"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 1067 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               K. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
      1) кіріспедегі:
      «жүзеге асыруы» деген сөздер «қалыптастыруы және іске асыруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақша «мәдениет» деген сөзден кейін «; қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы «әлеуметтік бағдармаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «әлеуетті өнім берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - шарт бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйым;»;
      мынадай мазмұндағы 10), 11)және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орталық және жергілікті деңгейлерде іске асыру туралы ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу;
      11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
      12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
              әлеуметтік тапсырыс саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органды айқындайды;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды»;
      3) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті
                органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік орган жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат енгізеді.
      4-2-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы
               мемлекеттік органдардың құзыреті
      Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады.»;
      5) 5-баптың 13) тармақшасы «келісімді» деген сөзден кейін «және ұлттық бірлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 6-бапта:
      1-тармақтағы «әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ «бағалануын» деген сөзден кейін «уәкілетті орган, тапсырыс беруші, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13, 14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2, 3, 21-құжат; № 9, 10, 47, 49-құжаттар; № 15, 16, 74-құжат; № 17, 78-82-құжаттар; № 24, 129-133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негізінде» деген сөздерден кейін «мемлекеттік және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады