Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2110 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 107 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының делегациясын Ханой қаласына (Вьетнам Социалистік Республикасы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2110 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың екінші абзацындағы «26» деген сандар «24» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      «Сыртқы істер министрлігі» деген сөздерден кейін «Марат Рахметтоллаұлы Сәрсембаевты қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Майндағы Франкфурт - Астана» деген сөздер «Алматы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      Ханой қаласына (Вьетнам Социалистік Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Астана қаласы әкімдігінің «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары Марат Рахметтоллаұлы Сәрсембаев енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Ерлан Ермекұлы Каналимов, София Серікбайқызы Айсағалиева, Әсел Жолдасқызы Ысмайылова шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады