Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1220 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.14 № 134 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдың «2010» деген бағанындағы «538698» деген сандар «544708» деген сандармен ауыстырылсын;
      022 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасында:
      «2010» деген бағанда:
      «Арнайы экономикалық аймақтың аумағын күзету» деген жолдағы «47000» деген сандар «12000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «68092» деген сандар «33092» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасында:
      «жылу-энергетика» деген сөздер «газ тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдың «2010» деген бағанындағы «6820833» деген сандар «12120833» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлімде «2010» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың барлығы» деген жолдағы «7916689» деген сандар «13187699» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «697050» деген сандар «668060» деген сандармен ауыстырылсын;
      001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген жолдағы «538698» деген сандар «544708» деген сандармен ауыстырылсын;
      022 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген жолдағы «68092» деген сандар «33092» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары деген жолдағы «7219639» деген сандар «12519639» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолда:
      «жылу-энергетика» деген сөздер «газ тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «6820833» деген сандар «12120833» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады