Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 1233 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3557263 (үш миллион бес жүз елу жеті мың екі жүз алпыс үш) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1233 қаулысына  
қосымша       

Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі 

Р/с №

Сот органының атауы және шешім шығарылған күн

Талапкер

Мемлекет кірісіне алынатын мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге)

Мемлекет кірісіне алынатын мемлекеттік баж (теңге)

1

2

3

4

5

1

Ақтөбе қаласы сотының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы шешімі, Ақтөбе облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 5 тамыздағы қаулысы

Н.Н. Доценко

1000000


2

Солтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 2 желтоқсандағы шешімі, Солтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 4 ақпандағы қаулысы, Солтүстік Қазақстан облыстық соты қадағалау алқасының 2009 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысы

«Рубеж» ЖШС

2409300


3

Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2009 жылғы 26 мамырдағы шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 8 шілдедегі қаулысы, Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотының 2009 жылғы 9 қазандағы шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотының 2010 жылғы 28 мамырдағы ұйғарымы

Г.К. Закиров

2010 жылғы 1 шілдеден бастап 2010 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңге - 36951


4

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 8 наурыздағы ұйғарымы, Алматы қалалық соты қадағалау алқасының 2004 жылғы 23 ақпандағы қаулысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 14 қыркүйектегі ұйғарымы

Е.И. Пак

2010 жылғы шілдеден бастап қыркүйекті қоса алғандағы кезеңге - 17280


5

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегі шешімі, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2005 жылғы 16 ақпандағы ұйғарымы, Астана қаласы қадағалау алқасының 2005 жылғы 30 маусымдағы қаулысы

Ф.М. Кәрімов

2010 жылғы шілдеден бастап қыркүйекті қоса алғандағы кезеңге - 93732


Жиыны:                                 3557263

Жалпы сомасы:                          3557263

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады