Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысымен бекітілген |
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2017 № 143 (01.05.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген әуе көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
2. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген темір жол көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
3. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген ішкі су көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
4. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген теңіз көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
5. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өзі қозғалатын суасты снарядтарын (торпедаларын) және кеме гидравликасының жабдықтарын (бұйымдарын) жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.