Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
2-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ЕДБ-нің филиалдық желісі мен өзге де қаржы ұйымдары арқылы орналастырылатын «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - «ДАМУ» КДҚ) қаражат бөлетін болады, бұл ретте «ДАМУ» КДҚ мен ЕДБ арасында жасалған шарттар бойынша «ДАМУ» КДҚ-ның ЕДБ-ге қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы оның міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Даму» КДҚ» АҚ арасында орналастырылатын ақша құралдарын ЕДБ-ның игеруі мен мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыру жөнінде қызметтерді «ДАМУ» КДҚ-ға қалдыруды көздейтін талап ету құқықтарын қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт (цессия) жасасу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пайдасына берілуі мүмкін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру бойынша ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
«Шағын және (немесе) орта бизнестің жобаларына тұрақты кредит беруді одан әрі қамтамасыз ету» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 5-жолдағы «5» деген сан «5*» деген санмен ауыстырылсын;
ескертпенің алдынан мынадай мазмұндағы * сілтемемен толықтырылсын:
«* - «Даму» КДҚ» АҚ-ның «Даму» КДҚ» АҚ және ЕДБ арасында жасалған шарттар бойынша ЕДБ-ға қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Даму» КДҚ» АҚ арасында қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт жасасу жолымен (цессия) оның «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - пайдасына берілуі мүмкін.»;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«IV. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда «беріледі» деген сөзден кейін «бұл ретте «Даму» КДҚ мен ЕДБ арасындағы жасалған шарттар бойынша «Даму» КДҚ-ның ЕДБ-ге қоятын талап ету құқықтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы оның міндеттемелері бойынша қайта табыстау ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ДАМУ» КДҚ» АҚ арасында орналастырылатын ақша қаражатын ЕДБ-ның игеруі мен мақсатты пайдалануының мониторингін жүзеге асыру жөнінде қызметтерді «Даму» КДҚ» АҚ-ға қалдыруды көздейтін талап ету құқықтарын қайта табыстау және беру туралы тиісті шарт (цессия) жасасу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның пайдасына берілуі мүмкін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов