"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1105 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 6-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «негізінде» деген сөзден кейін «және Жоғарғы Сот Төрағасымен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «соттың» деген сөздің алдынан «аудандық» деген сөзбен толықтырылсын;
      3) 10-бапта:
      1-тармақтағы «уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші беліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «негізінде» деген сөзден кейін «және Жоғарғы Сот Төрағасымен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 12-баптың 4) тармақшасындағы «облыс соттарының әкімшісі» деген сөздер «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «сот» деген сөз «облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 16-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшада «облыс соттарының әкімшісі» сөздер «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;»;
      7) тармақша «аудандық» деген сөздің алдынан «облыстық соттың судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы «облыс соттары әкімшісін» деген сөздер «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-1) тармақшадағы «бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазасы бар» деген сөздер «бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 20-бапта:
      1-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;
      9-2) уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 6) тармақшасы «судьяларды» деген сөзден кейін «және уәкілетті органның қызметкерлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 22-баптың 7-1) тармақшасындағы «заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар» деген сөздер «заңдылықты бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 29-бапта:
      2-тармақ «судьялық жұмыс стажы бар» деген сөздерден кейін «және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ «судьялық жұмыс стажы бар» деген сөздерден кейін «және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 29-1-баптың 2-тармағындағы «жергілікті және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «Жоғарғы Сотты, жергілікті және басқа соттарды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 35-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі «беделі,» деген сөзден кейін «кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Судьяның орнынан түсуі:
      ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;
      өз тілегі бойынша;
      Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;
      ол қайтыс болғанда немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде тоқтатылады.
      Судья кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесінің құрамына кірген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрған жағдайда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.
      Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
      Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.»;
      12) 38-баптың бірінші бөлігіндегі «Судьяларға біліктілік сыныптарын беру,» деген сөздер алып тасталсын;
      13) 40-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      14) 48-бап алып тасталсын;
      15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және
               материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Тиісті мемлекеттік орган мен облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы соттардың кеңселері уәкілетті органның бірыңғай жүйесін құрайды.
      3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережемен айқындалады.
      4. Уәкілетті органның құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Жоғарғы Сот Төрағасы бекітеді.
      5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттеледі.».

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады