Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 115 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 553 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына

      Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет

      Марат Бақытжанұлы вице-министрі

      енгізілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады