Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 59-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «зауыттан», «Зауыт», «Зауыттардың», «Зауыттар», «зауытқа», «зауыт» деген сөздер тиісінше «өндірушіден», «Өндіруші», «Өндірушілердің», «Өндірушілер», «өндірушіге», «өндіруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «отандық тыңайтқыш өндіруші зауыттар (бұдан әрі - зауыт)» деген сөздер «отандық тыңайтқыш өндірушілер (бұдан әрі - өндіруші)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «(бұдан әрі - өнім беруші)» деген сөздерден кейін «және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден (бұдан әрі - шетелдік тыңайтқыш өндірушілер)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«өнім берушіден» деген сөзден кейін «және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтері және АШТӨ өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтері тыңайтқыштардың 50 %-ға дейінгі құнын құрауы тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар тыңайтқыш сатушылар болып табылады:
өндіруші - Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Өндірушілердің тізбесін Министрліктің сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкілетті орган береді;
өнім беруші - Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тыңайтқыш түрлерін сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті.»;
7-тармақ «аудандар» деген сөзден кейін «(облыстық маңыздағы қалалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арзандатылған тыңайтқыштар алуға және шығындарды өтеуге тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал облыстық маңызы бар қалада, Астана қаласында - қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден ағымдағы жылы немесе алдыңғы жылғы IV тоқсанда сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді;»;
11-тармақта:
бесінші абзацта:
«және (немесе) өнім берушіден» деген сөздерден кейін «және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
«және өнім берушіден» деген сөздерден кейін «және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта:
(тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін) деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«кедендік жүк декларациясының, тауар-көліктік жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшірмелерін (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы IV тоқсанда және ағымдағы жылы шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған АШТӨ үшін) ұсынады.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі «аудан» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтағы «Аудан (Астана қаласы)» деген сөздер «Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «аудан (Астана қаласы)» деген сөздер «аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші, төртінші абзацтары «өнім берушіден» деген сөздерден кейін «және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші, екінші абзацтары «өнім берушіден» деген сөздерден кейін «және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
23-тармақтың бірінші бөлігі «Қандай да бір аудан» деген сөздерден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 141-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
7-тармақтағы «(Астана қаласының)» деген сөздер «(облыстық маңызы бар қаланың және Астана қаласының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ «аудандар» деген сөзден кейін «, облыстық маңызы бар қалалар» деген сөздермен толықтырылсын;
13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен тиісінше аудан (облыстық маңызы бар қала және Астана қаласы әкімдігінің), ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
14. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.»;
16-тармақтың үшінші абзацы «сәйкестендіру» деген сөзден кейін «және (немесе) құқық белгілейтін» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «ауданға (Астана қаласына)» деген сөздер «ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы «Аудан (Астана қаласының)» деген сөздер «Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақ «аудан» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақтағы «аудан әкімдері (Астана қаласының әкімі)» деген сөздер «аудан (облыстық маңызы бар қалалар, Астана қаласы) әкімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
32, 33-тармақтардағы «(Астана қаласы)» деген сөздер «(облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақ «Қандай да бір аудан» деген сөздерден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
реттік нөмірі 13-жолдың 3-бағанында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
Ережеге 4, 5 және 6-қосымшаларда оң жақ жоғары бұрыштағы «(Астана қаласының)» деген сөздер «(облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 890 қаулысына
1-қосымша
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы
бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесіне
1-қосымша
Өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне)
арналған субсидиялардың нормативтері
Р/с |
Өнімнің түрі |
Тыңайтқыштардың 1 тоннасының/литрінің құнын арзандату пайызы, дейін |
Өткізілген тыңайтқыштардың 1 тоннасына/литріне арналған субсидиялардың нормативі, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N-34,4) |
50 |
21 750 |
2 |
Аммофос(N-10; Р-46) |
50 |
35 000 |
3 |
«Б» маркалы МЭРС |
50 |
17 500 |
4 |
Аммоний сульфаты (N-21) |
50 |
4 500 |
5 |
Жай суперфосфат (Р-19) |
50 |
18 250 |
6 |
Сульфоаммофос (Р-20: N-20: S-40) |
50 |
27 500 |
7 |
Хлорлы калий (Калимаг түрінде) (КСL-65, К2O-42, Мg; Na; Са) |
50 |
26 500 |
8 |
Калий сульфаты (К-53) |
50 |
65 000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 890 қаулысына
2-қосымша
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы
бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесіне
2-қосымша
АШТӨ өнім берушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш
өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған
субсидиялардың нормативтері
Р/с |
Өнімнің түрі |
Тыңайтқыштардың 1 тоннасын сатып алуға жұмсалған АШТӨ шығынын өтеу пайызы, дейін |
АШТӨ сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялардың нормативі, теңге |
1 |
Карбамид (N-46,2; N-46,3; N-46,4) |
50 |
23 000 |
2 |
Нитроаммофоска (N-15: Р-15: К-15: N-16: Р-16: К-16) |
50 |
33 000 |
3 |
Нитроаммофоска (N-13: Р-19; К-19) |
50 |
35 000 |
4 |
Нитроаммофоска (N-9: Р-25: К-25) |
50 |
37 000 |
5 |
Аммоний сульфаты (N-21) |
50 |
4 500 |
6 |
Калий сульфаты (К-50) |
50 |
50 000 |
7 |
Хлорлы калий (К-42) |
50 |
25 000 |
8 |
Хлорлы калий (К-60) |
50 |
34 000 |