Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1254 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 мекенжайында орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының сыртқы инженерлік желілері (бұдан әрі - сыртқы желілер) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген сыртқы желілерді қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1254 қаулысына  
қосымша       

«Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының сыртқы инженерлік
желілерінің тізбесі

Р/с №

Атауы

Теңгерімдік құны, теңге

Тозуы, теңге

Қалдық құны, теңге

1.

Сумен жабдықтау желілері

102 226 987,00

6 900 321,63

95 326 665,37

2.

Кәріз желілері

39 011 796,00

2 633 296,23

36 378 499,77

3.

Нөсер кәрізі

55 488 510,00

3 745 474,45

51 743 035,55

4.

Жылу желілері

18 265 179,00

1 202 457,63

17 062 721,37

5.

К-1 шаруашылық-тұрмыстық тегеурінді кәріздің сорғы станциясы

238 723 819,00

20 888 334,18

217 835 484,82

6.

К-2 нөсер кәрізінің сорғы станциясы

406 593 398,00

35 576 922,36

371 016 475,64

7.

РП-83, РП-84 (РУ-10 кВ бөлу құрылғысы) шағын бөлу станциялары

236 930 986,00

18 757 036,39

218 173 949,61

8.

Кәбілдік арнадағы кәбіл тораптарының КЛ-10 кВ электрмен жабдықтау желілері

149 232 713,00

9 824 486,94

139 408 226,06


Жиыны:

1 246 473 388,00

99 528 329,81

1 146 945 058,19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады