"Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 10 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде азаматтық талап қылмыстық қудалау органына қылмыстың жасалуы туралы арызбен қоса, сондай-ақ қылмыстық процестің келесі сатыларында да, бірақ сот тергеуі басталғанға дейін берілуі мүмкін. Егер азаматтық талап берiлмесе, онда сот ҚІЖК-нің 371-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағына сәйкес, қылмыс нәтижесінде келтірілген мүлiктiк зиянның өтелуге жататынын/жатпайтынын үкім шығарған кезде талқылауға міндетті. Аталған мәселе оң шешімін тапқан кезде сот ҚІЖК-нің 169-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде берілсе, талап арызды қанағаттандыруға жәбірленушінің құқығын таниды.";

      2) 27-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Егер мүліктік зиян аса ауыр қылмыс жасау нәтижесінде келтірілсе және сотталғанда оны өтеу үшін жеткілікті мүлік болмаса, үкім шығарған сот жәбірленушінің немесе оның құқықтық мирасқорының өтініші бойынша ҚІЖК-нің 75-бабының жетінші бөлігіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, ақшалай өтемақыны төлеу туралы қаулы шығаруға тиіс. Соттың аталған қаулысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте еріксіз орындалуға жатады.";

      3) 30-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Осы орайда қылмыстық істі қарайтын сот азаматтық талапкердің азаматтық талапты қанағаттандыруға құқығын мойындай отырып, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жататын мәселелерді алдын ала анықтап, олар бойынша тұжырымдарды үкімде көрсетуге құқылы емес.";

      4) 35-тармақтың бірінші абзацындағы "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы сот үкімнің азаматтық талап бөлігіндегі заңдылығын тексере отырып, ҚІЖК-нің 411-1-бабында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға құқылы. Бұл ретте, азаматтық талап заңсыз қаралмай қалған жағдайда, үкім азаматтық талап бөлігінде жаңадан қарауға жіберіле отырып, күшін жоюға жатады. Осындай шешім үкімнің қарар бөлімінде көрсетілген жағдайда ғана емес, сонымен бірге сот талап арызды зерттемеген, берілген азаматтық талап бойынша талапкер мен жауапкерден жауап алмаған, үкімде азаматтық талап жөнінде ешқандай тұжырым жасамаған және қарар бөлімінде азаматтық талап бойынша шешімін мүлде көрсетпеген жағдайларда да бірінші сатыдағы сот азаматтық талапты қараусыз қалдырған деп тану керек.";

      6) 39-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ҚІЖК-нің 575, 576-баптарына сәйкес, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім азаматтық талап бөлігінде қадағалау тәртібінде ғана қайта қаралуы мүмкін, бұл ретте ҚІЖК-нің 577-бабына сәйкес, сотталғанның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады