтижелерін немесе осы Кодекстің 217-бабы 10-тармағында көрсетілген шешімді жоғары тұрған салық қызметі органына не уәкілетті органға оған қатысты өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салу алынған мәселелер бойынша шағым жасаған.
      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген жағдайда өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту не оны тоқтату жоғары тұрған салық қызметі органы және (немесе) уәкілетті орган резидент еместің шағымы бойынша шешім шығарғаннан кейін шет мемлекеттің құзыретті органының қайта сұрау салуы келіп түскен кезде уәкілетті органның өзара келісу рәсімін жүргізуге құқығын жоққа шығармайды.
      14. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімді уәкілетті орган оған байланысты аталған мемлекеттің резидент емесі осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың бірін салық төлеушіге жіберген салық органына жазбаша түрде жібереді.
      Өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім осы бапта белгіленген тәртіпте салық органдарының орындауы үшін міндетті.»;
      92) мынадай мазмұндағы 227-1-баппен толықтырылсын:
      «227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып
                  табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде
                  резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған табыс
                  салығын қайтару тәртібі
      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды табысты түпкілікті (нақты) алушы (иесі) резидентке депозитарлық қолхаттарды атаулы ұстаушы арқылы төлеген кезде салық агенті бір мезгілде мынадай шарттарды орындаған кезде резиденттер үшін осы Кодексте көзделген табыс салығы ставкасын қолдануға немесе босатуға құқылы:
      1) мыналар:
      Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттардың иесі болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғалардың атауы;
      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні қамтылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.
      Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімін мынадай тұлғалар жасайды:
      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға шарт акциясы депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын резидент-эмитент пен ұйым арасында жасалған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
      немесе
      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға шарт акциясы депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын резидент-эмитент пен ұйым арасында жасалған жағдайда шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие өзге ұйым;
      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иесі) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің болуы.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігі салық агентіне бірінші болатын осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінен кешіктірмей табыс етіледі.
      2. Салық агенті салық органына табыс ететін салық есептілігінде есептелген (төленген) табыстарының сомасын және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтарды, табыс салығының ставкасын көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан орын бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - резидент куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі табыс ету мерзімі резиденттің мұндай құжатты салық агентіне табыс еткеннен кейін осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде табыс еткеннен кейін болатын салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде беріледі.
      3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіпте резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс төлеген кезде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.
      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуы тиіс.
      4. Салық агенті резидент табысты түпкілікті (нақты) алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда мұндай резидент осы Кодекске сәйкес артық төленген төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
      Бұл ретте резидент салық агентіне нотариалды куәландырылған:
      1) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттың;
      2) дивидендтер түріндегі табысты алған кезең үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесін табыс етуге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
      Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
      5. Салық агенті өзі орналасқан жер бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің табыстарынан салық ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін резиденттер үшін көзделген салық ставкалары қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегі азайту
сомасында төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп тапсыруға құқылы.
      Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентіне есепке жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.»;
      93) 231-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) банкке салымды (депозит) шартты банк салымы бойынша енгізу;
      17) шартты банк салымы бойынша енгізілген салымды (депозитті) банктің қайтаруы;
      18) шартты банк салымы бойынша енгізілген салым (депозит) бойынша салымшының сыйақы алуы.»;
      94) 240-баптың 1-тармағы 1) тармақшасындағы «салық кезеңі аяқталғаннан кейін» деген сөздер «салық кезеңінің басында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      95) 248-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған:
      салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша сатылған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
      салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша сатылған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
      сатылған инвестициялық алтынның салмағын,
      сату күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңғы фиксингіне (бағасына),
      көбейту
      сату күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына,
      көбейту тәртібімен есептелген соманы жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын жағдайда инвестициялық алтынды.
      Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды мынадай:
      құймалар;
      пластиналар;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында сату кезінде қолданылады.»;
      96) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) инвестициялық алтынды Ұлттық Банктің Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығында және екінші деңгейдегі банктерде заңнамада белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттар арқылы сату.»;
      97) 255-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған:
      салық кезеңі ішінде қосылған күн салығы бойынша импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
      салық кезеңі ішінде қосылған құн салымы бойынша импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
      импортталған инвестициялық алтынның салмағын,
      сату күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңғы фиксингіне (бағасына),
      көбейту
      сату күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына,
      көбейту тәртібімен есептелген соманы жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын жағдайда инвестициялық алтын.
      Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды мынадай:
      1) құймалар;
      2) пластиналар;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында сату кезінде қолданылады.
      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын.»;
      98) 258-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сот жарамсыз деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша;»;
      99) 267-бапта:
      1-тармақтағы «ұйымдар» деген сөз «заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың мақсатында есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдердің есебіне есептелетін қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде 70 пайызға азайтуға жатады.
      6. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
      1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
      2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
      7. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда салық төлеуші:
      1) осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен осы баптың 3-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай қосылған құн салығын есептеуге;
      2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қосылған күн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес осы баптың 3-тармағында белгіленген ережелер қолданылмай есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
      100) 270-баптың 2-тармағындағы «Декларациямен» деген сөздер «егер осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      101) 300-баптың 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      102) 313-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім шартты»;
      103) 314-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
      бірінші абзац «және бірлескен барлау мен өндіруге» деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзац «өндіруге» деген сөзден кейін «және бірлескен барлау мен өндіруге» деген сөздермен толықтырылсын;
      104) 330-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      105) 336-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Рет №

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

5

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

8

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

9.

10 000 000 тоннаға дейін коса алғанда

15

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18

                                                                  »;
      106) 339-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Рет №


Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар, %-пен

1

2

3

4

1.

Қара, түсті және радио активті металдар кені

Хром кені (концентраты)

16,2

марганец, темір-марганец кені (концентраты)

2,5

темір кені (концентраты, окатыштар)

2,8

уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс)

22,0

2.

Металдар

мыс

5,7

мырыш

7,0

қорғасын

8,0

алтын, күміс, платина, палладий

5,0

алюминий

0,25

қалайы, никель

6,0

3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0

4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий,

7,7

Галлий

1,0

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0

Скандий,германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий,торий

5,0

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0

фосфориттер

4,0

бор ангидриті

3,5

барит

4,5

тальк

2,0

флюориттер

3,0

воластонит

3,5

шунгит

2,0

графит жэне басқалар

3,5


Жарқырауық тас шикізаты:


8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар


12,0

9.


Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат


Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар



3,5


10.


Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат


Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар



2,0

                                                                  »;
      107) 346-баптың бүкіл мәтіні бойынша:
      «308-баптың 2-тармағында», «жер қойнауын пайдаланушы», «жер қойнауын пайдаланушының», «Жер қойнауын пайдаланушы» деген сөздер тиісінше «308-1-баптың 1-тармағында», «салық төлеуші», «салық төлеушінің», «Салық төлеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
      108) 347-1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      109) 355-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өз құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелері қызметкерлеріне табыстар түрінде төлеген (төлеуі тиіс) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
      Бұл ретте резидент заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер әлеуметтік салық төлеуші деп жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.»;
      110) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «357-бап. Салық салу объектісі
      1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
      2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушілердің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыс түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) - 21) тармақшаларында айқындалған табыс түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағында көрсетілген шетел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.
      Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 24-1), 26), 27), 29)-32), 34) тармақшаларында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
      1) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
      3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;
      4) Ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемақы төлемдері;
      5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
      3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтізбелік ай үшін айқындалған салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда әлеуметтік салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
      4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім шартқа) сәйкес жүргізілсе, осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.»;
      111) 361-бапта:
      1-тармақтағы «есепті айға» деген сөздер «салық кезеңіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      «Есепті айда» деген сөздер «Салық кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «келесі айға» деген сөздер «келесі салық кезеңіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      112) 365-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі-заңды тұлғалар) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
      Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
      Бұл ретте заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында «егістікке» деген сөзден кейін «(шабындық, жайылым)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      113) 367-бапта:
      1-тармақта:
      кестеде:
      реттік нөмірі 1-жолдың 3-бағанындағы «5» және «8» деген цифрлар тиісінше «6» және «9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және құрылыс машиналары мен механизмдері, өтімділігі жоғары арнаулы машиналар жэне жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша пайдалануға арналмаған басқа да автокөлік құралдары»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жеңіл автомобильдерге осы Кодекстің мақсаты үшін өз конструкциясы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша негізінен жолаушылар тасымалдауға арналған В санатындағы автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары масса және (немесе) жолаушылар орны бойынша В санатының талаптарынан асатын лимузиндер (брондалғандарды қоса алғанда) және сыйымдылығы ұлғайтылған және өтімділігі жоғары жеке (отбасы) пайдаланымдағы жолаушылар автомобильдері (жолсызбен жүретін джиптер, универсал кроссоверлер) жатады. Шығарушы зауытпен көзделмеген қосымша жолаушы орындарымен қоса жабдықтау нәтижесінде В санатынан D санатына көшірілген минивэндер жеңіл автомобильдер ретінде танылуы тиіс.
      Жүк автомобильдеріне өз конструкциясы бойынша ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынша негізінен жүк тасымалдауға арналған В санатындағы автомобильдер, сондай-ақ осы бапта өзгеше көзделмесе, С санатындағы автомобильдер жатады.
      Арнаулы автомобиль - негізінен арнаулы көліктік емес функцияларды орындауға арналған және көрсетілген функцияларды орындау үшін арнаулы жабдықтармен жабдықталған автомобиль.
      Арнаулы автомобильдерге өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, автобетонараластырғыштар, компрессорлық қондырғылары бар автомобильдер, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, рентген қондырғылары бар автомобильдер және т.б. жатқызылады. Арнайы көлік құралдарындағы жабдықтар мен қондырғылар жүктерге теңестіріледі.
      Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, автобустарға D санатының автомобильдері жатады.»;
      2-тармақта:
      «бес» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «сегіз» деген сөз «тоғыз» деген сөзбен ауыстырылсын»;
      «және двигателінің көлемі» деген сөздер алып тасталсын;
      «салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады» деген сөздер «жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметр ден аса салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады» деген сөздермен ауыстырылсын»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Жүк және арнаулы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) басшылықта көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік қүралын пайдалану бойынша нұсқаулықта (басшылықта) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктелімсіз массасы (жарақталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.»;
      114) 368-баптың 3-тармағында «сатып алу-сату шартының» деген сөздер «сатып алу-сату, айырбас шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      115) 370-бапта «есептеу мен төлеуге» деген сөздер «есептеуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      116) 373-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін дербес жер салығын төлеуші деп тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай таңу немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше дербес жер салығын төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      4-тармақта «2)» деген цифр «3)» деген цифрмен ауыстырылсын;
      117) 382-баптың бірінші бөлігінде:
      «үйге» деген сөз «ғимаратқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «тұрғын үй қоры» деген сөздер «тұрғын үй ғимараты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      118) 388-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
      Бұл ретте:
      1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс;
      2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жай меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс»;
      119) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екінші бөліктерінде «2),» деген сан алып тасталсын;
      120) 390-бапта:
      2-тармақта «2)» деген цифр алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      121) 391-бапта:
      1-тармақта:
      «Жеке тұлғалар» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «негізге ала отырып,» деген сөздерден кейін «ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
      «1 тамыздан кешіктірмей» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағында және 406-бабында кезделген объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның ішінде жекеше нотариустарға, адвокаттарға) қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағында және 406-бабында көзделген объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жекеше нотариустар, адвокаттар) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен осы бөлімде жер салығын есептейді және төлейді.»;
      122) 392-бапта «мен төлеу» деген сөздер алып тасталсын;
      123) 393-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «Салық төлеушілер» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қоспағанда)» деген сөзден кейін «және заңды тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1 -1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармағында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
      Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағында және 406-бабында көзделген объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жекеше нотариустар, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан орын бойынша салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.»;
      4-тармақта «2),» деген цифр алып тасталсын;
      124) 394-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін дербес мүлік салығын төлеуші деп тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше дербес жер салығын төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      4-тармақтың екінші бөлігіндегі «2) - 4)» деген цифрлар «3), 4)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      125) 396-баптың 1-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектілері болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.»;
      126) 397-баптың 3-тармағындағы «2) - 4)» деген цифрлар «3), 4)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      127) 399-баптың 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде «2) - 4)» деген цифрлар «3), 4)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      128) 401-бапта:
      1-тармақтағы «және төлеу» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы «2)-4)» деген цифрлар «3), 4)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      129)402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшінші бөліктеріндегі «2) - 4)» деген цифрлар «3), 4)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      130 405-баптағы «тұрғын үй-жайлар,» деген сөздер «тұрғын үйлер, ғимараттар,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      131) 406-бапта:
      1-тармақтағы «тұрғын үй-жайлар» деген сөздер «тұрғын үйлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарда «тұрғын үй-жайлар» және «тұрғын үй-жай» деген сөздер тиісінше «тұрғын үйлер» және «тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      қазақ тіліндегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;
      «тұрғын үй-жайлардың» деген сөздер «ғимараттардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      132) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
      Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағында және 406-бабында көзделген объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның ішінде жекеше нотариус, адвокат) осы Кодекстің 398-бабы 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіпте мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      Мұндай (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
      133) 416-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қосымша төлем есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.»;
      134) 424-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде «айдың жартысы үшін деп,» деген сөздер «белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      135) 426-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық төлеушіге патентті (патенттердің телнұсқасын) салық органы құжаттарды беру журналына қол қойғызып береді. Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      136) 427-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «11)» деген цифрлар «13)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      137) 428-баптың 4-тармағының 8) тармағындағы «консультациялық қызметтер» деген сөздер «консультациялық және заң қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      138) 431-баптың 2-тармағындағы:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке кәсіпкерге патент бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Патент:
      1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
      2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін жаңғыртқан жеке кәсіпкерлерге бір айдан аз мерзімге берілуі мүмкін.»;
      139) 441-баптың 1-тармағының тоғызыншы бөлігіндегі «салық органына» деген сөздерден кейін «салықтық өтінішті және» деген сөздермен толықтырылсын;
      140) 442-бап 1-тармағының 1) тармақшасындағы «түскен табыстан» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сома түріндегі табыстардан» деген сөздермен толықтырылсын;
      141) 445-баптың бірінші бөлігіндегі «әлеуметтік салықты есептеу жүргізілетін айдың» деген сөздер «тиісті қаржы жылының қаңтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      142) 450-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде табыс етіледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Аталған арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар  жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейінгі кезеңде туындаған жағдайда аталған жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде салық органына жер учаскесіне құқық туындаған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.»;
      143) 451-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдердің есебіне есептелетін қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде 70 пайызға азайтуға жатады.»;
      144) қазақ тілінде 456-бабының кестесінің 5.3-жолында алым ставкасы өзгертілді, орыс тілінде алым ставкасы өзгермейді;
      145) 465-баптың 1-тармағындағы «Мүлікті (мүліктік құқықтарды)сатудың» деген сөздер «Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      146) 466-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «466-бап. Алым ставкасы
      Алым ставкасы 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
      147) 485-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      148) 486-бап 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      149) 512-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомасы туралы, сондай-ақ салық салу объектілері туралы мәліметтерді мынадай мерзімде:
      1) осы Кодекстің 515-бабы 3-тармағында белгіленген жағдайда - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
      2) осы Кодекстің 515-бабы 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.»;
      150) 514-баптың кестесінде:
      реттік нөмірі 7-жолда:
      2-бағандағы «10» деген цифрлар «200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-бағандағы «55» деген цифрлар «1100» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:

      «

7-1

Үшінші жаңартудағы ұялы байланыс және төртінші жаңартудағы мобильді байланыс (қабылдауға ені 2 МГц/беруге 2 МГц жиілік белдеуі үшін

облыс, Астана, Алматы қалалары

3600


                                                            »;
      151) 517-бап алып тасталсын;
      152) 518-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомасы туралы, сондай-ақ салық салу объектілері туралы мәліметтерді мынадай мерзімде:
      1) осы Кодекстің 521-бабы 3-тармағында белгіленген жағдайда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
      2) осы Кодекстің 521-бабы 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынады.»;
      153) 523-бап алып тасталсын;
      154) 534-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «толықтыруға» деген сөзден кейін «, түзетуге» деген сөзбен толықтырылсын;
      155) 535-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «тұрғын үй-жайларды» деген сөздер «тұрғын жайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      156) 536-баптың 1) және 2) тармақшаларындағы «тұрғын үйлерді, пәтерлерді,» деген сөздер «тұрғын жайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      157) 537-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «алыс шет елдерден» деген сөздер «ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      158) 542-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «тұрғын үйіне (пәтеріне)» деген сөздер «тұрғын жайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      159) 543-баптың 2) тармақшасындағы «толықтырылған» деген сөз «, қалпына келтірілген» деген сөздермен толықтырылсын;
      160) 547-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «түзетулер мен өзгерістер» деген сөздер «өзгерістер, толықтырулар, түзетулер, қалпына келтіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      161) 557-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) банкроттық саласындағы уәкілетті органға.
      Банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»;
      162) 560-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.»;
      7-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) шет ел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған жеке тұлғаның тұрғылықты жері, оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан болса, - директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан орны;»;
      5) тармақшада:
      «резидент емес жеке тұлғаның» деген сөздер «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «резидент емес жеке тұлғаның» деген сөздер «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      163) 561-бапта:
      1-тармақта «енгізуді» деген сөз «, егер осы Кодекстің 562-бабы 6-тармағында өзгеше көзделмесе, енгізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшада «тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» деген сөздерден кейін «, шет ел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның тұрғылықты жері, оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан болса» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты акцияларды, қатысу үлестерін сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген жағдайда қолданылмайды;
      5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік сатып алушы осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - мүлік орналасқан жер бойынша. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген жағдайда қолданылмайды;»;
      7) тармақшада:
      «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      «тіркеу» деген сөз «орналасқан (түрғылықты, келу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) осы Кодекстің 191-бабы 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын, қызметін сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын - сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша;
      «7-2) осы Кодекстің 191-бабы 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, қызметін бірлескен қызмет туралы шарт арқылы жүзеге асыратын, - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық қызметінің органдары мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 191-бабы 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көзделген заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша уәкілетті органнан резидент еместің Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты акцияларды, қатысу үлестерін алғаны туралы мәліметтерді алған күннен үш жүмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
      164) 562-бапта:
      1-тармақта:
      «резидент емес заңды тұлға» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 191-бабының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «осы Кодекстің 191-бабына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1 -2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан болса, тиімді басқару орны Қазақстан Республикасы деп тану туралы шешім қабылдаған күннен күнтізбелік отыз күн орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
      1) құрылтай құжаттарының;
      2) резидент еместің мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетумен, инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;
      3) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың;
      4) директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      1-2. Шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан болса, орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берген жене Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 39-1-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
      Заңды тұлға тиімді басқару орындарын Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 563-бабында белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады.»;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы «жылжымайтын мүлік» және «жылжымайтын мүліктің» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші абзацында:
      «8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент» деген сөздер «1, 5-тармақтарына сәйкес қызметі резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(орналасқан)» деген сөз «(тұрғылықты, келу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Резиденттен жасасқан, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес, оның қызметі тұрақты мекеме құруға алып келгенде, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабы 11-тармағына сәйкес айқындалған, қызметін жүзеге асыруын бастаған күннен бастап мәліметтерді алған күннен отыз күнтізбелік күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша салық органына мынадай:
      1) бірлескен қызмет туралы шарттың (келісімнің, келісімшарттың);
      2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
      3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация елінде мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
      4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация елінде салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.»;
      5-тармақтың бірінші абзацындағы «13» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 191-бабы 13-тармағына сәйкес оны Қазақстан Республикасының резиденті деп таныған күннен отыз күнтізбелік күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуі міндетті.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық лоне оларға теңестірілген өкілдік салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып өзінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді.»;
      165) 563-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша «ұлттық тізілімінің мәліметтері» деген сөздерден кейін «немесе шет ел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан болса, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің» деген сөздермен толықтырылсын:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 197-бабы S-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алғаны туралы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік немесе жергілікті органнан осындай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;»;
      6) тармақшадағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «(тұрғылықты)» деген сөз «(тұрғылықты, келу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      166) 564-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацта «тізілімдерінің» деген сөзден кейін «немесе оның салықтық өтініштің» деген сөздермен толықтырылсын;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының өзгеруі;»;
      6) тармақшада «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
      8) тармақшада «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      167) 570-баптың 1-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі. Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      168) 572-баптың 3-тармағында:
      бірінші абзац «құжаттарды беру журналына қолын қойғызып» деген сөздермен толықтырылсын;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      169) 574-баптың 6-тармағында:
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді. Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      үшінші және төртінші бөліктер алып тасталсын;
      170) 583-баптың 6-тармағының мәтіні қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік немесе жергілікті органдар акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын резидент емес тур алы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етуге міндетті.»;
      171) 586-бапта:
      1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген деректер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген деректермен салыстырылған жағдайда камералды бақылау осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.»;
      172) 587-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін немесе осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес ол бойынша түсініктемені табыс етуі танылады.»;
      үшінші бөліктің бірінші сөйлемінде «салық төлеуші» деген сөздерден кейін «(салық агенті)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;
      2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) ие толық атауын, оның тұрғылықты (орналасқан) жерін;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;
      4) камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;
      5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын жағдаяттарды;
      6) қоса берілген құжаттардың тізбесін қамтуы тиіс.
      Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда онда салық есептілігінен басқа мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.»;
      173) 595-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
      2) және 3) тармақшаларда «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармағындағы «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      174) 598-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама:
      1) қағаз тасығышта берілген кезде - анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен;
      2) электронды түрде берілген кезде - уәкілетті органның электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырылады.»;
      Бұл ретте қағаз тасығышта жасалған берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді. Мұндай журналдың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      175) 603-баптың 1-тармағындағы «599» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      176) 604-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде оның банктік шотына жүргізеді.»;
      177) 610-бапта:
      1 және 3-тармақтар «міндетті телемдер» деген сөздерден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта «төлемдердің» деген сөздерден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың бірінші абзацы «төлемдер» деген сөздерден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
      178) 613-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік
                етуін шектеу
      1. Салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді:
      1) салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген;
      2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ жүргізеді.
      2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді салық органы:
      1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған;
      2) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес негізгі құралы, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлкіне қатысты жүргізеді.
      Мыналар билік етуге шектеуге жатпайды:
      1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      2) электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
      3) сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын азық-түлік өнімі немесе шикізат.
      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - мұндай шешім шығарылған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегі сомасына;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы Кодекстің 93, 94-тарауларында белгіленген тәртіпте шағымданушы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарының, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері мен өсімпұлдарының сомасына қабылдайды.
      Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісін салық органында тіркеу бір нөмірде жүргізіледі.
      4. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке қол қойдырылып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы табыс етілуі тиіс.
      Мынадай:
      1) қол қоюға жеке табыс етілген кезде - салық төлеуші шешімге қол қойған күн;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген кезде - почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күн;
      3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тартуы немесе орналасқан орны бойынша болмауы себепті табыс ету мүмкін болмаған кезде - осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеу күні салық төлеушіге мұндай шешімнің берілген күні болып есептеледі.
      5. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқық немесе о л бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданған жағдайда салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін осы тармақта көрсетілген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
      6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.
      Билік етуі шектелген мүлік тізімдемем мүлік тізімдемесі актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес келтірілген бағалау туралы есепте анықталған құн нарықтық құн болып табылады.
      7. Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлкіне меншік және (немесе) шаруашылық ету құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттың көшірмелері тізімдеме актісіне қоса беріледі.
      Салық төлеуші (салық агенті) осы тармақта көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімді шығарған салық органы уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай салық төлеушінің (салық агентінің) меншік және (немесе) шаруашылық ету құқығында 5-бапта көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Осы тармақта көрсетілген сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдардың жауаптарының көшірмелері тізімдеме актісіне қоса беріледі.
      Билік етуі щектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды тұлғасы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етіледі.
      8. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Осы талаптарды сақтамаған кезде салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша нақты шеккен шығындарды аукционды ұйымдастырушыға етеуге міндетті.
      9. Салық берешегі өтелмеген жэне екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.
      10. Салық органы мынадай жағдайларда:
      1) салық төлеуші (салық агеяті) салық берешегі сомасын өтеген - осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметі органы шешім шығарған немесе салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешімінің шағымдалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне өз шағымдарын қайтарып алған жағдайда - осындай шағым қайтарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.
      11. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде осындай күшін жою туралы шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уэкілетті органдарға жібереді.»;
      179) 615-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;
      «Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе байланыс және телекоммуникация арналары арқылы электронды түрде жібереді. Инкассалық өкім электронды түрде жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.»;
      180) 629-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) резидент еместің салықтық өтініштің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру;»;
      181) мынадай мазмұндағы 635-1-баппен толықтырылсын:
      «635-1-бап. Резидент еместің салықтық өтініштің негізінде
                  бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс
                  салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін
                  тақырыптық тексеруін жүргізу тәртібі
      1. Резидент еместің салықтық өтініштің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде өтініш берген резидент еместің табысынан төлем кезінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.
      2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізуді резидент еместің салықтық өтініштің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауы міндетті.
      3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан тексереді:
      1) салық агентінің резидент еместің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді толық орындауын;
      2) осы Кодекстің 607-бабына немесе халықаралық келісімге сәйкес тұрақты мекеме құруын;
      3) өтініш беруші резидент еместі Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу және ұлттық тізілімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе осы Кодекстің 562-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін;
      4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дұрыстығын;
      5) шартты банк салымы туралы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын резидент емес осындай шартты жасасқан жағдайда тексереді.
      182) 656-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары, осы Кодекстің 89-тарауында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берген мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылы табыс ету мәселелері бойынша тексеру түрінде жүзеге асырылады.
      Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтар мен жер салығы бойынша берген мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылы табыс ету мәселелері бойынша тексеру түрінде жүзеге асырылады.»;
      екінші бөліктің бірінші абзацында «бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша» деген сөздер «және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - уәкілетті мемлекеттік органдар)» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру түріндегі бақылау жарты жылда бір реттен артық емес жүзеге асырылады.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) тексеруді жүзеге асыруға тартылатын басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
      1-тармақтың бірінші бөлігінде «төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
      9-тармақта «бюджет» деген сөзден кейін «, сондай-ақ салық органдарына мәліметтерді дұрыс және уақтылы табыс етуі» деген сөздермен толықтырылсын;
      183) 667-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық төлеуші (салық агенті) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж. № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, -құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 50-бапта:
      6-1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы твртінші абзацпен толықтырылсын:
      «өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазымдағы адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;»;
      екінші бөлікте:
      «тармақта» деген сөздерден кейін «осы баптың 6-тармағы д) тармақшасы» деген сөздермен толықтырылсын;
      «уэкілетті орган» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын»;
      7-1-тармақта «Анықтамалар» деген сөз «Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 51-баптың 1-тармағында:
      екінші бөлігіндегі «, салық және (немесе) кеден органдарының бірінші басшысы қол қойып, мөрімен куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Бұл ретте салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері электронды байланыс және телекоммуникация арналары арқылы қағаз тасығышта немесе электрондық түрде банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
      Қағаз тасығышта жіберілетін өкімге салық және (немесе) кеден органдарының бірінші басшысы қол қойып және мөрімен куәландыруы тиіс.
      Электронды түрде жіберілетін өкім салық және бюджетке теленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген форматтарға сэйкес қалыптастырады.».
      4. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23,.114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат):
      22-баптың 4-1-тармағында:
      1) тармақшада «төлейтін» деген сөз «төленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оны филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.».
      5. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.».
      6. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
      2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережесі салық заңнамасына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимінен басқа, біржолғы талон мен салық салудың арнаулы салық режимін және өзге салық салу режимдерін бір мезгілде қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.».
      7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, 2010 жылғы 17 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 1-бапта «2010 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «2011 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 1-2-баппен толықтырылсын:
      «1-2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабына сәйкес топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын немесе топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін қалыптастыратын 2008 жыл ішінде жүргізілген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабында белгіленген тәртіппен 2009 жылдың басына тіркелген активтердің топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтады немесе қалыптастырады деп белгіленсін;
      3) 4, 5, 6 және 7-баптар алып тасталсын;
      4) 16-бап алып тасталсын;
      5) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
      «19-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының және 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.»;
      6) 20-1-бап алып тасталсын;
      7) 22-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) корпоративтік табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілігінде көрініс табуы тиіс мәліметтер.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      8) 23-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуларына жататын (алған), осы баптың 3-тармағында көрсетілген табыстарға 20 пайыз ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс»;
      9) мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2, 27-3 және 27-4-баптармен толықтырылсын:
      «27-1-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде бұл тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 570-бабы 5, 6-тармақтарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      «5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды салық органы үш жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда жүргізеді:
      1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде;
      2) қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе атауы өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде;
      3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде.
      Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті салық төлеуші 2012 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органына табыс етуі тиіс.
      6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 5-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші салықтық өтінішке таңдауы бойынша мына құжаттардың бірін қоса береді:
      1) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі - оның түпнұсқасын көрсету шартында.
      Сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Кодекске сәйкес сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатты ауыстыру не қайта ресімдеу үшін сол салық органына табыс еткен жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке қоса берілмейді.
      Жаңа қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік берілген кезде бұрын салық органы берген куәлік бланкісі салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.
      27-2-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 572-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      «572-бап. Электронды салық төлеушіні тіркеу есебіне қою
      1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта және салық төлеуші ретінде салық органында тіркеуден еткеннен кейін жүргізіледі.
      2. Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші орналасқан немесе тұрғылықты орны бойынша салық органына бару тәртібінде электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш ұсынады.
      Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.
      3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) салық төлеушіге электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті береді;
      2) салық төлеушімен электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасасады.
      4. Электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      5. Электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімде сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген салық төлеушілер осындай келісімді осы тармақта белгіленген тәртіппен 2012 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей қайта ресімдеуге міндетті.
      Мұндай келісімді қайта ресімдеуді салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органы электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бұл ретте егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық өтінішке таңдауы бойынша мына құжаттардың бірін қоса береді:
      1) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі - оның түпнұсқасын көрсету шартында.
      Сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Кодекске сәйкес сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатты ауыстыру не қайта ресімдеу үшін сол салық органына табыс еткен жағдайда электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді қайта ресімдеу үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке қоса берілмейді.
      Қайта ресімделген электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді алған кезде бұрын салық органымен жасасқан келісім салық төлеуші аталған келісімді жоғалтқан жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.
      27-3-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 575-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      «575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық
                төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру
      1. Тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтері өзгерген кезде салық төлеуші өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына осы Кодекстің 574-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті беруге міндетті.
      2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген);
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтері өзгерген;
      3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда жүргізеді.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайда тіркеу карточкасын ауыстыру кезінде салық төлеуші салықтық өтінішті салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына 2012 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей табыс етуі тиіс.
      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші салықтық өтінішке таңдауы бойынша мына құжаттардың бірін қоса береді:
      1) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі - оның түпнұсқасын көрсету шартында.
      Сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Кодекске сәйкес сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатты ауыстыру не қайта ресімдеу үшін сол салық органына табыс еткен жағдайда тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке қоса берілмейді.
      Жаңа тіркеу карточкасын алған кезде бұрын салық органы берген тіркеу карточкасының бланкісін салық төлеуші жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтаруға жатады.
      27-4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 647-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      «647-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне
                өзгерістер енгізу
      1. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде салық төлеуші бақылау-касса машинасын есепке қою орны бойынша салық органына:
      1) өзгерген мәліметтерді көрсете отырып, салық органына бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті;
      2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын беруге міндетті.
      2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды бақылау-касса машинасын есепке қою орны бойынша салық органы:
      1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайда тіркеу карточкасын ауыстыру кезінде салық төлеуші салықтық өтінішті бақылау-касса машинасын есепке қою орны бойынша салық органына 2012 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей табыс етуі тиіс.
      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық өтінішке таңдауы бойынша мына құжаттардың бірін қоса береді:
      1) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі - оның түпнұсқасын көрсету шартында.
      Сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Кодекске сәйкес сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатты ауыстыру не қайта ресімдеу үшін сол салық органына табыс еткен жағдайда бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке қоса берілмейді.
      Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасын берген кезде бұрын салық органы берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын салық төлеуші жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, оны салық органына қайтару тиіс.».
      8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 100-құжат):
      2-бапта:
      2) тармақшада «95)-101) тармақшаларын,» деген сөздерден кейін «103) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада «103),» деген цифрлар «103) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын,» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеуші 2010 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
      Бұл ретте бұдан бұрын табыс етілген жылдық қаржылық есептілік түзетілген жағдайда корпоративтік табыс салығын төлеуші түзетілген жылдық қаржылық есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына осындай түзету күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде табыс етеді.
      3-бап. Осы Заң мыналарды:
      1) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін 1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының қырық бесінші абзацын;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының, 22), 89), 101), 104), 107), 108), 144) тармақшаларын, 7-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацын, 8-тармағының үшінші абзацын;
      3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 112) тармақшасының сегізінші абзацын, 116) тармақшасының алтыншы абзацын, 119) тармақшасын, 120) тармақшасының екінші абзацын, 123) тармақшасының оныншы абзацын, 124) тармақшасының алтыншы абзацын, 126), 127) тармақшаларын, 128) тармақшасының үшінші абзацын, 129), 140), 182) тармақшаларын, 8-тармағының төртінші абзацын;
      4) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасын;
      5) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 16) тармақшасын, 149), 151), 152, 153) тармақшаларын;
      6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін 1-баптың 6-тармағын, 7-тармағының 8) тармақшасын қоспағанда, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады