Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысындағы «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына 30 (отыз) бас түркімен құланын жерсіндіруге рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1) «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан 30 (отыз) бас түркімен құланын жерсіндіру мақсатында тірідей аулауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
2) түркімен құландарын жерсіндіру жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов