Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № ю, 102-құжат; 2003 ж., № 1-3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; 2010 жылғы 2 шілдедегі № 268-270 (26115); 3 шілдедегі № 271-278 (26122) «Егемен Қазақстан»):
183-баптың бірінші бөлігі «талап қою,» деген сөздерден кейін «тараптардың медиация туралы шарт жасасуы,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
67-бапта:
бірінші бөлік «татуласса» деген сөзден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «татуласса» деген сөзден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 24 (2553), 127-құжат):
1) 34-баптың бірінші бөлігі «104-бабында (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «112-бабында,» деген сөздермен, «144-бабында (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «155-бабында (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен, «176-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «182-бабында (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 38-баптың бірінші бөлігіндегі «67-бабында» деген сөздер «67-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 82-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «жатпайды.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, оларға медиация барысында белгілі болған мән-жайлар туралы - медиацияға қатысушылар (медиатор, тараптар, олардың өкілдері) жатпайды.»;
4) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:
«88-1-бап. Медиатор
1. Тараптар арасында кәсіпқой және кәсіпқой емес негізде медиацияны жүзеге асыратын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.
2. Медиатор:
1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
2) медиацияға қатысушы тараптар туралы деректермен танысуға;
3) қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей тараптармен, оның ішінде тергеуде жатқандармен кездесуге құқылы.»;
5) 269-баптың бірінші бөлігіндегі «37 және 38-баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы» деген сөздер «38-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы, ал осы Кодекстің 37-бабында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша қылмыстық істі тоқтатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 391-баптың бесінші бөлігінде:
бірінші сөйлем «бітімге келу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен бітімге келу» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «өтініш» деген сөзден кейін «немесе жанжалды реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж. № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14 (2519), 56-құжат; № 15-16 (2521), 62-құжат):
1) 49-бапта:
тақырыбы «келісім» деген сөзден кейін «, жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлігіндегі «аяқтай алады, оған» деген сөздер «немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 53-бап «келісімін» деген сөзден кейін «және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 55-баптың бесінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 56-баптың екінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 61-баптың екінші бөлігі «істі аралық сотқа беруді» деген сөздерден кейін «не медиаңия жүргізу туралы келісім жасасуды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 79-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, оларға медиация барысында белгілі болған мән-жайлар туралы - медиацияға қатысушылар (медиатор, тараптар, олардың өкілдері);»;
7) 106-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «қайтарылған» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) медиация жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жасалған»;
8) 113-баптың екінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 153-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «келісімін» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 170-баптың 4) тармақшасы «жүгіну» деген сөзден кейін «не жанжалды медиация тәртібімен шешу» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 185-бап «жүгіну» деген сөзден кейін «не жанжалды медиация тәртібімен шешу» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 192-бап «беруді» деген сөзден кейін «не жанжалды медиация тәртібімен шешуді» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 193-бапта:
тақырыбы «келісімі» деген сөзден кейін «, жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлем «бітімгершілік келісімінің» деген сөздерден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «немесе» деген шылау «,» белгісімен ауыстырылып, «тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздерден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздерден кейін «, жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «немесе» деген шылау «,» белгісімен ауыстырылып, «келісімін» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «бітімгершілік келісімінің» деген сөздерден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 240-баптың төртінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 242-баптың 6) тармақшасындағы «жасаған» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тараптар медиация жүргізу туралы келісім жасасқан»;
16) 244-баптың 5) тармақшасындағы «тоқтатыла тұрады.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 242-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - медиация тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады»;
17) 247-бапта:
2) тармақша «келісімін» деген сөзден кейін «және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
«4-1) тараптар жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе;»;
18) 342-бапта:
бірінші бөліктегі «немесе» деген шылау «,» белгісімен ауыстырылып, «келісімі» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «бітім келісімін» деген сөздерден кейін «және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 383-11-бапта:
бірінші бөліктегі «бас тартуы» деген сөзден кейінгі «немесе» деген шылау «,» белгісімен ауыстырылсын, «келісімі» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «немесе» деген шылау «,» белгісімен ауыстырылсын, «келісімін» деген сөзден кейін «немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3,7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 87-3-баппен толықтырылсын:
«87-3-бап. Медиация процесінің барысында белгілі болған
мәліметтерді медиацияға қатысушылардың жария етуі
Медиация процесінің барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз медиацияға қатысушылардың жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса,
- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «86-1,» деген сандардан кейін «87-3,» деген сандармен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
35-баптың бірінші тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті